"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


МИЯ ӨСІМДІГІНІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет173/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   372
 
МИЯ ӨСІМДІГІНІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ 
 
Қонысбай А.Қ. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
Didar_09.92@mail.ru
 
 
Қазақстанның дəрілік өсімдіктері – Республикамыздың ұлттық байлығы. Бүгінгі таңда 12 мың 
дəрілік өсімдік белгілі. Табиғи  флорамыздың 6000-ға  жуық өсімдік түрінің 500-і шипалық қасиетке, 
100-і  медицина  саласында  аса  қажетті  биологиялық  белсенді  қосылыстарға  ие  болып  табылады.  
Дəрілік  өсімдіктер   (лат. Plantae  medicinalis),  шипалы өсімдіктер –    медицинада    емдеу  жəне  алдын 
алу  мақсатында  қолданылады.    Дəрілік  өсімдіктердің  емдік  қасиеті  олардың  құрамында  стероид,  
тритерпен,    алкалоид  пен  гликозидтердің,  витаминдердің,  эфир майларымен  тұтқыр  заттар  сияқты 
түрлі химиялық  қосылыстардың  болуына байланысты. Осы дəрілік өсімдіктердің бірі мия өсімдігі 
болып  табылады.  Мия (Glycyrrhіza)  – бұршақ  тұқымдасына жататын  көпжылдық  шөптесін  өсімдік. 
Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры 
жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тəрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін 
түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. 
Қызыл  мия  жəне  миятамыр  деген  түрлерінің  тамырында  гликозид,  ликвиритин,  глиццирризин, 
сахароза, эфир майы, фруктоза, глюкоза, полисахарид, шайырлар, фенолкарбон қышқылы,  органик. 
қышқылдар,  минерал  тұздары  бар.  Сондықтан  мия  өсімдігі  медицнада  кеңіне  қолданылады.  Мия 
өсімдігінің емдік қасиеттеріне тоқтала кетсек:  
1.  Мия тамырын көптеген басқа дəрілік шөптердің  препараттарына  емдік қасиетін жоғарлату 
үшін құрамына қосады.  
2.  Мия  өсімдіктерін  онкологиялық  ауруларды  емдеуде  маңызы  үлкен.  Ол  ісік  клеткаларының 
тез өсіп, көбеюін тежейді;  
3.  Қазіргі  кезде  медицинада  басқа  дəрілік  шөптік  өсімдіктермен  бірге  қосып  қолданады,  ол 
көптеген асқазан ауруларында: гастритте, асқазан жарасын емдеуде тиімді  қолданылып келеді;  


118 
 
4.  Терінің  аллергиялық  ауруларын  емдеуде  қолдануға  болады.  Оны   көптеген  күлдіреумен 
жəне  қышымамен  жіті  немесе  созылмалы  түрде  өтетін  тері ауруы  есекжемді  емдеуге  жəне  экзем, 
псариоз тəрізді жедел жəне созылмалы тері ауруларында емдік шипа ретінде пайдаланылады
Жалпы мия өсімдігі атам заманнан бері көптеген ауруларды емдеуге қолданылған. Қазіргі кезде 
технологиялардың  дамуының  арқасында  мия  өсімдігі  жан-жақты  зерттеліп,  медицинаның  көптеген 
салаларында қолданысқа ие. Тек медицина саласында ғана емес  атап айтсақ: мияның тамырынан тек 
дəрі  өндіріп  қана  қоймай,  егер  шырынын  сығып  алар  болса,  концерві  өнімдеріне,  косметикаға 
пайдаланалуға болады. Сондықтан қазіргі кезде  мия тамыры сұранысқа ие болып отыр.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Атаева Г.М. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет