"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


    КОМСТОК  СЫМЫРЫНЫҢ ЗИЯНЫ ЖӘНЕ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет31/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   372
 


23 
 
КОМСТОК  СЫМЫРЫНЫҢ ЗИЯНЫ ЖӘНЕ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ 
 
Губайдулаева  А. А. 
Қ. Жұбанов  атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
 
irinamol1234@mail.ru
  
 
Дүниежүзінің көптеген елдерінде соңғы жылдары жаңа карантинді нысандардың пайда болуы 
мен  таралуынан  фитосанитарлық  жағдай  күрт  нашарлаған.Ғалымдардың  дерегінше,  1993  жылы 
карантинді  тексеруден  3,4  мың  тонна  жүк  өтсе,  2014  жылы  бұл  көрсеткіш  7  млн.  тоннадан 
асқан. Сонымен қатар еліміз арқылы карантинді бақылауға жататын транзитті жүк тасымалданады. 
Міне  сондықтан  өсімдік  əлеміне    өз  кесірін  тигізетін  зиянкестерді  зерттеп,  анықтау  қазіргі 
таңда  өте  маңызды  жəне  өзекті.  Насекомдардың  ішінде  зиянкестер  ретінде  ерекше  орын 
алатындардың  бірі    теңқанаттылар  болып  табылады.Солардың  бірі  карантинді  обьекті  болып 
табылатын  түр Комсток сымыры (Pseudococcus Kuw comstoki).Теңқанаттылардың тұмсықты қатары 
бойынша  ТМД    территориясында      кең  таралған    карантиндік  зиянкестер  тобына  жатады.  Комсток 
сымырының  отаны  Шығыс    Азия-Жапония    жəне  Қытай  болып  табылады.  Тұңғыш  рет  зиянкеске 
сипаттама  берген    1902  жылы    жапондық  энтомологтар,      оның  атын  американдық  зоолог  
Комстоктың  есімімен  атауды  ұсынды.  Қазақстан  аумағында  XX  -  ғасырдың  екінші  жартысында 
келіп, ал оның салдарынан  республиканың басқа облыстарында да тіркелген. Комсток сымыры-кең  
таралған  полифаг,  300  астам    мəдени  жəне  жабайы    өсетін  өсімдік    түрлерінің  зиянкестері. 
Долананың, анардың жемістерін жаралайды. Жиі алмұрт, жүзімдер, картопта, алмада, шабдалыларда 
кездеседі.  Зиянкестер  бұтақтарда,жапырақтарда  үлкен  шоғыр  болып  орналасып,  олардың 
шырындарын 
сорады,сонымен 
қоса 
зат 
алмасу 
бұзады,фотосинтез 
процессін 
əлсіретеді,жапырақтардың 
сарғайып, 
түсу 
құбылысы 
байқалады,өсімдіктер 
біртіндеп 
əлсірейді.Зиянкестердің  таралуы  негізінен  жеміс-жидек,көкөніс  арқылы,  сонымен  қатар  олар 
жел,су,құстар  арқылы  да  таралады.  Комсток    сымырының    біздің  елімізге  енуінің    бастапқы 
жылдарынан-ақ жеміс дақылдарына  үлкен зиянын тигізді.Жиі ағаш діңдері қар секілді зиянкестердің 
шоғырымен  жабылған  болады.  Комсток    сымырына    қарсы  қолданылған  пестицидердің  ешқандай 
көмегі тимеді.Сымырдың басқа жаңа аймаққа  жылдам таралуы оның санының көптігімен жəне үлкен 
өсімталдығымен    байланысты.Бұл  мəліметтерге  қарап  зиянкестермен  күресте  онымен  қоректенетін  
жəндіктерді  қолдану  дұрыс  шешім  екенін  байқаймыз.Интродукциялық  жəне  акклиматизациялық 
жұмыстар нəтижесінде Комсток  сымырына  қарсы күресте бұл биологиялық қару негізгі екенін айта 
аламыз.Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының  аймақтарына  дейінгі  жерлерде  псевдофикус  өзінің 
йесімен  – Комсток           сымырымен бірге енген. Зиянкестердің таралуы болғанымен,аумақтарда 
Комсток  сымырының    мөлшері  мен  қарқыны    псевдофикустың  əсер  етуімен  қадағаланады. 
Паразиттің    зиянкестер  популяциясының  тығыздығын  белгілі  деңгейде  ұстауы  арқылы    Комсток 
сымырының зиянды əсерін қадағалауға болады.  
Ғылыми жетекші: аға оқытушы,магистр Молдекова И.Ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет