"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ТӘЛІМІ ЖЕР ЖАҒДАЙЫНДА МАҚСАРЫ



Pdf көрінісі
бет84/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   372
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ТӘЛІМІ ЖЕР ЖАҒДАЙЫНДА МАҚСАРЫ 
ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ  ШАРАЛАРДЫҢ ӘСЕРІ 
 
Нұрманова Т.  
Аймақтық Əлеуметтік-Инновациялық Университеті 
Biologiya_dsh@.mail.ru
  
 
Елімізде  өсімдік  шаруашылығы    саласының  алдында  қойылған  негізгі  міндеттердің  бірі  -  
халықты  жеткілікті    мөлшерде    өсімдік  майымен  қамтамасыз  ету.    Мақсары  дақылы    тəлімі 
егіншілікте  май  өндіру  мақсатында  өсірілетін  ең  қолайлы  өсімдік.      Жыл  сайын  бұл  дақылға  деген 
сұраныс  артып  келеді  жəне  дəлел  Оңтүстік  Қазақстан  облысында    егіс  көлемі    соңғы  жылдары  10 
есеге  артқан.  Мақсарының  оңтүстік  өңірде    «Нұрлан»,  «Ақмай»  жəне  «Иірқас»  сияқты      өндірісте 
қолдануға рұхсат етілген аудандастырылған сорттары бар. Кез-келген  дақылдың өнімділігі мен оның 
сапасына уақытылы жүргізілген агротехникалық шаралардың маңызы зор 
Осыған  байланысты  жаңа  шаруашылық  жүргізу  жағдайында  майлы  дақылдардың  ғылыми 
негізделген өсіру технологиясын жасау өзекті мəселелер қатарына жатады. Қалыптасқан ауа райының 
қолайсыз  жағдайларына  байланысты  екпе  дақылды  себу  мерзімінен  кешігу  нəтижесінде  орташа 


58 
 
өнімділік  деңгейі  4-5  ц/га  аспай  отыр.Сондықтан  мақсары  дақылын  өсірудің  тиімді 
агротехнологиялық жүйесін  жасау  бүгінгі күннің өзекті мəселесі.  
Егіс алқаптары күзде жыртылған жағдайда топырақты тырмалау жұмыстарын жүргізу  топырақ  
дегдісімен  сапалы,  уақытылы    орындалса,  танаптың  арамшөптерімен  ластану  дəрежесіне  қарай, 
қыстап  шығатын    немесе    қос  жарнақты  арамшөптерге  қарсы  10-12см  тереңдікте  қопсыту  тиімді 
агротехникалық тəсіл. 
Мақсары  дақылының  өнімділігіне  агротехникалық  əсерін  анықтау  мақсатында,  тұқымды  ерте 
көктемде  +4-6°С    жəне  топырақтың  тұқым  себу  қабатының  температуарсы  +8-10С  мерзімдерінде 
себу  жұмыстары  жүргізілді.  Тəжірибе  жұмыстарында  жүргізілген  агротехнологиялық  шаралар 
көрсеткендей  оңтүстіктің  тəлімі  жерлерінде  мақсарының  оңтайлы  себу  мерзімі  топырақтың  тұқым 
себу  қабаты,  8-10°С    сəуір    айының    бірінші  онкүндігіне  тура  келді.  Қолайлы  топырақ 
температурасының  нəтижесінде  осы  мезгілде  себілген  дақылдың  өскіні  10-12тəуліктен  кейін  пайда 
болды.  Демек,  мақсарыдан  куатты  жəне  жаппай  өскін  алу  үшін  оны  қолайлы  температурада 
жылынған  топыраққа  себу  қажет.  Зерттеу  жұмыстарындағы  алынған  нəтижелер  көрсеткендей,  ең 
жоғарғы өнім дақылды сəуір айының  бірінші онкүндігінде еккен нұсқадан орташа 22,6ц/га жиналды 
ал  наурыз  айының  екінші  онкүндігінде  себілген    тұқым  өнімі    төмендеу  болып  шықты  (  18,4ц/га). 
Сонымен  себу  мерзімі  кезінде  ылғалмен  қамтамасыз  етілген  тəлімі  жерде  мақсарыны  қолайлы  егу 
мерзімі  сəуір  айының  екінші  онкүңдігі.  Осы  мезгілде  себілген  тұқымның  өскіні  10-12  тəулікте 
жаппай  жер  бетіне  шығып,  егістік  өнгіштігі  92,0  %  жетеді,  бұл    көрсеткіш  ерте  себілген  нұсқадан 
2,5%-ға  жоғары болды. 
Сонымен,  мақсары  дақылының  өніміне  агротехникалық  шаралардың  ықпалы  бар  екені 
анықталды. 
Ғылыми жетекші: а.-ш.ғ.к. Сүримбаева Күлайша 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет