Фармакогнозия – ғылымы және оның негізгі даму сатылары


Май алынатын тәбет ашатын өсімдіктер



бет13/28
Дата08.12.2023
өлшемі450,68 Kb.
#135068
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Май алынатын тәбет ашатын өсімдіктер.
Май алынатын өсімдіктердің тұқымы майға бай келеді. Халық шаруашылығында май алынатын өсімдіктер әртүрлі. Олардан тек май ғана алмайды, техникалық мақсатта да қолданады. Май алынатын өсімдіктердің жемісі мен тұқымы бірден анықталады. Май алынатын өсімдіктер көбінесе крестгүлділердің өкілі қыша, арыш; күрделігүлділердің өкілі күнбағыс, сафлор: ерінгүлділердің өкілі перилла, ляллеманция және үпілмәлік т.б., күнжіт тұқымдасынан – күнжіт, зығыр тұқымдасынан – майлы зығыр, көкнәр тұқымдасынан – көкнәр. Сонымен қатар, басқа да өсімдіктерден май алынады. Олар: соя, жер жаңғағы, қарасора, мақта, кенеп, бұйдакендір өсімдіктері.
Май алынатын өсімдіктерден маргарин, сабын т.б. өнімдер алынады. Сондай-ақ олиф, лак, бояу, линолеум алынады және де олар халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Өсімдік майы кәдімгі температурада қатты және сұйық, яғни қоймалжың болады.Қатты майлар тек тропикалық ауданда өсетін өсімдіктерден алынады. Мысалы: какао, пальма, кокос және т.б. Орталық және Солтүстік ширекте кездесетін өсімдіктерден сұйық май алынады. Өсімдік майының химиялық құрамы күрделі эфирлі глицерин мен май қышқылынан тұрады.
Май алынатын өсімдіктер олардан алынатын майдың сапасына байланысты, кебуіне немесе кеппеуіне байланысты былай болып жіктеледі.

  1. Кебетін май беретін өсімдіктер. Бұған көкнәр, зығыр, қарасора, тунга ағашы жатады. Бұл өсімдіктерден алынатын майдың құрамында май қышқылы өте көп болады. Алынған майлар негізіне жоғары сапалы бояу, лак, клеенка жасау үшін пайдаланылады.

Көкнәр. Көкнәр тұқымдасына жататын шөптектес өсімдік. Ол жылу сүйгіш және жарық сүйгіш өсімдік. Ол жақсы даму үшін ауа райы ашық, жылы, құрғақ болу керек. Оның тұқымынан алынатын майының сапасы жаңғақ пен күнжіт сияқты майлы өсімдіктердің майының сапасымен тең. Майы негізінен тез кеуіп кетеді. Көкнәр тұқымындағы майының құрамы 50-55 %. Түсі ақшыл-сары түсті, иісі мен дәмі жағымды болып келеді. Майы ащы емес, дәмді болып келеді және көпке дейін сақталады. Сондықтан кондитер және консерв өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Бұдан басқа оның майы жоғары сапалы бояу, лак алу үшін, сабын шаруашылығында қолданылады. Көкнәр неізінен 2 түрлі мақсатта өсіріледі. Осыған байланысты мәдени түрге айналдырылған көкнәр дәрілік мақсатта, яғни жоғары сапалы дәрі алу үшін (морфий) алуға және май алу үшін пайдаланылады.
Зығыр. Зығыр тұқымдасына жататын өсімдік. Зығырдың 3 түрі бар. 1) Ұсақтұқымды зығыр (евразиялық); 2) Орташа тұқымды зығыр; 3) Ірі тұқымды зығыр (жерортатеңіздік). Біздің өңірде ұсақтұқымды және орташа тұқымды зығыр таралған. Зығыр тұқымы майға бай келеді. Оны екпе зығырдан алады. Тұқымдағы майдың мөлшері 32-ден 38 %-ке дейін болады. Май линоне қышқылына өте бай болып келеді, сондықтан ол тез кеуіп кетеді. Оның майын тамақ және техникалық мақсатта қолданады. Зығыр майының құрамында 33,5 % ақуыз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет