Фармакология


Қара күйе алкалоидтары: эргометрин, метилэргометрин, эрготамин, эрготал



бет175/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   200
Қара күйе алкалоидтары: эргометрин, метилэргометрин, эрготамин, эрготал.
Қара күйе-дәнді өсімдіктердегі паразитті саңырауқұлақ.
Эргометриннің белсенділігі жоғары болып келеді. Эрготамин ми қан айналым ж.йесіне әсер етіп, мигренде қолданылады. Қара кү»йе алкалоидтары ОЖЖ-не тыныштандырғыш әсер көрсетіп, климакстық неврозда, вегетативті дистонияда, неврогенді және т.б бұзылыстарда қолданылады. Беллатаминал,Белласпон,Беллоид, препараттарының құрамына кіреді.
Жанама әсері: көбіне эрготаминде байқалады.: лоқсу, құсу, іш өту, әлсіздік, бұлшық ет ауырсынулары, Эрготаминді стенокардияда, гипертониялық ауруларда, атеросклерозда, тромбофлебитте, сепсисте, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.
Синтетикалық препараттары:котарнин
Котарнин-жатырдан қан кетуде қолданылады, қара күйе алкалоидтарына қарағанда әсері әлсіз.ңжапырақ шөбнің тұнбасы мен сығындысы,
Өсімдіктекті дәрілері («әлсіз» жатыр дәрілері): қалақай (крапива) жапырағының тұнбасы мен сығындысы,бұрыш таран тұнбасы мен сығындысы, шәңгіш қабығының қайнатпасы, арника тұндырмасы босанғғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетуде, жатырдың субинволюциясында және меноррагияда қолданылады. Жүктілікте қолдануға болмайды.


3. Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер (Токолитикалық дәрілер)
Жүктілікті көтере алмауда және мезгілінен бұрын босану қаупінде, босану кезінде операцияға дайындау алдында қолднылады.
В2-адреномиметиктер: фенотерол (партусистен), сальбутамол (сальбупарт), гексопреналин (гинипрал), ритодрин (пре-пар), тербуталин (бриканил).
В2-адренорецепторлады қуаттандыру нәтижесінде миометрияның тонусы мен жиырылу қызметі төмендейді. в2-адреномимметиктер айрықша токолитикалық әсері бар бірден бір дәрілік заттар тобы болып табылады. Жақсы қабылданады және ұрық пен жаңа ту,ан балаға кері әсер көрсетпейді. Күре тамырға енгізуден бастайды (мин 10-20 тамшыдан баяу,тамшылатып), сонон соң б\е пероральды енгізумен жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет