Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Философия мен ғылымның қатынасы туралы диалектикалық концепция



бет33/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122
Философия мен ғылымның қатынасы туралы диалектикалық концепция – философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы ілім, сапалық белгілер бойынша олар өзгеше, бірақ ішкі мәнінде бір-бірімен байланысты және де дамуларында бір-бірінің когнитивтік ресурстарын қолданады. Оның дәлелі – олардың дамуы мен байланысы. Нақты түрде дәлелдеріне жатады: фундаменталды ғылыми теориялардың философиялық негіздерінің бар екендігі; нақты ғылыми білімдердің философиялық аргументтері мен құрылыстарды қолдануы. Олардың арасындағы шекара тарихи тайыз және ықтималды. Философия нақты ғылымдарға қатысты интерпретативтік, бағалау, жалпы мәдени роль атқарады. Себебі, ғылым мәдениеттің органикалық бөлігі, философия арқылы мәдениет өзін тұтас және өзінің негізін рефлексияландырады. Тағы бір байланысты дәлелдейтің «кентавр» сияқты білім аймағы – «ғылым философиясы». Осы концепцияның дамуына үлес қосқандар: Платон, Аристотель, Декарт, Спиноза, Лейбниц, Гегель, Кант, Рассел, Пуанкаре, Гильберт, Бор, Гейзенберг, Пригожин, Моисеев т.б.
Антиинтеракционизм – философия мен ғылым өзара қатынасы туралы концепция бойынша, философия мен ғылым мақсаттары, пәндері, әдістер тұрғысында сонша өзгеше және бір-біріне ұқсамайды, сөйтіп олар арасында ешқандай ішкі байланыс мүмкін емес /экзистенциализм, мәдениет философиясы, құндылық философиясы, өмір философиясының өкілдері т.б/. Осы білім түрлерінің әр қайсысы өзінің ішкі логикасы бойынша дамиды, философияның ғылымға әсері керісінше ғылымның философияға тек сырттай, иррелевантты түрмен болады. Антиинтеракцинизімнің кредосы - «Философия ғылымды емес те, ғылым философиялы емес те».
Метафизика – екі мағыналы философиялық категория: 1. жалпы, синтетикалық априорлы білім /философия рационалды әлде метафизикалық деген синонимдарға тең/; 2. философия жалпы мен қажетті және бүкіл құбылыс пен процесстердің /материалды және рухани/ дамуы деген идеядан дүниеге көзқарастың теориялық модельдерінен абстракциялау. Екінші мағынада Гегель өзінің философиялық ойларында қолданған және келесі де маркс-лениндік және басқа бағыттар /неогегельяндар/. Метафизика ұғымынын оның бірінші мағынасында бинарлық оппозициясы «априорлы білім» әлде «нақты-ғылыми білім» болады. Метафизика ұғымынын екінші мағынасында бинарлық оппозициясы - жалпы даму теория, Гегель мен марксистер оны жалғыз ақиқатты философия және ойлаудын жалпы әдісі деп түсінген «диалектика» термині болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет