Ғылым тарихы және философиясы



бет73/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   185
мен нені біле аламын? Бұл – таным теориясының (гносеоло- гия) сұрағы;

  • менің не істеуім керек? Бұл – этиканың, яғни мораль теориясының сұрағы;

  • мен не нәрсеге үміттене аламын? – Бұл – теологиялық сұрақ (Құдайға сенім).

  • ештеңеге қатыссыз, өз-өзінен алынған адам не, сонда? Бұл – философиялық антропологияға қатысты сұрақ.

    Осы сәттен бастап өмірінің ақырына дейін ойшыл осы сұрақтардың жауабымен айналысады. Олардың негіздемесі оның: «таза ақылды сынау» (1781), «нақты ақылды сынау» (1788), «пайым қабілетін сынау» деп аталатын үш кітабында берілген.
    Назар аударсаңыз, И.Канттың барлық кітаптарында сынау сөзі орын алған. Сондықтан да шығармашылығын зерттеушілер оның өмірін сынауға дейінгі (оның жаратылыстанумен айналысқан кезі) және сы- нау кезеңі (оның философиямен айналысқан кезі) деп екіге бөледі.
    «мен нені біле аламын?» деген сұраққа жауап бере отырып, И.Кант таным теориясында «коперник төңкерісін» жасады. И.Кант адамның білімін екі: апостериорлық (тәжірибелік) және априорлық (адамға кез келген тәжірибенің алдында берілген) түрге бөледі. Өзінің іс жүзіндегі, яғни моральдық философиясында ол нақты бар нәрсені емес, болуға тиіс нәрсені ойға алып отыр.
    Таным теориясында Кант екі: трансценденталдық және транс- ценденттік санатты жиі пайдаланады.
    Трансценденталдық деп ол қандай да бір тәжірибенің алдында берілген және тәжірибелік білімнің өзін алуды қамтамасыз ететін ұғымдарды, ал трансценденттік деп тәжірибелік білім шектерінен шығып кетуді түсінеді.
    Келесі екі түсінік: «зат – өзінде» және «зат – біз үшін».
    «Зат – өзінде», яғни зат өзімен-өзі дегенді білдіреді, оның ішкі мәні – ноумен. Ал «зат – біз үшін» деген – ол заттың сыртқы жағы, заттың құбылысы немесе көрінуі, яғни феномен.
    Адам өзінің сезімдері және пайымдау парқы арқылы осы әлемнің құбылыстарын тани алады. Ал ноумендік дүниені (яғни зат өзімен- өзі дегенді) танып білу мүмкін емес, біз олардың өмір сүруін және біздің сезімдерімізге әсерін ғана бақылай аламыз. Ноумендік дүние деп И.Кант біздер ұмтылатын және қашанда жақындай түсетін, бірақ ешқашан жете алмайтын мақсат-мұраттарды және рухани
    құндылықтарды түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – теология, яғни Сенім саласы.
    И.Кантқа дейін танымның негізін ойшылдар адамның қиялшыл қабілетінде деп санап келсе (гректің «теория» сөзінің өзі «қиялға берілу» деп аударылады), енді Кант танымды адамның белсенді әрекет ететін мәнімен байланыстырады. Өзінің априорлық (тәжірибеге дейінгі) берілген формалары көмегімен адам оларды бір ретке келтіре де, Әлемді құрастыра да алады.
    Шын мәнінде, таным теориясында И.Канттың жасаған «Коперник төңкерісі» деп біз осыны айтамыз.
    И.Канттың таным теориясы сезінуге әсер ететін әртүрлі құбылыстарға (феномен) талдау жасаудан басталады. Сезімдік қиялға берілудің априорлық формалары – кеңістік пен уақыт көмегімен адам оларды бір тәртіпке келтіреді. И.Кант бойынша, кеңістік пен уақыт – сапасы жоқ, біртекті және бітпейтін ұзындықтар. Сезімдік қиялға берілудің таза формалары (трансценденталиялар) тәрізді, олар – мүлтіксіз, бірақ адам қолымен істелетін тәжірибемен қосылғанда, – шынайы, нақты. Егер кеңістік сезімдік қиялға берілудің сыртқы формасы болса, онда уақыт – ішкі формасы, өйткені уақыт ағымын ішімізден санап қана «ұстап тұра» аламыз. Кеңістік пен уақыт – математикалық таным бұлағының мәні. Егер геометрия негізінде кеңістік жатса, онда арифметика мен алгебра негізінде уақыт жатыр, өйткені есептеп шығару, есеп жасау – тек уақыт шектерінде орында- лады.
    Алайда сезімдік қиялға берілу, содан шығатын кез келген тәжірибе әрдайым толық емес, кездейсоқ болып табылады, ал бізге нақты, жалпыға бірдей және қажетті білім алу қажет. Оған ақыл- парасаттың И.Кант санат деп атаған априорлық формалары жеткізеді. Олар да бізге тәжірибеге дейін берілген. Олардың қатарына ол «сан»,
    «сапа», «қатынас», модальдық» және тағы басқаларын жатқызады. Оның үстіне, ақыл-парасаттың әр санаты үш таған арқылы, мысалы, сан – «бірлік, көптік және тұтастық»; сапа – «нақтылық, терістеу және шектеу» арқылы ашылады. Сөйтіп, И.Кант алғаш рет танымдағы санаттардың зор маңызына назар аударады.
    Сонымен, санаттар бізге сезімдік қиялға берілу көмегімен алынған құбылыстарды ой елегінен өткізуге және оларды жалпыға бірдей және қажетті болу деңгейіне көтеруге көмектеседі. И.Кант бойынша, сезімдік қиялға берілусіз бізге заттар берілмес еді, ал пайым-пара-
    сатсыз біз ештеңе туралы ойлай да алмас едік. Сезімсіз ойлау – бос, нәтижесіз ойлау, ал еш нәрседен түсінігі болмай қиялдау – соқырлық. Сол екеуін қосып барып және санат деп аталатын сүзгіден өткізіп қана біз білім деңгейіне қол жеткіземіз. Кант танымды адам ойла- рында танылатын нысандарды өздігінше құрастырудың белсенді, шығармашылық үдерісі ретінде қарайды. Ол Табиғатқа әлдебір тәртіп және заң ойлап шығарушылық қасиет берген сияқты болады. Ондай көзқарасты субъективтік идеализм деп айқындауға болады.
    Таным үдерісінде адамның шығармашылықпен құрастыру қуатын асыра бағалау қиын. Онсыз күрделі механизмдер мен машиналар, қазіргі заманғы АЭС және ғарыш кемелері, яғни біз «екінші табиғат» деп атайтындардың барлығы да болмас еді. Алайда біз «екінші табиғаттың» өзінің негізі – «бастапқы табиғатсыз» өмір сүре алмайты- нын ұмытпауға тиіспіз.
    Канттың таным теориясының екінші бір осал жері – адамға сезімталдық пен ақыл-парасаттың априорлық формаларын беруі. Шын мәнінде, олардың барлығының да априорлық сипаты бар, яғни адамның тәжірибесінде пайда болады. Жаңа ғана дүние есігін ашқан сәбидің басында ешқандай санат жоқ. Оларды ол білім алу және тәрбие арқылы өзінің өмірлік тәжірибесінде жинақтайды.
    Алайда И.Канттың таным теориясы осымен аяқталмайды. Адамның бойында жанның тағы бір қабілеті – парасат бар. Адамда болмыстың шекті негіздерін танып білуге деген қажеттілік бар. Егер ақыл-ой құбылыстарды тани отырып, оларды әлдебір тәртіпке келтіруге ұмтылса, онда парасат оның шектерінен шығып, «зат – өзінде» дегеннің мәнін ашуға тырысады. Парасат ақылдан асып кетіп, ноумендік дүниеге тап болғысы келеді. Егер ақыл санаттармен бірге болса, ал парасат енді идеяларды басшылыққа алады. И.Кант бо- йынша, кез келген таным қиялға берілуден басталады, ақылмен түсіну кезеңінен өтіп, идеялармен аяқталады. Демек, идеялар – ақыл санат- тарынан кеңірек, олар метафизикалық санаттар болып табыла- ды. Идеялар әлдебір аяқталған, жетілген, дара нәрсені көрсетеді. Біз жақындағанмен, оларға ешқашан жете алмаймыз. Сонымен, парасат ұсталмайтынды ұстауға, шешілмейтінді шешуге ұмтылады.
    И.Кант бойынша парасаттың үш идеясы бар: жан, әлем және

    Құдай.


    Соларға жету үшін, парасат шешілмейтін қарама-қайшылықтарға, И.Канттың сөзімен айтқанда, диалектикалық антиномияға түсіп
    кетеді. Әлем идеясын қарастыра келе, И.Кант төрт антиномияны алға тартады:

    1. Әлемнің басталған уақыты бар 1. Әлем кеңістікте де, уақытта және кеңістікте шектеулі. да шектеусіз.

    2. Кез келген күрделі түпнегіз 2. Әлемде қарапайым ештеңе қарапайым элементтерден жоқ, бәрі күрделі.

    тұрады.

    1. Табиғи үдерістердің себеп- 3. Әлемде ешқандай еркіндік тілігімен қатар, кейбір құбы- жоқ, барлығы да табиғи лыстарды түсіну үшін, еркін заңдылықтар негізінде себептіліктің де болатынын болады.

    мойындау керек.

    1. Әлемде оның бөлшектері 4. Әлемдегі еш жерде және немесе себептері ретінде одан тыс шектерде қажетті қажетті маңыздылық маңыздылық жоқ.

    болуға тиіс.
    Әлбетте, И.Кант бұл антиномияларда маңызды философиялық мәселелерді көтереді. Оларда тікелей қарама-қарсы ұстанымдар өткір қойылған, сол себепті ол мәселелерді диалектикалық тұрғыда шешілуге итермелейді (кейіннен Г.Гегель оларды диалектикалық жол- мен шешуге әрекет жасаған).


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   185




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет