Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет27/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Әбіл. Г. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы этнодеформация

 

және этностық…

 

 


 

188 


 

іспетті  ұйқастар  легімен  шықпас  еді.  Бұл  сияқты  жиі  қайталанып  келетін 

мысалдар  поэтикалық  проза  стилистикасына  бұра  тартар  өркешті 

ерекшеліктерімен  бүгінгі  күн  биігінен  артық  көрінсе  де,  екінші  жағынан 

жазушы  талантының  жез  айдарын  жарқырата  ашып,  шығарманың  дара 

бітімінен, дәуірдің эстетикалық болмысынан хабар береді.  

Жүсіпбек  Аймауытов  бұл  романында  ежелгі  қазақ  ауылының  тұрмыс-

салты, адамгершілік дағдысын  асырып,  ия  жасырып  суреттеуден  аулақ.  Сол 

дәуірдегі  қаламгерлердің  біразы  өткеннен  іліп  алар  қасиет  таппаса,  қалған 

біразы, керісінше, көрген дүниесінен зәредей мін таппағаны анық. Жүсіпбек 

Аймауытов  –  натуралист  те,  сентименталист  те,  романтик  те  емес,  нағыз 

реалист.  Терминдер  шарттылығын  ескере  сөйлесек  –  сыншыл  реалист.  Ал 

шыншылдық  басқа  көркемдік  әдіс,  бағыт  туындыларында  да  молшылық. 

Мәселе  ақиқатты  көрсету,  бейнелеу  жолдары  мен  амалдарында.  Мысалы, 

С.Сейфуллин  немесе  М.Әуезов  пен  Ж.Аймауытов  стилінде  алшақтық  көп. 

Реалистік  психологизм,  Л.Толстой  айтқандай,  өнердің  басты  мақсатына  – 

суреттелмек  құбылыстар  арқылы  оқырман,  көрермен  жанына  қозғау  салу 

бағдарына  қызмет  етпек.  Ақбілек  бағытына  шідер  салатын  оқиға  –  азамат 

соғысы  жылдарындағы  ашып  айтыла  бермейтін  масқара  сорақылық.  Көп 

қаламгер  бүркемелеп,  әйтпесе  күмілжіп  өте  шығатын  ахуалды  Жүсіпбек 

Аймауытов  романдағы  трагедиялық  жағдайдың  айнымас  құлақ  күйіне 

айналдырған.  Тарихи  деректерді  ғалым  не  публицист  ретінде  емес, 

жазушының  көзімен  ежіктей  зерттеп,  бағалаған.  Кінәлі  –  заман.  Айыпқа 

ілінер  көптеген  себептер  бар.  Бірақ  соның  бастысы  –  мылтық  кезенген 

орыстың  дала  «жабайыларына»  қатысты  озбырлығы  ғана  емес,  қайран 

қазақтың  сол  кездегі  жанаяр  қорқақтығы,  күншілдігі  мен  міншілдігі, 

алтыбақан алауыздығы. Мамырбай бас сауғаламаса, қалған жұрт теріс қарап 

сілейіп  қалмаса,  опасыз  Мұқаш  болмашы  өкпе  үшін  қандас  қарындасын 

масқаралық  тозағына  итеріп  кетпесе,  Ақбілек  трагедиясы  туар  ма  еді? 

Шіркін,  ана  ғана  аяулы  перзенті  үшін  қорлық  дүреге  де,  қатігез,  кездейсоқ 

өлімге де бас тіккен! [3.94]. 

Осынша  астарлы  эмоционалдық  құбылыстарға  жазушының  ашына 

қарағанын  мүлде  аңғармайсыз.  Қаламгердің  реалистік  тұғырының 

мықтылығы  мынада,  ол  авторлық  баяндау  болмысын  оқиға,  әрекетке 

қатысушы  адамдар  әсерімен  беруге  төселгендіктен,  қиын,  ауыр  жағдайдың 

өзін  кейіпкер  сөздеріне  тән  нюанстар арқылы  тура  сол  қажетті  әуенде  емес, 

қабылдаушы  субъектілердің  назары,  көңілі  орайында  бейнеленеді:  «Бір 

мезгілде  өкірген  сиырдай  қараңғы  түнді  күңірентіп,  қатындардың  дауысы 

баж  ете  түсті.  Жан  шошырлық  бажылға  дір  етпеген  жүрек  жоқ.  Сөйтсе  – 

апанда  теңкиіп,  серейіп  жатқан  бәйбішенің  үстінен  шыққан  екен.  Ақбілек 

ұшты-күйлі жоқ, алып кетті ғой» [4.65].  Әдеттегі талап бойынша жеке басын 

оққа бойлаған ер әйелдің ажалы қайғылы нақышта суреттелуі керек еді. 

Мына 

тұста қорқыныш, үрей Ақбілек анасының қазасынан гөрі куәлар



 жанының 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Әбіл. Г. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы этнодеформация

 

және этностық…

 

 


 

189 


 

тәттілігінен  туғаны  айқын.  Қасіретті  күлкі,  діттеген  жеріне  жетпейтінін 

білетін үнсіз мысқыл. «Маң-маң басқан» беделді, мейірімді, аяулы жан өлген 

соң  тірісінде  ық  жағымен  жүретін  жақын-жуық,  жалшы-қызметшілерге 

құрметті де емес, аянышты да емес.  

Алайда  дәл  Жүсіпбек  Аймауытов  реализміне  керемет  ажар  қосып, 

жазғанын  қорғасын  құйған  сақадай  күйлі  шығаруға  өлшеусіз  игі  ықпал 

жасайтын күш – психологиялық талдау өнері; әйтпесе осы атауды дүрдитпей, 

қарапайым  ғана  түсінсек,  адам  көңіл  әуені  мен  мінез-құлқын,  ішкі  сырын 

терең әрі нәзік сезіне баяндауға зергерлікті айтпақпыз. 

Жүсіпбек Аймауытовтың сыншыл жанары сол тұстағы қазақ тіршілігінің 

келеңсіз  көріністерін  елемей  кету  емес,  іштей  ашына  шенеу  ниетінен 

арылмаған  өмір  шындығы  көркем  шындықпен  табиғи  ұласым  тапқан. 

Романның сюжеттік құрылымы жүрдек. Ол кезекті және себепті сюжеттердің 

бірлігіне негізделген. Орама композицияның белгілері бар.  

Романдағы  әйел  затынан  іс-қылығымен  тартымды  суреттелетін  – 

Ақбілектің жеңгесі Ұрқия. Бағы ашылмаған Камила ауыр заман, ескі салттың 

құрбаны  болғанымен,  ар  тазалығы,  жігер,  төзімі  арқылы  ерекшеленсе, 

жаратқан  ие  бір  қызылшақаға  зар  етіп  қойған  Ұрқия  есепсіз  адамгершілігі, 

кеңдігі,  халық  дәстүріндегі  ізгілікті  ұғымға  жанымен  адалдығы,  қиналыста 

жол  тапқыш  зерек  ақылы,  тапқырлығы,  шешімтал  батылдығымен  ұнамды. 

Жүсіпбек  Аймауытов  қосақ  арасындағы  кейіпкерінің  артықша  қасиеттерін 

сипаттауга арнайы тоқталмаған, бірде-бір эпитет, теңеу қолданбаған, арнайы 

мінездеме бермеген. Сөз кезегімен баяндалатын ықшам әрекет, қимыл, лебіз 

характердің басты белгілерін сыйымды бейнелей алған.  

 Шығарманың  діңгек  мәселесі  Мамырбай  ауылындағы  сұрапыл  ахуал 

болған  соң,  ірілі-ұсақты  талқы-тартыс  атаулы  айтылмыш  төңірекке 

жинақталған.  Ақбілек  трагедияның  ішкі  жаны  болса,  Бекболат  –  сыртқы 

кескіні.  Бекболат  –  оқиғаның  дүмпуі,  жаңғырығы,  қасіреттің  зардабы, 

жағдаяттың қисынсыз құрбаны.  Бекболат  еш  нәрсеге айыпты  емес.  Бірақ  ол 

кінәлі жандай абыржыды. Бәрінен бұрын қолдағы бақытын жоғалтқаны рас. 

Диалог ауыр шындыққа сенгісі келмей, қиналған ғашық жүректің ішкі дауыл 

ашық дәлелмен бітіргісі келу ниетін өрнектеген.  

  Жазушы  кейіпкерінің  білім  алып,  озық  құрбыларының  қатарына 

қосылғанын  ұнамды  құбылыс  ретінде  бедерлеген,  бірақ  Ақбілек  бейнесі 

арқылы  үлгілі  тұлға  жасауды  көздемеген.  Үлгілі  нәрсе  –  бұл  оқиғаның 

тарихи-әлеуметтік  тағылымы,  қаламгердің  өмір  сүйгіштік  пафосы. 

Трагедияға  кінәлі  заманды  ғана  емес,  қандас  туыстарын,  олардың 

қырбайлығы  мен  жасқаншақтығын,  күншілдігін,  рушыл  дерттілігін  айыптау 

бар. Жүсіпбек Аймауытов Қазан төңкерісінің нәтижелеріне үлкен сақтықпен 

қарайды.  Өзі  жоқшыл  таптың  өкілі  болған  қаламгердің  жаңа  дәуір 

жеңісі


 үшін күресе жүріп, қоғам ұстанған асқақ идеяның іс жүзінде орындалуына  

құлай  сенбегені  байқалады.  Сол   замандағы  әріптестеріндей  таза   таптық, 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 


 

190 


Әбіл. Г. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы этнодеформация

 

және этностық…

 

 

 



партиялық  даурықпа  айғайға  бой  алдыра  қоймаған.  Қаламгердің  ойында  жалпы 

халық, қазақ деген ұғым жетекші орынға ие.  

Кәпір  солдаттарының  атына  өңгеріліп  кеткен  сормаңдай  Ақбілекке  жаны 

ашу  орнына  қайсыбіреу  байдың  сұлу  қызына  қызғанышын  баса  алмас,  осы 

ошақтың ырысын көре алмас надандықпен болған іске қызыға қарайды. Мұндай 

жайды француз да, жапон да түсінбес. Бірақ қазақ бірден аңғарары даусыз.  

Ақбілекке ауыл, ағайынның сумақай көзі – өлімнен асқан азап. «Қара мұрт» 

офицер  үшін  айтылмыш  оқиға  –  аз  ұлтты  қорлау  емес,  таза  нәпсі,  тән 

құмарлығының  жүгенсіз,  бұзақы  салдары.  Әрине,  кеңінен  алсақ,  бұл  зорлық 

«қисық  көз»  қауымға  мұрын  шүйіре  қарау  екені  бізге  мәлім,  ол  үшін  сана 

тылсымы екені хақ. Таразы тең. Қара мұрт Ақбілектің жан жарасын әлде көзінен 

оқып білді ме, әлде басқа бір сезім кернеді ме, кім білсін [4.160].   

 Жауызда да жүрек бар. Жаудың бәрі айуан емес. Негізгі арашашы – қыздың 

көркі,  адал  көңілі.  Автор  объективті  жағдаяттармен  бірге  субъективті  сәттерге 

көз  салады.  «Қара  мұрт»  өз  алдына,  қыз  да  табиғи  сезім  ұшқынынан  жалтара 

алмайды  ғой.  Эротикалық  түйсік  пен  сананы  асау  атысы  алысқан  адамға 

балайтын  З.Фрейд  пікірі  мына  ретте  дәлелді.  Тілін,  дінін  білмейтін  ер  мен 

әйелдің  рухани  жақындыққа  көтеріле  алмағанын  жазушы  атап  өткен.  Алайда 

қаламгер  нәпсі  заңдылығына  етене  суреттерді  әдейі  қалдырып  кетпейді.  Ажал 

тырнағынан  құтылғанына  қуанған  Ақбілектің  «Қара  мұртты»  мүлде  естен 

шығара  алмауын  көрсетуде  көлгірсушілік  жоқ.  Ақбілек  атастырылған  жары  – 

Бекболатпен  жолығысу  сәттерін  де  көз  алдына  жиі  елестетеді.  Ең  аяғы  өгей 

шешесі – қытымыр, арсыз Өрік пен аяулы әкесінің жақындығынан жирене тұрып, 

еркек құшағын сағынуында мұсылман әйелі үшін ұялыс, әдепсіздік байқалса да, 

дене  тіршілігінің  шынайы  құбылысы  бар.  Шығарма  соңына  қарай  бақытты 

Ақбілектің «Қара мұртпен» тағы кездесіп қалуы, одан тұра безбей, бас изеуі, ал 

Балташқа  тұрмысқа  шыққан  соң,  өткен  іске  қамықпауы  –  рухани  өмір 

заңдылықтарымен сабақтас ақиқат.  

 Қазіргі уақыт ыңғайымен қарағанда, кемшілік сияқтанатын тағы бір нәрсе – 

автордың  оқиға,  құбылыс  ағымын  табиғи  арнамен  дамытуға  мүмкіндік  барын 

біле  тұрып,  баяндау  барысына  ара-тұра  араласып  кетуі.  Тартыстың  шарықтау 

шегінен кейінгі шешімін күтетін сәтте «Махаббат» атты төртінші бөлім арқылы 

шығарма бастамасы  пайда  болады  және  түйіннің  соңына  дейінгі  аралықта  жаңа 

тартыс  жүлгесі  жота  көрсетіп,  бұл  саға  ортақ  арнамен  тұтасып  кетеді.  Өзге 

қосалқы қақтығыс, тұйық тарамдарды қоспағанда, тек Ақбілектің басынан өтетін 

тартыс  көлемі  үш  кезеңнен  тұрады.  Біріншісі  бірнеше  атаулы,  атаусыз 

тараулардан  тұрса,  екіншісінде  ортақ  ат  жоқ,  үшіншісінің  үлесі  –  «Қайғы». 

Бәрібір роман  оқиғаларының ішкі  тұтастығымен  бірге  сыртқы байланысы кесек 

әрекеттер жалғастығымен күшті.  

Қазақ  зиялыларының  өмір  тынысы,  мұрат-мақсаты  негізгі  кіндік  оқиғаға 

қатысы  мол  адамдар  төңірегінде  пайымдалуы  жағынан  шығарманың 

композициялық  тұтастығы сақталады, тілге  тиек  жағдайлардың психологиялық 

нанымдылығы артады. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Әбіл. Г. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы этнодеформация

 

және этностық…

 

 


 

191 


 

Ақбілек  трагедиясы  –  осы  халық  трагедиясының  бір  ұшқыны.  Ақбілекті 

ақтардың алып қашуы, қарамұрт офицердің әйел қып ұстауы – бір  қыздың ғана 

емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін қорлық. Қыздың ел бетін көре алмай 

қиналуы,  әкесінің  одан  қашқақтауы,  атастырылған  күйеуінің  безуі,  ел-жұрттың 

оған  таңырқай  да,  аяй  да  қарауы  –  қызын  алақанға  салып,  мәпелеп  өсірген 

қазаққа өлімнен де ауыр. Ауыл жігіттерінің зорлығы ғана болса, еленбей де қалар 

еді.  Орысты  «кәпір»  деп  қарайтын  ұғым  қыз  «күнәсін»  ауырлата  түседі. 

Романнан  біз  тұйыққа  тірелген  осындай  халық  психологиясын,  қыз  тағдырын 

еркіндікке  алып  шыққан  қоғамдық  жаңарулардың  әсерін  танимыз.  Ел  көзіне 

көріне  алмай,  ауылдан  кеткен  Ақбілек  оқып,  адам  қатарына  қосылады,  теңін 

табады, бақытты өмірге қадам басады.  

  «Ақбілек» романында рушылдық-жікшілдік тартыстардың құрбаны болған 

(Мұқаштың  Ақбілекті  ақтарға  шығарып  беруі)  қазақ  қызының  бақытын  табуы, 

ерлермен  тең  азамат  дәрежесіне  көтерілуі  бейнеленеді.  Осы  оқиғалар  легінде 

жазушы  аласапыран  тұстағы  қазақ  ауылы  өмірінің  шындығын,  адамдар 

тағдырындағы өзгерістерді,  тынымсыз  ізденісті  суреттейді.  Ескі  ауыл  мен  оның 

адамдары  бойындағы  қайшылықты  күйлер  мен  ұғымдар  тартысының  суреттері, 

психологиялық  толғаныстар  жазушы  реализмінің  байлығын,  суреткерлік 

қарымының кеңдігін көрсетеді. Роман кейіпкерлері заманмен қабаттаса өзгеріске 

ілеседі, қоғамнан өзіне лайық орын іздейді. Оны бірі тауып, бірі таба алмай жатса 

да,  жалпы  ізденістің  беталысы  елдің  рухани  оянуға  ұмтылысын  аңғартады. 

Солардың алдыңғы легінде Ақбілек арманына жетеді. 

  Ақбілек  –  сол  заманда  білім  алып,  қатарға  қосылған,  алғашқы  қазақ 

әйелдерінің өкілі. Ол өткеніне, өзі өскен ортаға бүгінгінің көзімен қарайды. 

  Ақбілектің  шыққан,  өскен  ортасы  романда  кең  суреттеледі,  ондағы  елдің 

тұрмыс-тіршілігі, әдет-салты, табиғат көріністері тұтаса келіп, тақырыпты ашуға 

көмектеседі.  Жүсіпбек  көп  жағдайда  қала  мен  даланың  бейнесін  салыстыра 

көрсетеді.  Ел,  ауыл,  табиғат  –  қазақтың  қанына  сіңген  шындығы.  Оны  сыйлау, 

түсіну  қажет.  Мәселен,  осы  романда  елді  жайлаған  ескішіл  дерт  -  жікшілдік, 

рушылдық, жалқаулық, көргенсіздік, қараңғылық  қаладан өнер-білім тапқанмен, 

бірақ    халықтық  жақсы  дәстүрлерден  қол  үзіп  бара  жатқандығы,  ішімдікке  

құмарлығы,  ұстамсыздығы,  жүгенсіздігі  осы  келеңсіз  оқиғалардың  бәрін 

этнодеформацияға жатқызуға болады [5.56]. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы: Білім, 2003. 

2.

 



Нұрғали  Р.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  Астана:  Фолиант,  2005.  Т.3.    Қазақ  әдебиетінің 

алтын ғасыры. 625 б.   

3.

 

Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы: Санат, 1996. 



4.

 

Аймауытов Ж. Ақбілек романы. Астана: Елорда. 1998. 

5.

 

Әбіл Ж. Этнодеформация (Ұлттық сана мәселелері). Қызылорда: Тұмар, 2007. 



 

 

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

 

192 


Х.К.АБДИКЕРИМОВА 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 



 

ҚАЗІРГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЕСІМДІКТЕРДІҢ 

 ЗЕРТТЕЛУІНДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР 

 

 

  В данной статье рассматривается история изучения местоимений в современном английском 

языке. 

 

   The  history  of  studying  pronouns  in  the  modern  English  language  has  been  considered  in  this 

article. 

 

Қазіргі кезде есімдіктер мен орын алмастырушы сөздер көптеген ғалым-

лингвистердің  еңбектерінде  қарастырылған.  Көптеген  лингвистер  орын 

алмастырушы сөздер туралы айта отырып, есімдік – зат есімдерді, яғни орын 

алмастырушы  сөздерді  есімдіктердің  бір  қызметі  ретінде  қарастырады. 

Осындай жұмыстың бірі - Е.М.Гордон мен И.П. Крылованың «A Grammar of 

Present Day English» еңбегі [1.12].  Бұл еңбекте есімдік екі дәрежеге бөлінеді – 

зат  есімдік  есімдік  және  сын  есімдік  есімдік.  Орын  алмастырушы  сөздер 

ретінде тек зат есімдік болуы мүмкін. Есімдік  басқа зат есімді анықтауы да 

мүмкін Е.Е.Израилевич пен К.Н.Качалованың еңбектері [2. 44]. Е.М.Гордона 

мен 

И.П.Крылованың 



еңбектеріне 

сабақтас, 

мазмұндас. 

Олардың 


жұмыстарының кейбір тұстарында ғана айырмашылықтар бары аңғарылады. 

Мәселен,  Е.М.Гордон  есімдікті  жіктегенде  өздік    есімдік  пен  эмфатикалық 

есімдіктің  айырмашылығын  айырып  көрсетеді.  Е.М.Качалова    мен  оның 

авторластары  эмфатикалық есімдіктер мен өздік есімдіктегі қосымша қызмет 

болып табылады дейді [3.55]. 

М.Г.Рубцова  өзінің  «Ағылшын  ғылыми  және  техникалық  әдебиетін 

оқытуға  үйрету.  Лексикалық-грамматикалық  анықтамалық»  еңбегінде 

есімдікті  орын  алмастырушы  сөздер  ретінде  қарастырады,  сонымен  қатар 

есімдік  функциясына  негізгі  мағынаны  олар  орын  алмастырушы  сөздер 

ретінде қызмет еткенде ғана мән береді. Сондай-ақ ол өз жұмысында басқа да 

орын алмастыратын сөздер мен орын алмастыратын етістіктерді қарастырады 

[4.48]. 


Етістіктердің  орнын  алмастырушы  сөздер  ретінде  көбіне  көмекші 

етістіктер  мен  жалғаулық  етістіктер  қызмет  етеді.  Бұл  етістіктер  қандай  да 

болмасын  мағыналық  етістікті  алмастыруы  мүмкін.  Сондай-ақ  модальдық  

етістіктердің  орнын  алмастыратын  сөздер  де  болады.  Модальдық  етістіктер 

келер шақ немесе өткен шақтың түрлерін құрайды, мұндай жағдайда оларды 

басқа мағына алмастырады. Мәселен have to, be able to  және т.б. 

  Орнын алмастырушы сөз болып тек қызметтік сөздер болмайды. Орын 

алмастырушы  сөздер  ретінде  пайдаланылатын  басқа  да  тәуелсіз  сөздер 

болады,  мәселен,  thing  сөзі.  С.  С  Беркнер  мен  оның  авторластары  орын 

алмастырушы сөздер ретінде кейбір дөрекі сөздер мен жаргондық сөздерді де 

айтуға болады дейді [5.17].   «Жиі пайдаланылатын сөздер кең семантикалы 

stuff, thing, story  сөздері,  сондай-ақ  shit д өрекі сөзі. Көбінде  this  thing,  stuff  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Абдикеримова Х.К. Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелуіндегі кейбір мәселелер 

 

193 


 

 

ike  that  есімдіктерімен  бірлесіп  пайдаланылады.  Әсіресе  олар  оқушылардың 



сөйлесуі  кезінде  кездессе,  кейде  оларды  оқытушылар  да  пайдаланады. 

Мұндай  сөздер  мен  сөз  тіркестері  біртектес  атаулар  қатарының  жалпы 

мүшелерін белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін: things like that, stuff like that, 

shit  like  that.  Бұл  орын  алмастырушы  сөздер,  олардың  мағынасын  тек 

контексте  ғана  түсіну  мүмкін  болады».    Ал,  қазақ  тілі  энциклопедиясында 

есімдік  сөз  табына  мынадай    анықтама  берілген:  есімдік  –  есім  сөздердің 

орнына  қолданылатын  сөз  табы.  Есімдіктің  қай  сөздің    орнында  жұмсалып 

тұрғаны  алдыңығы  сөйлемнен  белгілі  болғандықтан  ол  жалпы  мағынаға  ие. 

Мысалы:  Мен  –  сөйлеушіні,  сен  –  тыңдаушыны,  ол  –  бейтарап  адамды 

танытады. Сөйтіп, бұл сөз табының құрамына енетін сөздердің мағынасының 

нақтылы  болмай,  жалпылама  болып  келуі  есімдіктің  лексика-семантикалық 

өзгешелігі  болып  табылады.  Айталық,  мен,  сен  сияқты  сөздердің  нақтылы 

мағына  беретін  сөздердің  де,    абстрактылы  мағынада  да  жұмсала  беруі 

мүмкін. 


Морфологиялық тұрғыдан алғанда, есімдіктер басқа сөз таптары сияқты 

септелуіге,  көптелуге  бейім.  Соның өзінде  есімдікке  тән  айырмашылық  бар. 

Мысалы:  зат  есімде    көптік  мағынаны  білдіру  лексика,  морфологиялық  сол 

сияқты  синтаксистік  тәсілмен  де  болып  жатады.  Ал  есімдіктерде  көптік 

жалғау  арқылы  көптік  мағынаны  білдіру  барлық  түрлеріне  тән  құбылыс 

болса,  лексикалық  тәсіл  тек  сұрау  есімдіктеріне  де  болады.    Сондай  –ақ, 

лексикалық  тәсілмен  көптік  мағынаны  білдіру  жіктеу  есімдіктеріне  соның 

ішінде,  бірінші  және  екінші  жақтағы  есімдіктерге  ғана  тән.  Есімдіктердің 

көпшілігі  септелгенімен,  қайсыбірі  дәстүрлі  жалғауды  “қабылдамайды”: 

маған  (менге  емес),  саған  (сенге  емес),  менен  (меннен  емес),  сенен  (сеннен 

емес), оған (олға емес), онымен (олмен емес), сонымен (солмен емес) т.б. Сөз 

тудыру тұрғысына келгенде есімдіктердің өздерінен жаңа сөз жасау өте сирек 

кездеседі.  Лексика-семантикалық  және  грамматикалық  өзгешеліктеріне 

байланысты  есімдіктер  жеті  топқа  жіктеледі:  жіктеу,  сілтеу,  сұрау,  өздік, 

белгісіздік, жалпылау, болымсыздық  [6.41]. 

Ал  ғалым  Ахмеди  Ысқақов  есімдікке  былай  деп  анықтама  береді: 

«Есімдіктер  заттың  атын,  сынын,  санын,  я  олардың  аттарын  білдірмейді, 

бірақ  солардың  (зат  есім,  сын  есім,  сан  есімдердің)  орнына  жұмсалады. 

Есімдіктер  белгілі  бір  түсінікті  я  ойды  жалпылама  түрде  мегзеу  арқылы 

білдіреді.  Есімдіктердің  нақтылы  мағыналары  өздерінен  бұрын  айтылған 

сөйлемде  немесе  жалпы  сөйлем  аңғарына  қарай  айқындалады.  Мысалы:  ол 

Прутковтың барлық афоризмін білетін (С.Ерубаев)» 

6.43


.   


Есімдіктер  шығу  төркіні  жағынан  екі  топқа  бөлінеді.  Оның  бір  тобына 

өте  ерте  заманнан  келе  жатқан  байырғы  (көне)  түбір  есімдіктер  енеді  де, 

екінші  тобына   тіліміздің  даму,  жетілу  процестерімен байланысты,  кейінгі 

замандарда пайда болған,  демек,  соңғы  кездерде  туып  қалыптасқан

 есімдіктер 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Абдикеримова Х.К. Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелуіндегі кейбір мәселелер 

 


 

194 


 

жатады.  Алғашқы  топқа  мен,  сен,  ол,  біз,  сіз,  қай,  кім,  не,  міне,  бұл  т.б. 

сияқты қазіргі кезде бөлшектеп талдап жатуды қажет етпейтін түбір тұлғалы 

сөздер  жатады.  Есімдіктердің    кейінгі  тобына  мынадай  үш  түрлі  есімдік 

сөздер жатады. Мысалы. Бір, бар, біреу, бүкіл, түгел, т.б. сияқты есімдіктер, 

әр,  күллі,  пәлен  сияқты  (араб,  парсы  т.б.)  тілдерден  ауысып  келген  сөздер 

жатады. 

Семантикасына  қарай  есімдіктерді  жеті  топқа  (жіктеу,  сілтеу,  сұрау, 

өздік,  белгісіздік,  болымсыздық,  жалпылау  есімдіктері)  бөліп  көрсететінін 

көреміз [6.41]. 

Сонымен,  есімдік  деп  зат  есім  немесе  сын  есім  орнына 

пайдалананылатын  сөйлем  табы  аталады.  «Есімдік  сөйлемде  зат  есімнің 

немесе сын есімнің орнын алмастыратын сөздер тобынан тұрады»  [1. 268]. 

Қорыта  айтқында,  есімдіктердің  қыр-сырын  қарастырып  жүрген 

зерттеушілердің есімдік сөз табына теориялық нақты анықтама беруі қиынға 

соғатынын  аңғарамыз,  себебі  есімдіктің    зат  есім  мен  сын  есімнен 

айырмашылығы,  есімдік  қандай  да  болсын  бір  затты  немесе  сапаны 

атамайтындығында, тек оған сілтеп, мегзеп, сұрау т.б. мағыналарын білдіреді. 

Сонымен  есімдік  белгілі  бір  контексте  немесе  оқиғада  түсіндірілетін 

қорытынды мағынаға ие дегіміз келеді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Гордон Е.М., Крылова И П. A Grammar of Present Day English, М., 1980. с. 268-304. 

2.

 



Вейхман Г.А. Новое в английской грамматике, М., 1990. 220 с. 

3.

 



Рубцова  М.Г.  Обучение  чтению  английской  научной  и  технической  литературы.  Лексико-

грамматический справочник, М., 1989. 

4.

 

Беркнер С.С., Пеньков Б.В. Некоторые лексико-семантические особенности языка американской  



средней  школы  второй  половины  ХХ  века  (учащиеся  и  учителя)  /  Язык,  коммуникация  и 

социальная  среда, Выпуск 1, Воронеж, 2001. 

5.

 

Қазақ тілі энциклопедиясы. А., 1998. 



6.

 

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі А., 1991.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет