Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет33/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Омарова Р.С., Исатаева Ұ.Б. Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық дербестігін... 

 

 



 

232 


бiлiктiлiктерiн  арттыруға,  болашақта  өздерiнiң  нақты iс-әрекеттерiн жоспар-

лауда, ұйымдастыруда компьютерлiк технологияны пайдалануға,  танымдық 

дербестікті  қалыптастыруға  негіз  болады.  Сондықтан  келтірілген  пікірлерді  

ескере  отырып,  компьютермен  оқыту  барысындағы  студенттің  өзіндік 

тапсырманы дербес орындау біліктілігін танымдық дербестіктің көрінісі деп 

қарастыруға болады. Нәтижесiнде болашақ маманның:   

-

 

өз бiлiмiн өз бетiнше үнемi жетiлдiрiп отыруға үйрену;   



-

 

зерттеу  жұмыстары  мен  оқыту  әдiстемесiнiң  мазмұны,  құрылымы 



туралы қажеттi бiлiммен қарулану; 

-

 



әрбiр  студенттiң  зерттеу  жұмыстары  бiлiктiлiгi  мен  дағдылары 

компоненттерiнің  қалыптасуы  негiзiнде  зерттеу  және  практикалық 

жұмыстарға деген қызығушылығын жоғарылату мүмкiндiктерi ашылады. 

Алайда,  кез  келген  техникалық  құрал  сияқты,  компьютер  де 

педагогикалық  қиындықтардың  барлығынан  сақтандыра  алмайды.  Оны 

пайдалануда,  ескерiлетiн  өзiндiк  қиындықтары  студенттiң  өзiндiк  жұмысын 

ұйымдастыру  барысында,  оның  бағдарлық  негiздерiн  жасаудың,  оқу 

тапсырмасының көп нұсқалы, көп деңгейлi жиынтығын құрастырып, орындау 

әдiстерiн  кеңейтудiң,  оның  орындалу  процесiн  басқарудың  маңыздылығын 

көрсетедi.  

 

Қорыта келе:  



а)  танымдық  дербестік–  құндылықтар  мен  құбылыстарды,  оқиғаларды 

өзінің  өмірлік  тәжірибесі  негізінде  қалыптасқан  субъективті  дүниетанымы 

тұрғысынан түсініп, бағалауды білдіреді; ә)танымдық дербестік – тұлғалық–

мәнділік құндылықтар мен құбылыстарды, оқиғаларды  түсіну мен бағалауда 

өзінің объективті  дүниетанымына сай логикалық заңдылықтарды қабылдап, 

қажетті  логикалық  әдістерді  өз  бетінше  таңдай  отырып,  шығармашылықпен 

түрлендіру қабілетін сипаттайды; б) танымдық дербестік – құндылықтар мен 

құбылыстарды, 

оқиғаларды 

қоршаған 

ортамен 

қарым–қатынасты 

үйлесімділік тұрғысынан түсініп, бағалау және пайдалануды білдіреді.  Олай 

болса,  қазіргі  қоғам  талабына  сай,  құзыретті  маман  даярлауға  мүмкіндік 

беретіндіктен студенттердің танымдық дербестігін компьютерді негізгі оқыту 

құралы ретінде пайдалана отырып қалыптастыру  - бүгінгі күннің көкейкесті 

мәселесі болып табылады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. Алматы: Білім, 

1994. 192 б. 

2.

 

Омарова  Р.С.  Жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  танымдық  ізденімпаздығын 



қалыптастыру. Дис. ... пед. ғыл. канд. Алматы, 2002. 166 б. 

 

 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

К.Ж.ҚОЖАХМЕТОВА 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор 



 

233 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 

 

Б.Т.ОРТАЕВ 

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ

 

 

ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ 



 

 

В 

статье 

рассматриваются 

понятия 

общей, 

профессионально-педагогической, 

педагогической  культуры  учителей,  а  также  освещаются  виды  технологической  культуры, 

присущие учителям предмета технологии. 

 

 

This article reveals the notion of general, professional and pedagogical culture of a teacher. It also 

deals with some kinds of technological culture of a technology teacher. 

 

Қазіргі  таңда  технологиялық  мәдениет  –  бұл  білім  берудің  бөлігі  емес, 



заманауи  білім  беру  үдерісінің  мақсаты  немесе  нәтижесі  ретінде 

қарастырылады. Технологиялық мәдениет әмбебап мәдениеттің, жалпы және 

кәсіптік  мәдениеттің  іргелі  компонентінің  бірі  болып  табылуы  қоғам  және 

адам өмірінің барлық жақтарына ықпал етеді. 

Біріншіден,  ол  адамда  технологиялық  білімдер,  іскерліктер  және 

технологиялық басты сапалар жүйесінің бар болуын болжайды. 

Екіншіден,  технологиялық  мәдениет  қоршаған  ортаға  белгілі 

технологиялық көзқарастарды қалыптастырады және өздерімен биосфералар, 

техносфералар  және  ноосфералар  бірлігін  көрсететін,  әлемге  жаһандық 

планетарлық  көзқарас  негізінде  жатқан  технологиялық  дүниетанымда 

көрінеді.  Бұл  жүйенің  ортасында  адам  тұрады,  әрі  ол  әлемде  саналы  түрде 

өзінің ақыл-ойымен теңдікті ұстайды. 

Жалпы  мәдениеттің  бөлігі  бола  тұра,  аталған  ұғым  қоғамдық 

мәдениеттің  экономикалық,  рухани,  эстетикалық және  басқа  да жақтарымен 

тікелей байланысты. 

Технологиялық  мәдениет  қоғамдық  өмірдің  құбылысы  ретінде  өзімен 

күрделі  динамикалық  жүйені  көрсетеді,  оның  құраушылары  педагогикалық 

практиканың әртүрлі деңгейінде көрінеді. 

Қазіргі  кезеңде  педагогикалық  білім  беру  мазмұны  изоморфты  кәсіби-

педагогикалық  мәдениетті  болуы  және  ғылыми-педагогикалық,  әдістемелік 

және арнайы білімдер блогын қамту керектігі қарастырылуда. Бұл мазмұнның 

өзегі  ретінде  аталған  блоктан  басқа  педагогикалық  сана  және  білімдік 

практика енетін педагогикалық мәдениет табылады [1]. 

Ал,  О.С.Гребенюк,  М.И.Рожков  болашақ  педагогтың  педагогикалық 

мәдениеті  моделі  төмендегідей  кәсіби  мәнді  психикалық  сфера 

компоненттерін  қамтиды  деп  біледі:  интеллектуалдық;  мотивациялық; 

еріктік; эмоционалдық; заттық-практикалық; экзистенциальды; өзіндік реттеу 

сферасы [2]. 

Педагог-ғалымдардың  пікірінше,  егер  де  жоғары  оқу  орындарының 

нақты  педагогикалық  үдерісінде  тізбеленген  сапалар  қалыптасатын  болса,  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Қожахметова Қ.Ж., Ортаев Б.Т. Технология пәні мұғалімінің технологиялық мәдениеті 

 

 



 

234 


онда  жоғарыда  көрсетілген  компоненттер  мұғалімнің  жеке-даралық 

ерекшелігі педагогикалық мәдениеттің сәйкес деңгейін сипаттайды. 

Соңғы жылдардағы әлеуметтік құбылыс ретінде мәдениетті зерделеудегі 

ғылыми еңбектерді талдау екі тенденцияның көрініс тапқанын растайды. 

Оның  біріншісінің  мәні  мәдениет  бағыттарының  жекелеген  жақтарын: 

рухани-мәдениет,  материалдық  мәдениет,  жеке  тұлға  мәдениеті,  іс-әрекет 

мәдениеті, оқыту мәдениеті, мінез-құлық мәдениеті, өнегелік мәдениет және 

т.б. зерттеуден тұрады. 

Екінші  тенденция  олардың  түзілуінің  бірлігін,  тұтастығын  көрсетеді. 

Болашақ  мұғалімдердің  кәсіптік  педагогикалық  мәдениетін  зерделеу  екі 

тенденцияның  үйлесімділікте  қарастырылуын  болжайды.  Бүгінгі  күнгі 

мамандардың  жоғары  деңгейдегі  дайындығы  оның  жалпы,  жеке  тұлғалық 

және кәсіби мәдениетінің шоғырландыруы болып табылады. 

Жалпы мәдениет – бұл адамның дүниетанымының мазмұны мен сипаты, 

білім 

деңгейі, 



еңбекке 

қатынасы, 

тәрбиелілігі, 

ол, 


білімнің, 

қызығушылықтың, сенімнің сапалық өзгерісінің нәтижесі. Жалпы мәдениет – 

кәсіби  білім  мен  іскерліктің,  сондай-ақ  аталған  мамандық  адамының  жалпы 

мәдени  тұғырының    толығуының  қайнар  көзі.  Ол  педагог кәсібінің  шыңына 

(профессионализмге)  қатысты  айтылады,  оның  деңгейін  және  кәсіби 

мәдениетінің дамуын анықтайды. Педагогтың жалпы мәдениетін құраушылар 

оның  кәсіби  мәдениетінің  компонентіне  айналады  және  керісінше,  кәсіптік 

мәдениеттің  дамуы  оқытушының  жалпы  мәдениетінің  көтерілуіне  алып 

келеді. 

Кәсіптік мәдениет – бұл қандай да бір кәсіптік (іс-әрекетті иеленуші) іс-

әрекетпен  айналысушы  адамдардың  кәсіби  деңгейіне  қойылатын  қоғам 

талабы.  Ол  әрбір  адамның  кәсіптік  іс-әрекеттің,  еңбектің  кез  келген  түрін 

барлық  нормаға  сәйкес  орындауға  дейінгі  әрекеттерден  тұрады.  Кәсіптік 

мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік толысуының басты көрсеткіші, қоғамдық 

өндірістің  нақты  саласында  өзінің  мәнді  күшін  жүзеге  асыруға  даярлығын 

анықтаушы жеке тұлғаның білімі, іскерлігі мен дағдыларының, сапаларының 

кешені болып табылады [3]. 

Педагогикалық  іс-әрекет  практикасына  «педагогикалық  мәдениет» 

ұғымы  ертеректе  қосылған,  бірақ  берілген  феноменді  тұтас  теориялық 

зерделеуге  арналған  арнайы  зерттеулер  жоқ.  Ғылыми  ұғым  ретінде 

«педагогикалық  мәдениет»  ешқандай  педагогикалық  сөздікте,  ешбір 

педагогикалық энциклопедияда ашылмаған, оның қатаң негізделген талдауы 

бар  педагогикалық  әдебиеттерде  жоққа  тән.  Дегенмен,  педагогикалық  іс-

әрекет  ерекшеліктерін  талдаумен,  жоғары  оқу  орындары  оқытушыларының, 

мұғалімдердің  педагогикалық  қабілеттерін,  педагогикалық  шеберліктерін 

зерделеумен 

байланысты 

аталған 


мәселе 

С.И.Архангельскийдің, 

А.В.Барабанщиковтың, 

З.Ф.Есараеваның, 

Н.В.Кузьминаның, 

В.Г.Максимовтың,  В.А.Сластениннің,  Н.Н.Тарасевичтің,  Ш.Т.Таубаеваның,  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2010 

 

Қожахметова Қ.Ж., Ортаев Б.Т. Технология пәні мұғалімінің технологиялық мәдениеті 

 

 



 

235 


А.А.Молдажанованың, П.Н.Хозяиновтың және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. 

И.Ф.Исаев  «Кәсіптік-педагогикалық»  мәдениет  ұғымын  ғылыми  айналымға 

енгізген және оның мазмұнын құраушы компоненттерді бөліп көрсеткен [3]. 

Ғалымның ойы бойынша кәсіби-педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық 

компоненті  жоғары  мектеп  дамуының  заманауи  кезеңінде  тұтас  педагогикалық 

үдеріске  өзіндік  ерешелікпен  ендірілген  және  адамзатпен  жасалған 

педагогикалық  құндылықтар  жиынтығымен  қалыптастырылады.  Педагогикалық 

іс-әрекет  барысында  оқытушылар  идеялар  мен  тұжырымдамаларды  меңгереді, 

педагогикалық  іс-әрекеттің  гуманистік  технологиясын  құрайтын  білім  мен 

іскерліктерді  игереді  және  нақты  өмірдегі  деңгейіне  байланысты  олардың  көп 

немесе  аз  мәнділігін  бағалайды.  Қоғам  мен  жекелеген  педагогикалық 

білімдердің,  идеялардың,  тұжырымдамалардың  жүйесі  үшін  қазіргі  сәтте  үлкен 

мәнге ие болады және педагогикалық құндылықтар ретінде көрінеді. 

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компоненті оқытушының 

педагогикалық  іс-әрекетінің  амалдары  мен  тәсілдерін  қамтиды.  Педагогикалық 

мәдениеттің  құндылығы  мен  жетістігі  жеке  тұлғаның  іс-әрекет  барысында 

меңгеріледі  және  түзіледі,  әрі  мәдениет  пен  іс-әрекеттің  үзіліссіз  байланысы 

фактісін растайды.  Педагогикалық мәдениеттің технологиялық сипаттамасының 

гуманистік  бағыттылығы  жеке  тұлғаның  көп  түрлі  үлгілі  рухани  қажеттілігін 

қанағаттандыру  механизмін  зерттеу  мүмкіндігін  береді.  Нақтырақ  айтқанда, 

қарым-қатынаста,  жаңа  ақпаратты  алуда,  жинақталған  жеке  дара  тәжірибені 

беруде,  қалай  және  қайтіп  қажеттілікті  қанағаттандырудың  бәрі  тұтас 

педагогикалық үдерістің негізін құрайды. 

Педагогикалық іс-әрекет өзінің табиғаты бойынша технологиялылы. Осыған 

байланысты  оның  көп  үлгілі  педагогикалық  міндеттердің  шешімі  ретінде 

қарастыруға  мүмкіндік  беретін  педагогикалық  іс-әрекетті  операциялық  талдау 

талап  етіледі.  Теориялық  зерттеулер  мен  практикалық  талдау  барысы 

оқытушының  кәсіби-педагогикалық  мәдениеті  технологиясын  құрайтын  талдау-

рефлексивтік,  конструктивтік-болжамдық,  ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік, 

бағалау-ақпараттық,  түзетуші-реттеушілік  міндеттерді  шешу  тәсілдері  мен 

амалдары жиынтығынан тұратындығын көрсетеді. 

Зерттеулерге  сәйкес,  кәсіби-педагогикалық  мәдениет  күрделі,  көп  аспектілі 

түзілімді  сипаттайды,  әрі  -  «кәсіптік  мәдениет»  пен  «педагогикалық  мәдениет» 

оқытушының  шығармашылық  практикасында  органикалық  бірлікте  жүзеге 

асырылады.  Бұлар  кәсіби-педагогикалық  мәдениеттің  әмбебаптық  мәнді 

сипаттамасын беретін парадигманы анықтауда қиындықты тудырады. 

В.А.Сластенин  кәсіби-педагогикалық  мәдениет  мазмұнында  әртүрлі 

компоненттерді  ажыратады  [4]:  фундаментальды  жалпыфилософиялық, 

жалпымәдени, 

психологиялық-педагогикалық, 

арнайы 

білім, 


ғылыми-

педагогикалық  ойлаудың  инновациялық  стилі,  шығармашылық  шешімдерді 

қабылдауға даярлығы, ұдайы өзіндік білім алуға қажеттілігі және оған даярлығы, 

мұғалімдерге тәрбиеленушілердің даму деңгейін зерделеу мен диагностикалауға, 

оларды түсінуге, олардың бірлескен іс-әрекетін  ұйымдастыруға,  жеке  тұлғаның 

әлеуметтік-құндылық сапаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін практикалық  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Қожахметова Қ.Ж., Ортаев Б.Т. Технология пәні мұғалімінің технологиялық мәдениеті 

 

 



 

236 


педагогикалық  іс-әрекет  іскерліктері  мен  дағдылары,  сондай-ақ  үлгі  бойынша 

нақты  әрекет  ету  ғана  емес,  сонымен  қатар  педагогикалық  іс-әрекеттердің  жеке 

дара стилін меңгеру қабілеттілігі. 

Ғалымның  ойы  бойынша  кәсіби-педагогикалық  мәдениеттің  негізі  жоғары 

оқу  орындарында  алған  білімдермен  жинақталады,  басты  міндет  педагогтың 

жеке  тұлғалық  және  кәсіби  мәдениетінің  қалыптасуын,  оның  өмір  тіршілігі 

тәсілін,  «адам  шығармашылығы»  іс-әрекетінде  жеке-даралық  шығармашылық 

күшін  жүзеге  асыру  құралы  ретінде  қамтамасыз  ету.  В.А.Сластенин  білім  беру 

саласындағы  профессионал  әлемдік  мәдени  қозғалыстағы  оның  тарихи 

заңдылықтары  мен  этноаймақтық  формалардағы  білім  беру  үдерістерінің  және 

жүйелерінің орны мен рөлін айқын елестетуі қажет деп біледі [5]. 

И.Ф.Исаев мұғалімнің технологиялық мәдениетіне педагогтің белгілі оқыту 

мен  тәрбие  технологиясы  жүйесін,  сондай-ақ  педагогикалық  үдерістегі 

альтернативті  педагогикалық  технологияны  талдау  іскерлігін  меңгеруді 

теңестіреді. 

В.А.Сластенин  [6]  аталған  ұғымды  талдап  қорыта  келе,  өзінің  жұмысында 

төмендегідей  анықтама  береді:  мұғалімнің  технологиялық  мәдениеті  –  бұл 

педагогикалық  іс-әрекеттің  және  оның  мағынасындағы  операциялық  құрамның 

жеке  тұлғалық  бағыттылығын  анықтайтын,  өзіне  педагогикалық  үдерістің 

гуманистік  құндылықтарын  біріктіретін  кіріктірілген  жеке  тұлғалық  білім; 

педагогикалық  іс-әрекет  технологиясын  көрсететін  және  оның  операциялық 

құрамының  технологиялық  деңгейге  ауысуына  мүмкіндік  беретін  кіріктірілген 

педагогикалық  іскерлік;  кәсіби-педагогикалық  іс-әрекет  мағынасындағы  жеке 

тұлғалық  тұжырымдаманы  және  оның  шығармашылық  тұрғыдан  жүзеге  асуын 

ашатын педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғалық-шығармашылық стилі. 

В.А.Сластениннің  берген  анықтамасы  кеңінен  ашылған  және  толық  болып 

табылады. Бұл педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің оқыту мен тәрбиелеуге қатысты 

болып тұрғандығын көрсетеді. 

И.В.Никишина  «Технологиялық  мәдениет  деп  өзіне  жеке  тұлғаның 

кіріктірілген  сапасын:  педагогикалық  іс-әрекетінің  гуманистік  бағыттылығын, 

кіріктірілген  педагогикалық  іскерліктерін  анықтаушы,  педагогикалық  іс-әрекет 

технологиясын  көрсететін  және  оны  операциялық  құрамнан  технологиялық 

деңгейге ауыстыруға қабілетті педагогикалық үдерістің гуманистік құндылығын; 

кәсіби-педагогикалық  іс-әрекеттің  жеке-дара  тұжырымын  және  оның 

технологияда 

шығармашылықпен 

іске 

асырылуын 



ашып 

көрсететін 

педагогикалық  іс-әрекеттің  жеке  тұлғалық-шығармашылық  стилін  біріктіру 

түсініледі»  -  деп  сипаттай  келе,  «Заманауи  педагогикалық  технологияны  және 

технологиялық  мәдениетті  меңгерген  педагог  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдерін 

пайдалану 

кезінде 

икемділік 

көрсетеді,  өзінің 

жеке 


педагогикалық 

технологиясын  әзірлеумен  кәсіби  әрекетін  өзгерте  алады»  -  деп  оқытушының 

технологиялық мәдениеті ұғымы мен мәнін көрсетеді [7.40-41]. Бұл сипаттаудан  

технологиялық    мәдениет    педагогтарға    ортақ      педагогикалық        іс-әрекеттің 

гуманистік құндылыққа және шығармашылық сипатқа ие болатыны көрсетіледі. 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Қожахметова Қ.Ж., Ортаев Б.Т. Технология пәні мұғалімінің технологиялық мәдениеті 

 

 



 

237 


Н.А.Максимова  өзінің  диссертациялық  зерттеу  жұмысында:  «мұғалімнің 

технологиялық  мәдениеті  деп,  мұғалімнің  педагогикалық  құндылықтарының, 

технологиялық  іскерліктерінің  (педагогикалық  техника  мен  педагогикалық 

технология)  және  шығармашылық  жеке  тұлғасының  динамикалық  жүйесін 

түсінеміз» - деп қысқаша анықтама береді [8.36]. 

Зерттеулер  бойынша  талдау  мұғалімнің  технологиялық  мәдениеті 

педагогикалық  мәнді  жүйе  болып  табылатынын  көрсетеді  және  бұл  берілген 

жүйенің  құрылымын  айқындауға,  оның  құраушыларын  бөліп  алуға  мүмкіндік 

береді. 

Әртүрлі 


ой-пікірлерді 

талдай 


келе, 

Н.А.Максимова 

мұғалімнің 

технологиялық мәдениетінің төмендегідей компоненттерін бөліп көрсетеді: 

1.

 

Педагогикалық позиция және кәсіби-жеке тұлғалық сапа. 



2.

 

Технологиялық білім және педагогикалық ойлау мәдениеті. 



3.

 

Технологиялық іскерлік. 



4.

 

Педагогикалық технология. 



Біздің  ойымызша  берілген  құраушыларға  шығармашылық  жеке  тұлғалық 

сапаны  қосу  қажет,  себебі  бұл  компонентсіз  өзінің  кәсібіне  заманауи  талапқа 

бағдарланған толық кәсіп иесін, мұғалімді елестету мүмкін болмайды. 

Д.А.Крылов  өзінің  ғылыми-зерттеу  еңбегінде  «технологиялық  мәдениет 

технология  пәні  мұғалімінің  кәсіби-педагогикалық  мәдениетінің  құраушы 

элемент ретінде – болашақ технология пәні мұғалімі жеке тұлғасын шығармашыл 

өзін  жүзеге  асырудың  және  кәсіптік  өзін  жетілдірудегі  іс-әрекеттің  білімдік 

негіздерін  терең  және  сауатты  меңгерудің  инновацияға  және  жаңалыққа 

дайындықтың қажетті компоненті» - деп түсінік береді [9.47]. 

Ш.Таубаева  «педагогикалық  мәдениет,  өз  кезегінде  тұтас  (целого)  – 

мәдениеттің бөлігі, адамның қалыптасуының шарты ретінде табылады және бұл 

тұтастықтың  контекстінде  жұмыс  жасайды»  деп  біледі  [10.194].  Сондай-ақ, 

педагог-ғалым  өзінің  зерттеуіне  сәйкес  мұғалімнің  зерттеушілік  мәдениетінің 

генезисін  айқындайтын  статикалық  моделін  философиялық  категория 

контекстінде  қарастырады:  жалпы  (всеобщее)  (мәдениет)  →  жалпы  негізгі 

(педагогикалық  мәдениет)  →  ерекше  (кәсіби  педагогикалық  мәдениет)  →  жеке 

дара  (зерттеушілік  мәдениет)  [11.194-195].  Мұғалімнің  зерттеушілік  мәдениетін 

құраушы  дайындық  түрлері  (тұтас  педагогикалық  үдеріс  теориясы,  ғылыми-

зерттеу  жұмыстарына  дайындық,  мектептегі  ғылыми-әдістемелік  жұмыстарды 

ұйымдастыруға дайындық, т.б.) арқылы сипатталады. 

Біздің  зерттеуімізде  де  болашақ  мұғалімдердің  технологиялық  мәдениетін 

философиялық  категория  тұрғысынан  қарастырғанда  төмендегідей  тізбеде 

елестетуге болады: жалпы (мәдениет) → жалпы негізгі (педагогикалық мәдениет) 

→  ерекше  (кәсіби  педагогикалық  мәдениет)  →  жеке  дара  (өндіріске  тән 

технологиялық  мәдениет).  Ал  технология  пәні  мұғалімдерінің  технологиялық 

мәдениеті  туралы  айтқанда,  онда  қарастырылып  отырған 

мәдениет    түрлері  

кәсіби   педагогикалық   мәдениеттің    құраушысы  болып

 табылатындықтан 

педагогикалық  іс-әрекеттің  техникасына  және  технологиялық  компонентіне 

қатысты болып табылады.  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Қожахметова Қ.Ж., Ортаев Б.Т. Технология пәні мұғалімінің технологиялық мәдениеті 

 

 



 

238 


Мұнда технологиялық мәдениетті сөз тіркестеріне және болашақ технология 

пәні  мұғалімдерінің  кәсіби  еңбек  іс-әрекетіне  байланысты  нақтылау  қажеттілігі 

туындайды. Себебі, технологиялық мәдениет жалпытехникалық, политехникалық 

және  технологиялық  дайындық  құраушысы  және  соларды  қамтушы  (білім  беру 

мен дайындықтың деңгейіне сәйкес) ретінде де қарастырылады (Сурет 1). 

 

 



 

 

 



   

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сурет 1 - Технология пәні мұғалімдері мәдениетінің жалпы мәдениеттегі көрінісі 

 

Біздің  ойымызша  мұғалімнің  «технологиялық  мәдениеті»  ұғымына 



берілген  анықтама  технология  пәні  мұғаліміне  тән  нақтылануы  тиіс. 

Мәдениет  контексті  тұрғысынан  кәсіби  педагогикалық  іс-әрекеттегі 

«технологиялық  мәдениет»  ұғымына  тән:  «болашақ  технология  пәні 

мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық іс-әрекеттегі технологиялық мәдениеті 

–  педагогикалық  іс-әрекет  және  оны  ұйымдастыру  бойынша  білімдерді; 

педагогикалық үдерісті танып білу мен оны педагогикалық технологияларға 

сәйкес  «нәтижелі»  етіп  ұйымдастыруға  дайындықты;  педагогикалық 

шығармашылық  пен  қабілетті;  өзіндік  педагогикалық  білім  мен  іскерлігін 

жетілдіру  бойынша  ізденістегі  ұмтылысты  қамтитын  кіріктірілген 

сапасы» деп білеміз. 

Бұл  анықтама  жалпы  кәсіби-педагогикалық  мәдениетке  қарағанда 

анағұрлым  тар  болып  табылады.  Бірақ  бұл  жоғарыда  айтып  кеткендей 

педагогикалық мәдениет  құраушыларының  негізін  құрайды. Оның   ішінде: 

конструктивтік,    ұйымдастырушылық,        коммуникативтік,      ақпараттық,  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет