Филологические науки



Pdf көрінісі
бет18/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   160
Моқал тісті жыландар
– усыз жыландар. Олардың тістері 
бірыңғай моқал болғандықтан у ағатын жылғасы болмайды. Халық 
танымында бұл жыландарға 
сарыбас жылан, қара шұбар 
жыландар 
жатады. Бұл жыландар өзінің жемтігін денесімен орап, қысып өлтіріп 
барып жұтады. 
У
лы жыландар
– уы жоғарғы жақ сүйектің артқы шегінде 
жиналатын азу тісті жыландар. Уы аса қауіпті. Алғашқы көмек дер 
кезінде көрсетілсе, аман қалуға болады. 
Жәндіктердің ішкі, сыртқы бітім­болмысы мен тіршілігін мұқият 
бақылап, солардың қимыл­қозғалысынан жағымды не жағымсыз әсер 
алып отыратын байқампаз халқымыздың таным­түсінігінен туындаған 
бірқатар тұрақты тіркестермен маркерленген бірліктер қазіргі таңда 
жиі қолданылады. Айталық, 
бақа
– ұзындау артқы аяқтары секіруге 
бейім келген, құйрықсыз су жәндігі. Одан мынандай атаулар мен 
тіркестер туындаған: 
Бақа ауыз
– арбаның оқтық ағашы енетін, алдыңғы дөңгелекке 
бекітілген ағаш. 
Бақа бас
– жалпақ басты (етік). 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
21
Бақа ине
– кесте тігетін ине. 
Бақа көз
– сыртына шығыңқы, томпақ көз. 
Бақа қыбыр
– маңдымайтын, сылбыр қозғалыс. 
Бақа мойын
– мойны қысқа. 
Бақа тамақ
– бұғағы түсіңкі, салбыраңқы тамақ.
Бит
– 1) Адамның жан­жануарлардың қанын соратын жәндік. 
2) Өсімдік жапырақтарының шырынын соратын зиянды құрт. Бұл 
сөзден мынандай қолданыстар туған:
Биттей
– 1) Бит тәрізді кішкентай, кішірек. 2) Сәл, азғана, 
кішкентай. 
Битке өкпелеп тоныңды отқа салма 
– жоқтан өзгені сылтауратып, 
өз үлесіңнен қағылма. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет