Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы


№ 9 практикалық сабақ тақырыбы. Құрмалас сөйлемнің анықталуы



Pdf көрінісі
бет108/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159
№ 9 практикалық сабақ тақырыбы. Құрмалас сөйлемнің анықталуы  

Сабақ жоспары:  

1.  Түркі тіл біліміндегі құрмалас сөйлемнің анықтамалары  

2.  Құрмалас сөйлемге берілген анықтамалардың айырмасы 

Сабақ мақсаты: түркі тіл білімінде құрмалас сөйлемге берілген анықтамаларды салыстыру, талдау. 

Бақылау сұрақтары:  

1.  Түркі тіл білімінде құрмалас сөйлемді зерттеген ғалымдар? 

2.  Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы жазылған ғылыми еңбектер? 

3.  Компоненттердің жалғаулық арқылы байланысуы туралы Т.Қордабаев пікірі?  

4.  ҚС мен жай сөйлемнің ерекшеліктері неде?  

5.  ҚС мен жай сөйлемнің ортақтығы неде?  

6.  ҚС интонациясының қызметі қандай?  

Глоссарий  

Синтаксистік компоненттер – құрмалас құрамындағы жекелеген жай сөйлемдер, предикативтік бірліктер.  

ҚС коммуникативтік қызметі – күрделі ойды білдіретін синтаксистік-коммуникативтік тұлға болуы.  

ҚС   грамматикалық формасы – құрмалас сөйлемнің барлық модальдік – шақтық жүйесін қамтитын формалар жүйесі.  



Жаттығу 

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді бөліп көшіріңіз де, екеуіне де сипаттама беріңіз. Предикаттық қатынасының көрінуі 

мен байланысу амалдарына тоқталыңыз, синтаксистік талдау жасаңыз.   

І.  Жүргіншілер  ойға,  жазаң  жерге  келіп  түскенде,  бағанадан  бұларға  көрініп,  өздеріне  қарай  асығып, 



тырағайлап  шауып  келе  жатқан  аттылардың  алдыңғы  екеу-үшеуі  үйме-жүйме  қатар  жетті.  Омырауларын  тер 

басқан, демігіп танауратқан сәйгүліктерді  зорға тоқтатқан ауыл кісілері  күймеге соқтыға жаздап,  дабырлап сәлем 

берісті. Қуаныштың айғай-шуын, шат күлкісін Әбіштің алдынан ала шықты.  

ІІ. Жігіттер бүлкектеген жүріспен шоғыры мол, шұбар топ болып, батысқа қарай тартып барады. Долгов 

пен Әбіш, Абайдан естулері  бойынша, «Қоңыр әулиеге» баратын жол ұзақ болар деп еді. Арада екі сағаттай уақыт 

өтті.  Кейде  желе  жортып,  кейде  жазаң  жерлерде  бір-екі  рет  жарысып  алысты.  Бір  шақта  жүргіншілер  аршалы 

тастақ белге шыққанда, ұзын өлке бойында қалың шалғынды кең қонысқа созыла қонып отырған ауылды көрді. Көп 

кермелерде бестен-оннан тізілген ерттеулі аттар тұр(М.Әуезов).   

2.2.  Көп  нүктенің  орнына  өздеріңіз  жай  сөйлем  ойлап  жазып,  құрмалас  сөйлем  құрастырыңыздар.  Оларға 

синтаксистік талдау жасаңыздар.  

1. Бас инженер енді ғана қара көк шұғаны жайып жіберді, ... 2. Альбомдағы іс үлгілерін қарап өткенде, ... 3. 

Сауаты шамалы болғанмен, көпті көрген кісі бізден дүниеде болып жатқан жаңалықтар жайында хабарлар сұраумен 

тынған  жоқ,  сонымен  қатар  ...  4.  Көк  сұр  қыран  көзден  таса  болғанша,  Әлтай  ...  5.  Мен  жаралы  болып  кеткен 

кекілікті олайда-былай іздестіре бастадым, бірақ ....  

Блиц тест  

1. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемге тән ортақ белгі - ..........................  

а)  екеуі де сөйленіс бірлігіне жатады   ә) бір предикативтік орталыққа ие   б) компоненттері  – сөз тұлғалары мен сөз 

тіркестері  

2. Құрмалас сөйлемнің компоненттері - ..................... 

а) предикативтік бірліктер   ә)  сөз тіркестері   б) үйірлі мүшелер   

3.  Жай сөйлем ............... пердикативтік орталыққа ие 

а)  бір  ә) екі немесе одан көп    б) екі  

Әдебиеттер:  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет