Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет114/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   159
Глоссарий

Салалас құрмалас сөйлем - предикатив  сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір лексика-

грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық-құрылымдық және интонациялық тұтастық құрайтын сөйлем түрін салалас 

құрмалас сөйлем дейміз.  

Жаттығулар  

1.Төменде айтылған ғылыми пікірлердің авторын анықтап, талдаңыз. 



Профессор  ... бұл мәндес сөйлемдерді екі жақты (мағынасы жағынан салалас, тұлғасы жағынан сабақтас құрмалас) 

қарастыра тұрса да, түптеп келгенде оларды іргелес салаласқа жатқызған. 

Профессор  ...  :  «Сабақтасты  салаласты  ажыратудағы  негізгі  критерий  (өлшеу,  шек)  –  егер  бағыныңқының 

баяндауышы сөйлемді аяқтай алатындай тиянақты болса, онда құрмаласқан жай сөйлемдер салалас тобына жатады 

да, керісінше баяндауышы тиянақсыз болса, сабақтас тобына жатқызылады». 

Профессор ...   мәндес сөйлемдерді сабақтас құрмалас ретінде танып, оларды үлестес деп атаған.  

2.  Төменде  берілген  сөйлемдерден  жалғаулықты  салаласты  бір  бағанға,  жалғаулықсыз  салаласты  бір  бағанға  көшіріп 

жазыңыз,  жалғаулықтарының  мәндік  ерекшелігіне  сәйкес  салаластың  түрін,  жалғаулықсыз  салалас  құрмалас  сөйлем 

компоненттерінің байланысу амал-тәсілдерін анықтаңыз, синтаксистік талдау жасаңыз.  

 

Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат. Ұлы табалдырықтан аттау үшін адамға дәт керек, үлкен 

әрі  таза  рух  керек.  Орнынан тұрғысы  жоқ,  шам  да  жақпады.  Ізбайшаға Ескендірді  көтеріп  отыру  жарасар–ақ  еді, 

бірақ тағдыр жазбады.Оңтүстіктен, ыстық жақтан келгені бірден байқалады, жүзін күн қақтап тотығып кеткен. 

Мұрны  да  қоңқайып,  жоталанып  кеткендей  екен,  өйткені  көзілдірік  бұрынғыдай  нық  тұрмай,  қолқылдап  қалыпты 

(Ш.Мұртазаев).  

2.1. Мына жалғаулықтарды келтіріп салалас сөйлем құрыңыз, бұлардың қайсысы қайталанып қолданыла береді.Тыныс 

белгілерін қойып, түсіндіріңіз. 

 

Алайда, өйткені, әрі, кейде, не.   



 

Блиц тест  

1. Салалас құрмалас сөйлемге тән белгіні анықтаңыз? 

а)  предикатив  сыңарларының  баяндауыштары  әрдайым  өз  бастауышымен  жақ  жағынан      қиыса  байланысады        ә) 

предикатив  сыңарларының  баяндауыштары  әрдайым  өз  бастауышымен  жақ  жағынан      қиыса  байланыспайды      б) 

предикатив сыңарларының мағыналық дербестігі басым, олар өзара теңдес дәрежеде және сыңарларының мағыналары 

өзара тұтастай қарым-қатысты болмайды 

2. Салалас құрмаласты көрсетіңіз 

а)  Келші,  қалқам,  менің  қасыма  отыршы!    ә)  Қане,  жігіттер,  аттарыңды  қамдаңдар!  б)  Жаны  шығып  кете  жаздады, 

өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес.  

3. Қарсылықты салаласты анықтаңыз. 

а) Ол басында қатты қарсылық білдірген еді, дегенмен көптеп-көмектеп көндірдік. ә) Қоңырау соғылды, сабақ басталды.  

б) Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.  

Әдебиеттер:  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет