Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы


ІІ. ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет12/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   159
ІІ. ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ  

 

2.1 Құрмалас сөйлемнің анықталуы 

Түркі  тілдеріндегі  құрмалас  сөйлем  теориясын  қалыптастырған  түркологтар  қатары: 

Н.К.Дмитриев,  А.К.Боровков,  А.Н.Кононов,  Е.И.Убрятова,  Н.А.Баскаков,  Н.Т.Сауранбаев, 

К.К.Сартбаев, П.Азимов, М.А.Ширалиев, М.М.Гаджиев және т.б. .  

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерінің зерттелуін Қ.Есеновтің үш 

кезеңге бөліп қарастыруы.  

Түркі  тілдерінде  құрмалас  сөйлемдер  түрліше  атауға  ие  екендігі.  Қазақ  тілінде  құрмалас 



сөйлемдер  деп  аталса,  башқұрт  тілінде  кушма  һөйләм,  татар  тілінде  кушма  жөмлә  деп  аталады. 

Жалпы аталған түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемдерге берілген анықтамалар сипаты.  

Құрмалас  сөйлем  компоненттерін  байланыстыратын  тіл  амалдарының  түркі  тіл  білімінде 

көрсетілуі.  

Башқұрт  тілінде  құрмалас  сөйлемдердің  қатысымдық  бірлік  сапасындағы  сипаты, 

құрамында бір негізді сөйлемдердің де, екі негізді сөйлемдердің де келе беретіндігі, екі не онан да 

көп  сөйлемдердің  болатыны,  олардың  компоненттерінің  арасын  интонация,  септік  жалғаулары, 

демеуліктер мен шылаулар байланыстыратынының аталуы.  

Татар  тілінде  құрмалас  сөйлемдердің  мағыналық,  құрылымдық,  интонациялық 

тұтастығынан  тұратынын,  олардың  компоненттерінің  байланысы  ортақ  сөздің  болуынан,  соңғы 

компоненттің алдыңғы компонентпен мағыналық байланысынан тұратынын атап көрсетуі.   

Өзбек  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдерді  зерттеген  Г.А.Абдурахманов  құрмалас  сөйлем 

компоненттерінің өзара мағыналық байланысы екі түрлі жүзеге асатынын атауы.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет