Әлеуметтік жағдай (социальная ситуация) – қоғамдағы әр түрлі таптық, демографиялық, этностық т.б. топтардың өмір сүру, еңбек ету жағдайларын анықтайтын объективтік және субъективтік жағдайлар мен процесстердің әлеуметтік құрылымы.
Әлеуметтік стратификация (стратификация социальная, стратификация термині латынның ‘stratum’- «жік , қатпар, қабат» және ‘facer’ – «жасау» деген сөздердің қосындысынан алынған) - соңғы жылдарға дейін Батыс социологиясында ғана пайдаланып негізгі әлеуметтік айырмашылықтардың және теңсіздікті көрсететін түсінік. Ә.ж. –ді зерттеудің үш бағыты бар: 1) әлеуметтік мәртебені әлеуметтік теңсіздіктің өлшемі ретінде қарау; 2) әлеуметтік бағыт-бағдармен байланыстыру; 3) негізгі жік жарғылар есебінде мамандық түрін , табыс мөлшерін , білім дәрежесін басшылыққа алу.
Әлеуметтік идеал (социальный идеал) – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағы, болашақтағы бейнесінің көрінісі.
Әлеуметтік иерархия (социальная иерархия гректің «hierarhia» - «қасиетті» және «arche» - «билік» деген сөздерінен алынған) – «жоғарғылардың» «төмендегілерді» бақылап отыруына, бағыныштылыққа негізделген күрделі әлеуметтік қатынастар жүйесі. Ә.и. – ға басқаруды орталықтандырумен қатар, бюрократияландыру тән. Еңбек бөлінісінің бір түрі ретінде ол адамдар арасындағы қатынастарды өз заңдарына бағындырады.
Ә.и. билік түрінде жүзеге асырылады, яғни белгілі бір ұйымдасқан жүйедегілер ережелер мен нұсқауларды қатаң орындап отыруы тиіс. Жеке адам (жұмыскер, қызметкер) өз ерік – жігерін Ә.и. талаптарына бейімдейді. Ә.и. заңдылықтарды әр түрлі мекемелер арасындағы қатынастарда да орын алады.
Әлеуметтік инновация (латынның «innovation» - «жаңалық енгізу», «өзгеру» деген сөзінен алынған) – материалдық, экономикалық, әлеуметтік мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, қоғамның өмір сүруін қамтамасыз ететін салаларда сапалы өзгерістер жасауға бағытталған қоғамдық пайдалы істі жасау, тарату, жүзеге асыру процесі. Ә.и. әлеуметтік, экономикалық, мәдени шығармашылық пен прогрестің жемісі. Ә.и. өзінің жаңартушылық күш – қуатына қарай түбегейлі жаңартушы немесе барды өзгертуші болып бөлінеді. Ә.и. – ның соңғы түрі кеңірек тараған. Ә.и. мақсатты өзгерістерге бағытталған салаларда жиірек байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |