Диалектика -бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.
Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.
Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
Философияның негізгі функциялары:
Философияның негізгі функциялары:
- дүниеге көзқарастық;
- методологиялық:
- теориялық;
- гносеологиялық;
- сыншылдық;
- аксиологиялық;
- әлеуметтік;
- тәрбиелік-гуманитарлық;
- эвристикалық.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Дүниеге көзқарас дегеніміз не?
2. Философия мен ғылымның арақатынасы қандай?
3. Философия мен тілдің байланысы қандай?
4. Философияның негізгі мәселесі және сұрағы не болып табылады?