Софистика – ақиқат болмаса да ұтымды құрастырылған жалған алғышарттардан жаңа, логикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мағынасы жалған ойқорытынды жасау әдісі. Софистика Ежелгі Грецияда кең тарады: шешндік өнердің ақиқат білім алу жолы емес, пікір-сайыстарда “кімге болмасын, ненің болмасын дұрыстығын” дәлелдеу тәсілі ретінде арнайы оқытылды.
Герменевтика – мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі. Герменевтика Батыстық философияда кең таралған.
Әрі философиядағы бағыттар да, әрі философиялық деп:
Әрі философиядағы бағыттар да, әрі философиялық деп:
Материализм
Идеализм
Эмпиризм
Рационализмді айтады.
Материалистік әдіс – дүниені реалды тіршілік ретінде, ал материяны – бастапқы субстанция, сананы – материяның модусы – материяның көрінісі деп қарастырады. Материалистік-диалектикалық әдіс Советтік (Кеңестік) философияда үстемдік етті және қазіргі ресейлік философияда кең тараған.