A) 15%-ке арттыру керек; B) 20%-ке арттыру керек; C) 25%-ке арттыру керек; D) 30%-ке арттыру керек; E) 35%-ке арттыру керек.
12. Машинист жолдың белгілі бір участогінде пойыздың жылдамдығын 25%-ке кемітті. Осы участокте қозғалыстың уақыты қанша процентке артады?
A) 25%-ке артады; B) 28%-ке артады; C) 30%-ке артады;
D) 33%-ке артады; E) 35%-ке артады.
13. Уақыттың белгілі бір аралығында доллардың теңгеге шаққандағы құны 25%-ке кеміді. Сонда теңгенің долларға шаққандағы құны қанша процентке кеміді?
A) 15 %-ке төмендеген; B) 18%-ке төмендеген; C) 20%-ке төмендеген;
D) 22%-ке төмендеген; E) 25%-ке төмендеген.
14. Драма үйірмесіндегі ер балалардың саны қыз балалардың санының 80%-ін құрайды. Осы үйірмедегі қыз балалардың саны ер балалардың санының неше процентін құрайды?
A) 110 %; B) 115 %; C) 120 %; D) 125 %; E) 130 %.
15. Стадионға кіру билеті 450 теңге болатын. Кіру билеті арзандаған соң келушілердің саны 25%-ке артты да, одан 12,5% пайда түсті. Стадионға кіру билеті арзандағаннан кейін қанша теңге болды?
A) 300 теңге; B) 320 теңге; C) 340 теңге; D) 360 теңге; E) 380 теңге.
16. Бір елді мекенде тұрғындардың біраз бөлігі қазақ тілінде, ал біраз бөлігі – орыс тілінде сөйлейді. Қазақ тілінде барлық тұрғындардың 85%-і, ал орыс тілінде 75%-і сөйлейді. Тұрғындардың неше пайызы екі тілде сөйлейді?