111
ғылымның дамуына жеке капиталдың қосқан үлесінің аздығы, себебі сол
кезде Батыста ғылыми зерттеулерге жекеменшік ірі фирмалар белсенді
түрде ақша салып жатты. Ресейде тек Нобельдік отбасылар өндірушілері
ғана ғылымға ақшалай жәрдемдесті.
Ғылыми зерттеулердің дамуын Батыстағы: У. Томсон, және Э.
Резерфорд , Г. Гельмгольц және Н. Бор және т.б. сынды ірі
ұйымдастырушы–ғалымдар мен ғылыми мектеп басшыларынсыз елестету
мүмкін болмады. Ал Ресейде мұндай мектептер жоқтың қасы болды. Тек
шетел мектептерімен азда болса, бәсекелесе алатын, П.П. Лазарев, С.И.
Вавилов, А.Р. Колли және басқа да оқымыстылар шыққан Мәскеудегі И.
Лебедевтің ғылыми мектебі ғана болды .
Төңкеріске Ресейде, университеттік білім беру өзінің шамасына
байланысты ғылымға дарынды ғалымдардың көптеп келуіне жағдай жасай
алмады. Сондықтан физикамен кәсіб түрде айналысқысы келгендер шетелге
кетіп, сонда оқып, көбіне жұмыс істеуге ұзақ жылдарға қалып қоятын
болған. Міне, осы жағдай Ресейде ғылыми мектептерінің болмауы мен
физика ғылымының төмен сатыда болуына әкеліп соқты .
Қазан төңкерісенен кейін ғылымның дамуы Ресейде басқа жолмен
жүрді. Ол әлемдік дәрежеге жетті, қалай болғанда да физика ғылымы
жайында осылай айтуға болады.
Елдегі төңкерістен кейінгі алғашқы жылдары, көптеген бұзылуларға
қарамастан, ғылым бір орында қалып қоймады. Одан бөлек, дәл осы
уақытта Ресейде жаңа физиканың дамуына бастау болатын бағыттар
айқындалды. Бұл бағыттарға ірі ғылыми бөлімдердің құрылуы, жоғары
мектептердің жаңаруы және ғылыммен байланысының күшеюі, сонымен
бірге мемлекеттік және қоғамдық ғалымдар бірлестігінің құрылуы жатты.
Алғашқы ғылыми бірлестіктер 1918 ж. құрыла бастады. Сол жылдың
қазанында В.Д. Бонч – Бруевич Нижегород радиозертханасы мен қазіргі
Радио–физикалық ғылыми–зерттеу институтын құрды. Сол айда
Петроградта А.Ф. Иоффе және М.И. Неменов құрған
Рентгеннорадиологтялық институт (қазіргі Физика–техикалық институт)
жұмыс істей бастады, сонымен бірге Рожденственскийдің басқаруымен
Оптика институты ашылды. Мәскеуде Шанявский университетінің
базасында П.П. Лазарев Биофизика институтын құрды. Бұл институттар
Кеңес физикасының дамуында үлкен роль атқарды. Кейінірек осылардың
үлгісі бойынша басқаларда да институттар ашыла бастады.
Кеңес физикасының тарихы - өте кең тақырып, сондықтан да біз қысқаша
кеңес елінінің ғылымға аса зор үлестерін қосқан атақты бірнеше физик-
оқымыстылардың өмірбаяндарына тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: