14.8. Әдебиет 14.8.1. Ландсберг Г.С. Оптика. –М.: Наука, 1976.
14.8.2. Полатбеков П.П. Оптика. –Алматы: Мектеп, 1981.
14.8.3. Годжаев Н.М. Оптика. –М.: Высшая школа, 1977.
14.8.4. Сивухин Д.В. Общий курс физики. Оптика. –М.: Наука, 1985.
№15 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАРЫҚТЫҢ ТОЛҚЫН ҰЗЫНДЫҒЫН ФРЕНЕЛЬ БИПРИЗМАСЫ КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАУ
15.1. Жұмыстың мақсаты Толқын фронтын бөлу арқылы оптикада когеренттілікті қамтамасыз ету тәсілімен
танысу. Интеренференциялық бейненің айқындалуына жарық көзі (саңылау) өлшемінің
әсерін сапа жағынан бағалау.
Қондырғыны центрленген оптикалық жүйеге келтіру (юстировка) әдістерін үйрену.
Оптикалық микрометрді сызықтық параметрлерді өлшеуге пайдалану. Жарық
фильтрлері арқылы өтетін жарықтың толқын ұзындықтарын өлшейтін интерференциялық
әдісті зерттеу.
Түрліше шамаларды өлшеудегі дәлдіктердің үйлесімділігін бағалау.