Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері


Электр өрісінің негізгі сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет45/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Электр өрісінің негізгі сипаттамалары. 
Электр өрісін сол өрістін кез келген 
нүктесіне орналасқан зарядқа әсер жасаушы күш арқылы немесе өpic нүктесіндегі 
энергия арқылы сипаттуға болады.
Күш тұрғысынан сипаттаушы шаманы электр өрісінің кернеулігі (Е) деп 
атайды, ол өpic нүктесіндегі зарядқа әсер етуші
күштің (Ғ) заряд шамасына 
(q) 
қатынасымен анықталады:
q
F
E


=
 
Кернеулік 

векторлық шама, оның бағыты нүктеге орналаскан оң зарядқа 
әсер ететін күш бағытымен сәйкес болады.
Егер электр өрісін бірнеше заряд жасайтын болса, онда нүктедегі кернеулік 
жеке зарядтардың сол нүктедегі кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең 
болатыңдығын тәжірибелер дәлелеп беріп отыр. Тәжірибелерден алынған бүл 
қорытынды суперпозиция принципінің мазмұны болып табылады.
Өрісті энергетикалық тұрғыдан сипаттау үшін өpic потенциалы, өpic 
потенциалының айырмасы және кернеу үғымдары ендіріледі. Әдістемелік
әдебиеттер мен оку әдебиеттерінде осы ұғымдардың бәрінің кажеттілігі, 
қайсысының негізгі ұғым екендігі, қандай реттілікпен оқыту керек екендігі жөнінде 
әр түрлі пікірлер айтылады және қолданылады. Мектеп бағдарламасында негізінен 
"потенциал 

өpic потенциалы 
-
кернеу" реттілігі қолданылып жүр.


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
Өрісті энергетикалық тұрғыдан сипаттау үшін нүктедегі өріс потенциалы 
ұғымы ендіріледі. Өріс потенциалы (φ) ретінде өрістің біз қарастырып отырған 
нүктесінен зарядты тандап алынған нүктеге (нөлдік нүкте) дейін алып барғанда 
өрістің жасайтын жұмысының (W) сол заряд шамасына (q) катынасы алынады: 
φ 
= W/q. 
Нөлдік нүкте ретінде
кез келген нүктені алуға болады, бірақ 
физикада ондай нүкте ретінде әдетте шексізде орналасқан нүкте алынады да, ал 
практикалық есептеулерде Жер бетіндегі нүкте алынады.
Өрістің кез келген екі нүктесі арасындагы потенциалдар айырмасы нөлдік 
нүктені тандауға байланыссыз, сондықтан оның белгілі физикалық мағынасы бар. ол 

өріс зарядты бір нүктеден екінші нүктеге козғағанда жасалатын жүмыстың (А) сол 
заряд шамасына катынасымен анықталады, немесе 
q
A
=

2
1



Өріс потенциалы және потенциалдар айырмасы үғымдарын ендіру үшін 
электростатикалық өрістің потенциалдық сипатына айрықша тоқталу кажет болады.
Өрістің энергетикалық сипаттамаларьшың ішіндегі ең маңыздысы 

кернеу 
ұғымы 
(U), 
өйткені 
10- 
және 11
-
сыныптарда өтілетін тақырыптарда негізінен осы 
ұғым қолданылады. Дәлірек айтсақ, кернеу үғымы 

потенциалдар айырмасы 
ұғымына қарағанда кеңірек ұғым. Ол қарастырылып отырған екі нүктенің 
арасындағы бірлік оң зарядка әсер етуші барлық күштердің жасайтын жүмысымен 
анықталады. Мысалы, зерттелетін электр өрісі ғана емес бөгде күш те әсер етуі 
мүмкін. Ондай жағдайда учаскенің үштарындағы кернеу потенциалдар айырмасы 
мен сол учаскедегі электр қозғаушы күш (е) қосындысымен аныкталады:



+

=
2
1
U

Егер тізбек учаскесінде ондай бөгде күш болмаса (ε =0), онда кернеу және 
потенциалдар айырмасы ұғымдары бір нәрсе болып калады.
Орта мектеп курсыңца өрістің бұл айтылған екі түрлі сипаттамаларының ара 
қатынасы да қарастырылады. Ең қарапайым электр өрісі болып табылатын бір текті 
электростатикалық өріс үшін 
d
E
2
1



=
, немесе
d
U
E
=
формулалары алынады, 
мұндағы 
1 - 
бір текті өріс жасаушы беттердің бір
-
бірінен кашықтығы. Осы 
формуланың көмегімен өріс кернеулігінің бірлігі (В/м) ендіріледі.
Оқу материалын оқытуды бастағанда электродинамикаға кіріспеде, 
оқушыларда бар білімге сүйеніп, электромагниттік өріс жайындағы алғашқы 
мағұлыматтарды енгізеді. Электромагниттік құбылыстарды меңгергеннен кейін 
электромагниттік 
өріс 
жайындағы 
білімдерін 
тереңдетіп, 
кеңейтеді. 
Электромагниттік өріс ұғымы енгізуге болатын кейбір әдістемелерді қарастырайық. 
Оқушылардың физиканың базалық курсында алған электромагниттік құбылыстар 
жөніндегі негізгі мағұлыматтар жайындағы білімдерін жалпылап, қайталағаннан 
кейін, электродинамиканың ерекшелеіктерін анықтайды, ньютондық механикамен 
электродинамиканы салыстырады. Механикада өзара әсерлесуші денелердің 
қашықтығына, немесе олардың салыстырмалы жылдамдықтарына байланысты 
болатын тартылыс күшін, серпімділік күшін және үйкеліс күшін меңгергендерін 
оқушылардың есіне салады. 
Сосын параллель токтардың әсерлесуі бойынша тәжірибені бақылауды 
ұсынады (сурет). Бұл электромагниттік әсерлесудің типтік мысалы бола алады. 
Оқушылар өткізгіштердің әсерлесуін қадағалайды, өткізгіштер арасындағы 
d
қашықтық пен өткізгіштегі электрондардың салыстырмалы жылдамдықтары 
өзгермейтіндіктен, тартылу немесе тебілу күштерінің пайда болу себебін түсіндіре 
алмайды. Яғни, механикада болмаған күштер пайда болды, бұл күштер 
электромагниттік әсерлесу күштері болып табылады. Бұл жағдайда әрбір өткізгіштің 


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
маңында магнит өрісі туды деп айтады. 
Бір өткізгіштің магнит өрісі тогы бар басқа 
өткізгішке қандай да бір күшпен әсер етеді. Немесе керісінше. 
Сосын әсерлесудің берілуі жайында сұрақ қозғайды. Ньютондық механика 
алыстан әсер ету принципіне сүйенеді. 
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары 
және сұрақтар
1.
«Электромагниттік өріс»
ұғымын қалыптастыру
2.
«Электромагниттік тербелістер» ұғымын қалыптастыру
3.
«Электромагнитік толқындар» ұғымдарын меңгерту әдістемесі
№14
, 15 
дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет