Физиология- эксперементальді ғылым. Көптеген физиологиялық үрдістер мен үдемелі өзгеріп отыратын құбылыстарды зерттеу әдістерін қолдана отырып ашып және осы тәсілдердердің бірнеше бағыттарын талдаған.
Физиологияның негізгі зерттеу әдісі – эксперимент болып табылады. Физиология экспериментальды ғылым ретінде дамыған. Экспериментальды физиологияның негізін салушы атақты ағылшын дәрігері Уильям Гарвей.
Бақылау әдістері Бақылау әдістері-физиологиялық құбылыстарды әр түрлі әсерлерден соң қадағалауға мүмкіндік береді.Мысалы: Осы бақылау әдісі бойынша : У .Гарвей «Қан айналымының жалпы схемасы», Г.М.Мальпиги «Капиллярлар», Р.Декарт « Рефлекторлық қызметтің принцептері », М.В.Ломоносов «Материяны сақтап қалу » заңын ашқан.
Физиология процесстерді графикалық тіркеу Графикалық тіркеу әдістері- бір мезгілде бір емес, бірнеше физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілмен жазып алу .
Ағзаларды тітіркендіру әдістері Қазіргі кезде бұл әдісте электронды стимулятор қолданылады. Тітіркендіру әдістері – ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатында механикалық, биологиялық,химиялық,физикалық түрткілердің әсерін қолдану болып табылады.
Биоэлектрлі құбылыстарды зерттеу әдістері Электрокардиография,электроэнцефалограмма, электромиография- тірі ағзадағы биоэлектрлік құбылыстарды жазып алуға зор мүмкіндік туғызады.
Өткір тәжірибе әдістері Өткір тәжірибе әдістері – жануарларға вивисекция жасау арқылы олардың мүшелер мен ағзаларын оқшаулау тәсілі.
Созылмалы тәжірибе әдістері Созылмалы тәжірибе әдістері – жануарларға тірідей операция жасап,жазылғаннан соң ұзақ уақыт бақылау. Бұл әдісті физиология ғылымына алғаш И.П.Павлов енгізген.
Аспаптық әдістер Аспаптық әдістер – физиологиялық зерттеу нәтижесінде,ауруларды анықтау,емдеу шаралары бойынша арнайы аспаптар ұсыну.
Химиялық әдістер Химиялық әдістер - физиологиялық химия тірі ағзада өтетін химиялық
процестерді зерттейді.