Фонетика жєне оныњ салалары


Дауысты дыбыстардың тілдің қатысы жағынан өзара үндесуі не лингвальдық сингармонизм



бет25/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80
1. Дауысты дыбыстардың тілдің қатысы жағынан өзара үндесуі не лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бірыңғай жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамын-да соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыс-тының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуін тіл білімінде лингвальдық сингармонизм деп атайды. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан бол-са, қосымша жуан негізді болып жалғанады: құр- ыл-ыс-шы. Егер жіңішке болса, жіңішке негізде жалғанады: мән-ді-лік. Тү-бірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен-саран аффикс-терді еске алмағанда, қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – қалыптасқан заңдылық. Аралас буынды сөздерге қосымшалар соңғы буынның ыңғайына қарай икемде-ліп жалғанады: мұғалім-ге.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет