Фонетика жєне оныњ салалары



бет6/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Салғастырмалы фонетика тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әр түрлі басқа тілдермен салыстыра зерттейді. Ол тілдердің дыбыс жүйесін олардың туыстығына, өмір сүрген уақытына, территориялық орналасуына байланыс-сыз зерттеп, олардың бәріне тән және фонетикалық ерекше заң-дылықтарын айқындауды мақсат тұтады. Салғастырмалы фоне-тиканың міндеті – салғастырылатын тілдерде тілдік құралдарды пайдалануда қатысты кездесетін дыбыс жүйесіндегі ұқсастықты, айырмашылықты айқындап, типологиялық тұрғыдан түсіндіру. Салғастырмалы фонетиканың қалыптасуы Ф.Шлегель, В.Гумбольд, Э.Сепир, Е.Д.Поливанов, Л.В.Шерба, т. есімдері-мен тығыз байланысты. Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф, палатограф, рентгенограф т.б.) кө-мегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырым-дар жасайды. Фонетикада эксперимент әдістері кеңінен қолда-нылуымен байланысты дыбыстың жасалымын көрсету үшін рентген қондырғысы мен палатограф пайдаланылса, дыбыстың айтылымын айқындау мақсатында спектограф пен интонограф қолданылады. Бүгінде мұндай электронды құрал-жабдықтардың көмегімен дыбыс үлгілерінің дәл және көрнекі модельдерін жа-сауға мүмкіндік туып отыр. Мысалы.

1а сурет А дауысты дыбысының 1ә сурет. Ә дауысты дыбысының
сызба моделі сызба моделі

Физиологиялық фонетика немесе антрофоника (грек. antropos – адам, phone - дыбыс) тілдегі дыбыстардың артикуля-циялық, акустикалық қасиеттерін зерттейді. Мұнымен байла-нысты тіл білімінде антрофоникалық топтастыру жүзеге асады. Ол бойынша тіл дыбыстарының физиологиялық қасиеттеріне негізделіп жасалған дауысты дыбыстар топтастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет