Фонетика жєне оныњ салалары


Фонетиканы  зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдер



Pdf көрінісі
бет12/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97
Фонетиканы  зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдер

         Фонетика, біріншіден, акустикалық немесе физикалық ас-пекті тұрғысынан акустикамен байланысты болса, екіншіден,

физиология және анатомиямен де өзара байланыста болатын-дығы белгілі жайт. Фонетика бір жағынан акустикалық аспекті

тұрғысынан акустикамен,  екінші жағынан физиологиямен бай-ланысты болып келеді де,  бұл ғылымдарда қолданылатын

әдіс-тер   мұнда да қолданылады. Әдетте мұны эксперименттік әдіс дейді де, сонымен байланысты қарайды. Эксперимент

міндетті түрде белгілі бір аппарат арқылы жүзеге асады деген түсінік ұғымымызда қалыптаспауға тиісті. Себебі қазақ тілі

фонети-касында әрбір дыбыстың қалыптасқан өз орны, соған тән үндесу заңдылықтары бар екендігі басы ашылған мәселе.

Мысалы, қа-таң дауыссыздардан кейін қатаңдар ғана келеді десек. Ал егер олардың орнына ұяңдарды қолдансақ, онда

тілдегі қалыптасқан фонетикалық заңдылыққа нұсқан келтірген болар едік. Салыс-тырыңыз: көрік-ті  - көрік – ді, айтыс-қа

-   айтыс-ға,   т.б.  Бұ-дан   байқағанымыз   –   фонетикаға   қатысты   көптеген   тұжырымдар   айту   мен   қабылдауға   қатысты

қарапайым тәжірибеге негіздел-ген. Дегенмен де дыбыстардың акустикалық сипатын – күшін, қарқынын, созылыңқылығын,

артикуляциялық табиғатын, қан-дай сөйлеу мүшесі арқылы жасалғандығын нақты танып-білу мақсатында оларды тиісті

аппараттық қондырғылар арқылы қа-растырып, тексерген дұрыс.

         Эксперименттік әдіс дегеніміз сөйлеу дыбыстарын акусти-ка мен физиология саласында пайдаланатын аппараттарды

қол-дану арқылы зерттеу. Эксперименттік-фонетикалық әдісті екі үлкен топқа бөлуге болады:

1) акустикалық әдіс;

2) физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс.

         Акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады. Физиологиялық әдіс

немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қан-дай мүшелер қалай қатысып тұрғаны, оның артикуляциялық

ерекшеліктері айқындалады.

         Бұл әдістердің әрқайсысы пайдаланатын құралдың түріне қарай  бірнеше түрге ажырайды. Сонда: 

        Акустикалық әдіс: кимографтық әдіс, осциллографтық әдіс, спекторграфтық әдіс.

        Соматикалық әдіс: палатографтық әдіс, рентгенография-лық әдіс, кино фотоға түсіру әдісі.

      Қазіргі кезде эксперименттік фонетика қазақ тілі фонетика-сында кеңінен қолданыс тапқан.

8





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет