Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


АСПИДОГАСТЕРЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ



Pdf көрінісі
бет105/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   250
АСПИДОГАСТЕРЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ
ASPIDOGASTRAEA
Аспидогастерлердің 40-тан аса түрі бар. Дигенетикалық сор- 
ғыштардан негізгі айырмашылығы 
бекіну мүшелерінің құрылы- 
сында. Аспидогастерлерде құрсақ сорғышының орнына бірнеше 
қатар сорғыш тәрізді шұңқырлардан /ойыстардан/ құралған үлкен 
құрсақ сорғышы-дискісі /дөңгелегі/ болады. Ең қарапайым түрі 
A spidogaster conchicola 
тіссіз қосжақтаулы моллюсканың 
(Anodonta) жүрек маңайындағы қалташықта (перикардия) кезде- 
седі. Бұл топтың басқа өкілдері 
моллюскалардың, балықтар мен 
тасбақалардың паразиттері. Ең негізгі ерекшелігі тіршілік циклы 
метаморфоз жолымен жүреді, бұларда ұрпақ алмасуы бол- 
май ды.
166


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ
MONOGENOIDEA
Моногенетикалық сорғыштар - балықтардың терісі мен жел- 
безегінде, амфибиялар мен бауырымен жорғалаушылардың қуығында 
және басқа да мүшелерінде тіршілік ететін эктопаразиттер. Олардың 
түр саны 2500-ге жетеді.
Құрылысы мен физиологиясы. 
Моногенетикалық сорғыштар- 
дың денесі созылыңқы, артқы бөлімінде ерекше бекіну дискісі 
болады. Оның ілмешектері, сорғыштары немесе тканьдерді қысып 
алатын екі жақты қақпақтары бар. Арнайы бекіну мүшелері денесінің 
алдыңғы бөлімінде де болады. Олар паразиттің қоректену кезінде 
бас бөлімінің бекінуін қамтамасыз ететін, жабысқақ секрет бөлетін, 
бір клеткалы бездердің жолдары ашылатын қалақ тәрізді өсінді- 
лерден немесе кішкене сорғыштардан тұрады. Ішкі құрылысы диге- 
нетикалық сорғыштарға өте ұқсас. Жамылғылары трематодтардікі 
сияқты - тегумент.
Ac қорыту жүйесі. 
Денесінің алдыңғы бөлімінде орналасқан ауыз 
қуысы көптеген бүйір өсінділермен тарамдалатын қапшық тәрізді 
немесе кос тарамды ішекке жалғасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет