Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет107/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   250
62-cypem .
Polystoma integerrimum (Monogenoidea) (A): 1 - ауыз тесігі,
2 - жұтқыншақ, 3 - жыныс тесігі, 4 - қынап, 5 - аталық жол, 6 - жатын, 7 - сарыуыз 
жолы, 8 - сарыуыз без, 9 - ішек, 10 - бекіну дискісінің сорғыштары, 11 - бекіну 
дискісінің ілмешектері, 12 - аналық жол, 13 - аналық без; Diplozoon paradoxum 
(Monogenoidea) (Б): 1-ауыз тесігі, 2 - ауыз сорғышы, 3 - жұтқыншақ, 4 - ішек,
5 - сарыуызы, 6 - жыныс бездерінің жинағы, 7 - тіркелгіш қақпақтары
дың желбезектерінде тіршілік етеді (62,Б-сурет). Паразит әуелде 
жалғыз тіршілік етсе, кейін екі құрт құрсақ жағындағы ұзын сорғыш- 
тарымен бір-бірінің арқа төмпешіктерін орап алып, жұптасып алады. 
Екі паразит осы қалпында өсіп, бүкіл өмір бойы жұптасып қалады. 
Жас Diplozoon баска особьпен кездессе ғана ары қарай дами алады. 
Олар біреуінің аналық жыныс жолдары екіншісінің аталық жыныс 
жолдарына ашылатындай болып, яғни екі жақты крест тәрізденіп 
жалғасады. Осының арқасында айқаспалы ұрықтану әдісі жүзеге 
асады.
Моногенейлердің классификациясы олардың бекіну аппаратының 
құрылысына негізделген. Қазіргі уақытта Monogenoidea 9 отряд 
түзетін екі класс тармағына бөлінеді.
169


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС
ТАРМАҒЫ -POLYONCHOINEA
Бұл класс тармағына бекіну дискісінде жақсы дамыған, ілмешек- 
термен қаруланған, бір немесе көптеген сорғыштары бар моногеней 
өкілдері жатады. Личинкаларының көзі жақсы дамыған және бекіну 
дискісінде 14-16 кішкене шеткі ілмешектері бар. Класс тармағының 
өкілдері теңіз және тұщы су балықтарының паразиттері солардың 
ауруы мен өлімінің себепкерлері. Мысалы, Еділ /Волга/ өзенінің 
бекіре тұқымдас балықтарының желбезектерінде Nitzchia sturions 
тіршілік етеді. Қортпаны /қызыл балық/Аралға акклиматизация- 
лағанда /жерсіндіргенде/ кездейсоқ әкелінген моногенетикалық 
сорғыш Nitzchia sturions жергілікті бекіре тұқымдастардың арасында 
ауру туғызып, олардың күрт азаюына әкеп соқты.
Тұщы су балықтарының желбезектерінде тіршілік ететін 
Dactylogyridae тұқымдасының көптеген өкілдері тәжірибелік маңызды 
орын алады. Мысалы, тұқы балықтардың жас особьтарының біреуінде 
әрқайсысы 1-3 мм-дей 500 ұсақ Dactylogyrus паразиті табылған. Олар 
иесінің эпителиімен немесе қанымен қоректене отырып, бұл балык- 
тар дың жаппай қырылуына әкеп соқты.
Балықтардың қауіпті паразиттерінің бірінде тірі туу қасиеті бар. 
Бұларға Gyrodactylidae тұқымдасының өкілдері жатады. Олардың 
бекіну дискісі орталық ілмектердің жұбымен және 16 ұсақ шеткі 
ілмектерімен қаруланған.
Polystomatidae тұқымдасының өкілдері - амфибиялар мен бауы- 
рымен жорғалаушылардың паразиттері. Кейбір паразиттер, мысалы, 
бақа көпезуі эндопаразитке айналған. Олар ірі денесімен, тарамдалған 
ішектерімен және көптеген аталық тұқым таратқыштарымен 
сипатталады. Бекіну дискісінің 6 бұлшықетті сорғышы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет