Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


A s c a r i d i d a о т р я д ы . А д а м н ы ң ж ә н е с ү т к о р е к т і л е р д і ң іш е г і н д е



Pdf көрінісі
бет136/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   250
A s c a r i d i d a о т р я д ы . А д а м н ы ң ж ә н е с ү т к о р е к т і л е р д і ң іш е г і н д е
п а р а з и т т ік т ір ш іл ік е т е т ін т ү р л е р ж а т а д ы : а д а м а с к а р и д а с ы - A sc a r is
l u m b r i c o i d e s , ж ы л қ ы а с к а р и д а с ы
P a r a s c a r i s e q u o r u m , ш о ш қ а
а с к а р и д а с ы
A s c a r is s u u m т .б . Т у ғ ы з а т ы н а у р у л а р ы
а с к а р и д о з .
А д а м а с к а р и д а с ы б ү к іл ә л е м д е к е ң т а р а ғ а н ж ә н е е ң з и я н д ы
қ ұ р т т а р д ы ң б ір і. А н а л ы ғ ы н ы ң ұ з ы н д ы ғ ы 2 0 - 4 0 с м , а т а л ы ғы
1 5 -2 5
с м ( 8 0 - с у р е т ) . Е р е с е к т ү р л е р і а д а м н ы ң а щ ы і ш е г і н д е п а р а з и т т ік
т ір ш іл ік е т е д і . Ұ р ы қ т а н ғ а н ж ұ м ы р т қ а л а р ы н ә ж і с а р қ ы л ы іш е к т е н
с ы р т қ а ш ы ғ а р ы л ы п , с у ғ а , т о п ы р а қ қ а т ү с е д і . Ж ұ м ы р т қ а л а р т ы ғ ы з
қ а б ы қ ш а м е н қ а п т а л ы н ғ а н , с о н д ы қ т а н о р т а н ы ң ә р т ү р л і қ о л а й с ы з
ж а ғ д а й л а р ы н а ө т е б е р ік , т ө з ім д і. Т іп т і о л а р 2 -4 % у л ы к а л и й н е м е с е
н а т р и й е р іт і н д іс ін д е б ір а й у а қ ы т , ал ф о р м а л и н н ің е р іт і н д іс ін д е 4 - 5
ж ы л ғ а д е й і н т ір і б о л т а н . Б ұ н ы ң б ә р і а с к а р и д а ү ш і н , п а р а з и т т і к
т ір ш іл ік е т у ін е б а й л а н ы с т ы , м а ң ы зд ы б и о л о г и я л ы қ м ә н і б а р .
А с к а р и д а ж ұ м ы р т қ а л а р ы сы р тқ ы о р т а н ы ң о т т е г іс і м о л , қ о л а й л ы
210


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
80-сурепи
Паразитті нематодтар: A - адам аскаридасы (Ascaris lumbricoides), сол 
жағында аналығы, оң жағындағы аталығы, төменде жұмыртқасы; Б - он екі елі ішектің 
свайнигі (Ankylostoma duodenale), аталығы; В - острица (Enterobius vermicularis), 
аналығы; 1 - ауыз тесігі, 2 - ауыз қуысы, 3 - өңеш, 4 - бульбус,
5 - ортаңғы ішек, 6 - аталық без, 7 - тұқым шығарғыш түтік, 8 - бурса, 9 - спикула,
10 - аналық без, 11 - қүйрық бөлімі, 12 - аналь тесігі, 13 - жатын, 14 - жыныс тесігі.
температурада (28-33°С) ғана дамиды. Осы жағдайлар болса олар 
10-15 күннің ішінде дамып жетіледі де инвазиялық (жұқтыру) 
сатысьгаа ауысады, яғни иесінің (адамның) денесінде ары қарай дами 
беруге қабілетті.
Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе 
көкөністі жумай жегенде жұғады. Адам аузына түскен инвазиялық 
жұмыртқа ішекке өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен 
жұтылған жұмыртқаның қабығы бұзылады да, одан дамып, 
қалыптасып тұрған личинка шығады. Личинка сол жерде қалып, өсіп, 
дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын бастайды. Бұл
211


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
микроскопиялык майда личинкалар ішек қабырғасын бұрғылап кан 
тамырларына түседі. Қанның ағысымен олар бауырға, бүйрекке, 
содан жүрекке, соңынан өкпеге келіп тоқтайды. Бұл кезде олардың 
ұзындығы 1 мм шамасында болады. Өкпеде личинкалар қан тамыр- 
ларын тастап, альвеолдарға, бронхыларға, одан тыныс жолына түсіп, 
ауызға қарай жылжиды. Осы уақытта личинкалар тамақты (тыныс 
жолын) жыбырлатып, адамның жөтелу кезінде ауызға тез түседі. 
Ауыздан сілекей мен ас арқылы личинкалар ішекке келіп, өзінің 
дамуын аяқтайды. Дайын аспен қоректене отырып, тез өседі де, ере- 
сек формасына жетеді. Аскарида личинкасының миграциялық даму 
циклі иесінің денесінде үш айға созылады.
Аскаридозбен ауырған адамның тағамға тәбеті тартпай, іші 
ауырып, температурасы жиі көтеріледі, жүрек соғу ритмі бұзылып, 
уланудың белгілері байқалады. Оның себебі - кұрттардың ішек 
қуысына ерекше улы заттар 
токсиндер бөліп шығаруында. Бала- 
ларда аскаридалар ішектен өте тез жоғары көтеріліп жұтқыншаққа, 
одан ауыз немесе мұрын қуысы арқылы сыртқа шығады. Осы 
уақытта баланың тұншығу қауіпі туады. Аскариданың личинкалары 
миграциялар жасау арқылы бактериялардың ішкі мүшелерге енуіне 
жол ашады және өкпе қабырғаларын зақымдайды. Ересек түрлері 
ішектің сілекей қабатына тіркеліп, қадалып немесе ішектің ішінде 
үнемі қозғалып жүруіне байланысты ішекке үлкен зардап келтіреді.
Аскаридоз ауруына қарсы әр түрлі дәрі-дәрмектермен қатар 
профилактикалық алдын алу шараларын бұлжытпай орындау, 
тұрғын-жайды таза ұстау, ал адамдарға гигиенаны сақтау керек, се- 
бебі аскарида жұмыртқалары көп жағдайда киіммен бірге егіндік 
тыңайтқышына түседі, сол кезде жуылмаған көкөніс арқылы 
жұмыртқаларын жұтуымыз мүмкін. Сонымен бірге, аскариданың 
жүмыртқаларын шыбындар, тарақандар тасуы ықтимал. Ластанған 
топырақпен ойнаған балалар қолын ауызына апарып, немесе 
жуылмаған қолымен тамақтанады да, құрт жұмыртқаларын 
жұқтырады. Топырақтағы жұмыртқалар су ағысымен өзенге түседі, 
сол суды қайнатпай ішкен адам ауырады.
Аскаридалар кең тараған паразиттер. Кейбір елдердің тұрғында- 
рының тұрмыстық жағдайына тікелей байланысты олар өте жиі 
кездеседі. Мысалы, Жапония түрғындарының аскаридозбен 100% 
зақымданғаны белгілі, себебі сол елде адам нәжісі егіндіктерге 
тыңайтқыш ретінде шашылады.
R h ab d itid a отряды . Қең тараған нематодтар, көп түрлері
212


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
топырақта, тұщы суларда, өсімдік пен жануарлардың денесінде 
тіршілік етеді. Rhabditida отрядына көптеген тұқымдастары жатады, 
солардың ішінде адамға, жануарларға және өсімдіктерге аса зиян 
келтіретін негізгі тұқымдастарының өкілдерін қарастырамыз: 
Oxyuridae тұқымдасының өкілі балалар острицасы 
Enterobius 
vermicularis; Strongyloididae-ның өкілі ішек угрицасы Strongyloides 
stercoralis; Ankylostomidae тұқымдасының өкілі он екі елі ішектің 
свайнигі - Ankylostoma duodenale; Tylenchidae тұқымдасының 
өкілдері насекомдардың паразиті (түкті араның) -Sphaerularia bombi 
және өсімдіктердің паразит нематодтары, бұзғынша (галла) 
нематодасы Meloidogyne incognita, қызылша Heterodera schachtii, 
бидай -Anguina tritici, картоп сабақ нематодасы Ditylenchus destruc­
tor.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет