Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Он екі елі ішектің свайнигі - Ankylostoma duodenale



Pdf көрінісі
бет138/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   250
Он екі елі ішектің свайнигі - Ankylostoma duodenale 
адамның 
он екі елі және ащы ішектің ішінде паразиттік тіршілік етеді. Көбінесе 
тропикалық, субтропикалық елдерде және Оңтүстік Еуропада 
кездесіп, адамды анемия немесе қаны аз ауруына шалдықтырады
өлімге душар етуі мүмкін. Бұл кішкене қызғылт түсті құрт, ұзындығы 
10-18 мм. Ауыз қуысындағы хитинді тістерімен ішектің сілекейлі 
қабырғасына жабысып, ішектегі эпителий клеткаларымен қоректенеді 
және қан сорады. Сонымен қатар бұл паразит зиянды токсиндер бөліп 
шығарады (80, Б-сурет).
Жұмыртқасы нәжіспен бірге сыртқа шығарылып, дымқыл жерде 
немесе суда дамиды. Жұмыртқадан бір немесе бірнеше күннен соң 
личинка шығады, ол екі рет түлейді де, инвазиялық сатысына 
айналады. Адамга жұғу жолы күрделі, алдымен личинка адам терісін 
бұрғылап тесіп қанға өтеді, қан арқылы өкпеге, одан тыныс жолы 
арқылы ауыз қуысына, жұтылғаннан соң ащы ішекте тоқтайды.
Анкилостомоз ауруы көбіне жер қазу жұмыстарымен (шахтада, 
туннель бұрғылауда) айналысқан жагдайларда байқалады. ТМД-да 
анкилостомоз Закавказьеде, сирек те болса Орта Азияда кездеседі.
Sphaerularia bombi 
түкті араның паразиті. Ересек түрлері 
топырақта тіршілік етеді. Ұрықтанған аналығы түкті араның дене 
қуысына еніп, содан кейін паразиттің жыныс тесігінен жатыны 
айналып шығады да, кеңейіп, жұмыртқаларға толады. Жұмыртқа- 
лардан дамыған личинкалар, араның денесін тесіп, сыртқа топыраққа 
түседі де ересек түрлеріне айналады.
Tylenchidae тұқымдасының көптеген түрлері ауыл шаруашылық 
өсімдіктердің елеулі зиянкестері болып фитонематодтар (фитогель- 
минттер) тобын құрайды. Олар өсімдіктердің әр түрлі мүшелерін 
жарақаттап зақым келтіреді.
Бұзғынша (галла) нематодасы - Meloidogyne incognita 
көп
қоректі зиянкестер, олар бақша және көкөніс, сонымен қатар жеміс- 
жидек және техникалық дақылдардың тамырларын қатты зақым- 
дайтын паразиттер. Құрттардың жыныстық диморфизмі ерекше. 
Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1,2-1,8 мм, аналықтары 
алмұрт немесе құмыра тәрізді, ұзындығы 0,8-1,0 мм (81-сурет).
214


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет