Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


 6 6 ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР (ANNELIDA) ТИПІНЕ



Pdf көрінісі
бет174/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   250
2 6 6


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР (ANNELIDA) ТИПІНЕ
ҚОСЫМША КЛАСТАР
ЭХИУРИДТЕР КЛАСЫ 
ECHIURIDA
Теңіздерде су түбін қазып өмір сүретін қүрт тәрізді жануарлар. 
Денесі және целом қуысы сегменттерге бөлінбеген, полихеттерге 
(Polychaeta) тән трохофора личинкасы бар. 150 түрі бар.
Құрылысы 
мен 
физиологиясы. 
Сегменттелмеген денесінде 
ұзын, созылмайтын, пішінін өзгертпейтін өсіндісі немесе тұмсығы 
бар. Bonellia viridis-тің тұмсығының ұшы екіге айрылған. Тұмсықтың 
құрсақ жағы сәл ойыс және сумей бірге майда қоректік заттарды 
ауызға қарай айдайтын кірпікшелермен қапталған. Аузының артқы 
жағында екі ірі қылтан, оған қоса денесінің соңғы бөлімінде екі қатар 
майда қылтандар тәжі айнала орналасқан.
Денесінің сыртқы жағы тығыз кутикуламен қапталған және оның 
астын бір қабатты эпителий астарлаған. Эпителидің астында тері - 
бұлшықет қапшығы, ал одан тереңіректе целом қуысын астарлаған 
перитонеальды эпителий бар.
Ac қорыту жүйесі 
алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін 
артқы ішектен қүрылған. Артқы ішекке екі аналь қапшығы ашылады. 
Олар 12-300-дей ұсақ, бір ұшымен целомға, екінші ұшымен аналь 
қапшығына ашылатын кірпікшелі воронкаларымен қапталынған. 
Аналь қапшығы зәр шығару әрі тыныс алу қызметін атқарады.
Зәр шығару жүйесі 
үш түрлі мүшелермен сипатты: трохо- 
фораның жұп протонефридиясымен, ересек формаларындағы аналь 
қапшығымен және денесінің алдыңғы бөліміндегі нефромиксия- 
ларымен. Нефромиксиялары кеңейген жағымен целом қуысына, 
жіңішке ұшымен сыртқа ашылады. Олардың саны бірден (Bonellia 
туысында) төрт (Thalassema) жұпқа дейін, кейбіреулерінде бірталай 
ұлғайып 100-200-ге дейін жетеді (Ikeda tenioides-те). Нефромиксиялар 
несеп заттарды шығаруымен қатар, жыныс клеткаларында шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет