Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 123-cypem



Pdf көрінісі
бет224/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   250
341


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
123-cypem.
Өрмекшітәрізділер: A - кітап жалған құршаяны (Chelifer cancroides); 
Б - қылаяқты (Telyphonus caudatus); В - кәдімгі пішенші (Phalangium opilio)
қиқымында, үйлерде, Chelifer cancroides кітап жалған құршаяны 
кітаптарда, коллекцияларда және гербарийлер арасында тіршілік 
етеді (123-сурет).
Жалған құршаяндар жыртқыштар. Олар майда насекомдармен 
және кенелермен қоректеніп пайда келтіреді.
Қылаяқтылар отряды - Pedipalpi
Қылаяқтылар құршаяндарға (Scorpiones) ұқсас, тек 10 сегментті 
құрсағы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінбеген. Педипальпа- 
ларының ұшы қоректі ұстау және оны ауызға жеткізу қызметін 
атқаратын қысқыштар түрінде дамыған.
Алдыңғы жіңішке жұп аяқтары 7-10 буынды, сезу қызметін 
атқаратын табаншамен аяқталады. Осыған байланысты оларды 
“қылаяқтылар” деп атайды.
Баскеуде бөлімі ұзын, 7 сегментті, соңғысы құрсақ бөлімін бай- 
ланыстыратын сабақшаға айналған (сольпугаларға үқсас).
342


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Құрсақтың соңғы сегментінде аналь тесігі және құмырсқа қыш- 
қылы бөлінетін (қорғау қызметі) екі без тесіктері бар, құрсақтың ең 
соңғы буыны ұзынша келген, сегменттелген жіпшені сүйретіп жүреді 
(123-сурет).
Тыныс алу жүйесі екі жұп қапшық тәрізді өкпелер.
Қылаяқтыларда алдыңғы жұп көздерімен қатар бүйірінде үш жұп 
көзшелері болады. Лира тәрізді сезу мүшелерімен бірге оларда сезу 
кірпікшелері де болады. Дара жыныстылар.
Қылаяқтылардың 180-ге жуық түрі бар. Көпшілігі тропикалық 
аймақтарда тіршілік етеді. Ұзындығы 75 мм-ге дейін. Түнгі жырт- 
қыштар, күндіз індеріне тығылады. Аналықтары ұрпағына қамқорлық 
көрсетеді, жұмыртқаларды қорғайды. Негізгі өкілдері: Telyphonus 
caudatus 
Зонд Архипелагында, T.amurensis 
теңіз жағалауында, 
Phrynichus reniformis - Үндістанда, Цейлонда, Шығыс Африкада 
мекендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет