Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет77/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   250
Э к о л о г и я с ы .
Ескектілер барлық теңіздерде кездеседі, бірақ
131


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
49-cypem.
Bolinopsis ескектінің эмбриональды дамуы: А-бөлшектенудің алғашқы 
кезеңі; Б-микромералардың түзілуі; В,Г - гаструляция кезеңі; Д - жас личинка (ұзьгаа 
бойы кесіндісі); Е - жетілген личинка
қоңыржай және жылы теңіздерде көп тараған. Денесі нәзік, мезо- 
глеясы жақсы дамыған, медузалардікі сияқты мөлдір түссіз немесе 
қызғылт түсті, тек ескек тақталары кемпірқосақтың барлық түстері- 
мен құбылып тұрады. Көбінесе судың үстіңгі қабатында тіршілік 
етеді, ал теңіз қатты толқынданып, нәзік денесіне қауіп төнген кезде 
су түбіне шөгіп кетеді.
Дене мөлшері 5 мм-ден (Pleurobrachia pilens) 12-20 см-ге дейін 
(Bolinopsis infundibulim, Beroe cucumis), ал шолпан белдігінің - Cestus 
veneris-тің ұзындығы 1,5 метр.
К л а с с и ф и к а ц и я с ы .
Ескектілер класы екі класс тармағына бөлі- 
неді: қармалауышсыздар 
Atentaculata және қармалауыштылар 
Tentaculata.
132


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Қ А Р М А Л А У Ы Ш С Ы З Д А Р К Л А С С Т А Р М А Ғ Ы -
A T E N T A C U L A T A
Бұларда бір ғана - Beroidea 
отряды бар. Тіршілігінің барлық 
кезеңінде кармалауыштары болмайды, қорек заттарын кең ашылатын 
ауызымен ұстап қоректенеді. Солтүстік және Қиыр Шығыс 
теңіздерінде Beroe cucumis түрі кең тараған (50-сурет). Денесі қап 
тәрізді. Жыртқыштар, басқа ескектілермен қоректенеді.
Қ А Р М А Л А У Ы Ш Т Ы Л А Р К Л А С С Т А Р М А Ғ Ы -
T E N T A C U L A T A
Бес отряды бар, тіршілігінің барлық кезеңінде, ал кейде дамуының 
алғашқы сатысында ғана қармалауыштары болады. Тіршілік жағ- 
дайына бейімделуіне байланысты көптеген өзгерістерге ұшыраған.
Cestidea отряды өкілдерінің денесі көлденеңінен созылған ұзын 
лента тәрізді. Басты өкілі - Cestus veneris (50,Б-сурет). Жерорта теңі- 
зінде мекен етеді. Кемпірқосақтың түсіндей құбылады.
Cydippea отряды өкілдерінің денесі шар немесе жұмыртқа тәрізді, 
қармалауыштары жақсы дамып тармақталған, денесінен ұзын 
(50, А-сурет).
Bolinopsidea отряды өкілдерінің денесі жұмыртқа тәрізді, оральды 
полюсінде екі жүзгіш қалағы жақсы дамыған. Негізгі туыстары: 
Belinopsis, Osyropsis, Deiopea.
Tjalfiellidea отрядының Арктика жағалауында кездесетін жалғыз 
ғана түрі -Tjalfiella tristome - бекініп тіршілік етуге бейімделген. 
Бұлардың жаңа дамыған формалары кәдімгі ескектілер сияқты ескек 
тақталары арқылы суда еркін жүзіп, кейін ауыз жағымен субстратқа 
бекінеді. Ауызының екі шеткі бөлігі жоғары қарай созылып, ауыз 
тесігінен қорек затты ұстауға бейімделген екі қармалауышы шығып 
тұрады (50, Г-сурет).
Platyctenea отряды мүлде ерекше, өкілдері тек жүзіп кана қоймай, 
сонымен қатар субстратта жорғалап тіршілік етуге бейімделген. Бұ- 
ларға 20-ға жуық түрлері жатады, негізгі туыстары: Ctenoplana және 
Coeloplana.
Көрнекті ғалым А. О. Ковалевский 1880 жылы Қызыл теңізден 
жалпақ пішінді жорғалап тіршілік ететін түрді тауып, оны зерттеп 
Coeloplana metschnikowi деп атады. A. А. Коротнев 1886 жылы Кіші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет