Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет79/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   250
135


3
- m a p a y
EKI ЖАҚТЫ СИММЕТРИЯЛЫ
HEMECE БИЛАТЕРАЛЬДЫ
СИММЕТРИЯЛЫ - BILATERATA
Ү ш қ а б а т т ы - T R I P L O B L A S T I C A .
А л ғ а ш қ ы р е т т і к а у ы з д ы л а р - P R O T O S T O M I A
д е ң г е й і н д е г і ж а н у а р л а р
Жануарлардың жалпы құрылымын зерттегенде, дене бөлімдері, 
не мүшелері бір орталық діңгектің (ось) төңірегін айнала, не бір 
жазықтық бағытында белгілі тәртіпте орын алып жататындығы 
байқалады. Бұл дене симметриясы. Симметрияның қалыптасуы 
организмнің өмір сүруіне байланысты. Жануарлар дүниесінде бір- 
неше симметрия типтері кездеседі. Солардың ішінде ең негізгісі 
радиальды (сәулелі) 
Radiata және билатеральды (екі жақты) 
Bilaterata симметрия.
Сәулелілердің (Radiata) денелері шар, цилиндр тәрізді. Жануар- 
лардың бекініп тіршілік етуіне немесе суда қалықтап жүзуіне және 
қоршаған ортаның оған жан-жағынан бір қалыпты эсер етуіне байла­
нысты мүшелері орталық діңгектің төңірегінде шашыраған сәулелер 
сияқтанып, радиальды бағытта орналасады да, дененің сәулелі 
симметриясын құрайды. Бұлардың денесінен осы діңгек арқылы 
бірнеше симметрия жазықтығын жүргізуге болады, бұл жазықтық- 
тардың әрқайсысы денені теңетіп екі жартыға бөліп тұрады. Сәулелі- 
лерге жоғарыда сипатталған ішекқуыстылар - Coelenterata және 
ескектілер - Ctenophora типтері жатады.
Билатеральды немесе екі жақты симметрия 
Bilaterata жан- 
уарлардың кеңістікте денесінің бір жағымен үнемі алға қарай 
жорғалап, не белсенді түрде жылжып жүруіне байланысты пайда 
болады. Осындай жануарлардың денесінің қақ ортасынан ұзына бойы 
бағытында симметрияның тек жалғыз ғана жазықтығын (сагиталь 
жазықтығын) жүргізуге болады сонда дене бір-біріне ұқсас оң жақ 
және сол жақ жартыға тең бөлінеді. Бұлардың денесінде алдыңғы 
(ораль) артқы (абораль) бөлімдерін; арқа (дорза), құрсақ (центра);
136


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
оң және сол жақ бүйірлерін (латераль) ажыратуға болады. Дененің 
алдыңғы бөлімі сыртқы ортаның тітіркенісін қабылдаушы болғандық- 
тан ми және сезім мүшелері осы бас жағына шоғырланып орналас- 
қан.
Билатеральды симметриялы жануарлар үш қабатты Triploblas- 
tica жануарлар тобын құрайды. Бұлардың эмбриондық даму кезінде 
үш ұрық жапырақшалары түзіледі: эктодерма - сыртқы, энтодерма 
ішкі және екеуінің аралығында үшінші мезодерма. Осы жапырақ- 
шалардан тканьдер мен мүшелер дамып жетіледі: эктодерма қаба- 
тынан - сыртқы тері эпителий, әр түрлі тері бездері, кутикулалық 
өсінділер, нерв жүйесі мен сезім мүшелері; энтодермадан - ішек 
түтігінің ортаңғы ішек деп аталатын бөлімі; 
мезодермадан қалған 
барлық мүшелер дамиды 
бұлшықет тканьдері, қаңқа, қан айналу, 
зәр шығару, жыныс мүшелері т. б.
Билатеральды симметриялы, үш қабатты жануарлар тобына келесі 
типтер жатады: жалпақ құрттар типі (Plathelminthes), немертиндер 
(Nemertini), жүмыр құрттар (Nemathelminthes), скребнилер (Acantho- 
cephales), буылтық құрттар (Annelida), буынаяқтылар (Arthropoda), 
онихофоралар (Опусһорһога), моллюскалар немесе жұмсақ денелілер 
(Mollusca), қармалауыштылар (Tentaculata), тікентерілілер (Есһіпо- 
dermata), погонофоралар (Pogonophora), қылтанжақтылар (Chaetog- 
natha), жартылай хордалылар (Hemichordata) және хордалылар 
(Chordata).
Билатеральды симметриялы, үш қабатты жануарларды ұрықтың 
дамуы барысында дене қуысының және мезодерманың түзілуіндегі 
ерекшеліктеріне байланысты қуыссыздар немесе бірінші (алғашкы) 
қуыстылар 
Acoelomata немесе Scolecida және целом (екінші) 
қуыстылар - Coelomata; алғашқы реттік ауыздылар Protostomia және 
екінші реттік ауыздылар 
Deuterostomia топтарына бөледі.
Acoelomata немесе Scolecida тобына төменгі сатыдағы құрт- 
тардың төрт типі жатады: жалпақ құрттар (Plathelminthes), немер­
тиндер (Nemertini), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), скребнилер 
(Acanthocephales). Жалпақ құрттарда және немертиндерде дене 
қуысы болмайды, олардың ішкі мүшелерінің аралығындағы барлық 
кеңістікті мезодермадан пайда болған дәнекер тканьдер паренхима 
толтырып тұрады. Жұмыр құрттарда және скребнилерде дене қуысы 
бірінші (алғашқы) қуыс - схизоцель. Қуыстың іші сұйық затқа толы 
болады, арнайы астары жоқ, сол себептен сұйық зат ішкі мүше- 
лерімен, дененің тері қабатымен шектесіп жатады.
137


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Coelomata тобына буылтық құрттардан (Annelida) бастап қалған 
типтердің барлығы жатады. Бұларда целом деп аталатын дененің 
екінші реттік қуысы болады. Бұл қуыс мезодермадан пайда болған 
ерекше (перитонеальды) эпителимен астарланған. Перитонеальды 
эпителий бір жағынан теріге жабысады, бұл соматикалық (парие- 
тальдық) перде немесе соматоплевра, екінші жағынан ішекке жабы- 
сады 
бұл висцеральдық перде немесе спланхноплевра. Сома- 
топлеврадан дене қабатының бұлшықеттері, ал спланхноплеврадан 
ішекті, ішкі мүшелерді қоршап жатқан бұлшықеттері пайда 
болады.
Алғашқы реттік ауыздылар 
Protostomia тобындағы жануар- 
лардың эмбриондық даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден 
ауызға айналады және мезодерма қабаты телобластикалық жолымен 
дамиды, яғни эктодерма және энтодерма қабаттарының аралығында 
бластопора жанында телобласт деп аталатын екі ірі клетка жекеленіп 
шығады да, солардың бөлінуі нәтижесінде мезодерма қабаты дамиды. 
Protostomia тобына жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, 
скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, мол- 
люскалар типтері жатады. Қалған типтер екінші реттік ауыздылар 
Deuterostomia тобын құрайды. Бұларда ұрықтың бластопора тесігі 
бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады. 
Ауызының пайда болуы бластопораға байланысты емес. Мезодерма 
қабаты энтероцельдік жолымен дамиды, яғни мезодерманың бас- 
тамасы гаструланың энтодерма қабатынан домалақтанып, сомиггарға 
айналып бөлініп шығады. Билатеральды симметрияның және 
мезодерманың жетілуі жануарлар құрылысының күрделіленуіне, әр 
түрлі тіршілік жағдайларына бейімделуіне және жер бетінін 
күрделірек жағдайында қаулап дамып кетуіне себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет