Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет124/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   153
Микробқа қарсы дәрілер
Антисептикалық және залалсыздандыру
үшін қолданылатын препараттар
Жұқпалы ауруларды емдеуге және алдын ала сақтандыру үшін микробқа қарсы әсер ететін дәрілерді қолданады. Бұл дәрілер микробтардың өсіп-өнуіне кедергі жасап, оларды жояды.
Микробқа қарсы әсер ететін дәрілер үш топқа бөлінеді:

  1. Антисептиктер

  2. Дизенфекцияға қолданатын дәрілер

  3. Химиотерапиялық дәрілер

- Антисептиктер терідегі: шырышты, қабатындағы, жарадағы қуыстарға микробтарға әсер етеді.
- Дизенфекцияға қолданатын дәрілер қоршаған ортадағы микробтарға әсер етеді.
- Химиотерапиялық дәрілер – адам организімдегі микробтарға әсер етеді. Микробқа қарсы қолданатын дәрілерді топқа бөлу, өйткені көп антисептик дәрілер, дизенфекция (зарарсыздандыру) үшін де қолдануы мүмкін.
Антисептиктер классификациясы
1. Галогендер: хлорамин –В, спирттегі йод ерітіндісі, хлорамин, дихлор, хлоргексидин.
2. Аромат тізімдегі туындылар: таза фенол, ихтиол
3. Алифат тізімдегі туындылар: этил спирті, формальдегид ерітіндісі, формидрон
4. Бояғыштар: бриллиант жасылы, этакридин лактаты, метилен көгі
5. Тотығыштыр: сутегі асқын тотығы, перманганат калий
6. Нитрофуран туындылары: фурациллин
7. Сілтілермен, қышқылдар: бор қышқылы, аммиак ерітіндісі.
8. Детергенттер: диоцид
9. Ауыр металлдардың тұздары: сынап дихлориді, күміс нитраты, проторгол, мырыш сульфаты, дерматол, ксероформ.


Галогендер
Хлорамин – Б (Chloaminum B) «Б» – тізімі,құрамында 25% актівті хлор бар 0,5% -1% ерітіндісі қолды, жараны жууға қолданады, 0,5% ерітіндісі металл емес инструменттерді дизенфекциялау үшін қолданады.1%-3% ерітіндісі ауруларға керек заттарды, аурудың дәретін дизенфекциялау үшін қолданады. Хлорамин, дихлор, жағымсыз иістерді жояды.
Й одтың спирттегі ерітіндісі – «Б» – тізімі. Solutio Iodi spirituosa, шығу түрі; 5% - 20 мл спирттегі ерітіндісі операция жасайтын жерді, хирургтін қолын, жараның шетін залалсыздандыру үшін қолданады, 5 % - 1 мл ампулада шығады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет