Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Морфин гидрохлорид – Morphinum hydrochloridum, “А” тізімі



бет28/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   153
Морфин гидрохлорид – Morphinum hydrochloridum, “А” тізімі
Шығу түрі: ампула 1%-1 мл., тері астына жіберіледі 1-2 рет катты ауруды басу үшін, әсері 10-15 мин. кейін басталады, 3-5 сағатқа созылады.
Фармакологиялық әсерлері:

  1. А уруды басады, аурулар есін сақтайды, сезімталдық сақталады, ал кейбір қорқу есту, иісті сезу қабілеттері күшейуі мүмкін, морфин ауру импульстарды орталық жүйке жүйесіне жібермей тежеу жасайды.

  2. Морфиннің әсерінен ауруда сезу өзгереді, бұл өзгерістер эйфория туғызуына байланысты. Аурудың көңіл күйі көтеріледі жақсарады, қорқу, сезу сабырсыздану, уайым қайғы болмайды, ештенеге көңіл бөлмейді, адамды өте жақсы сезім билейді.

  3. Т ыныс алу орталығын қоздырады, тыныс алу сирейді, тереңдейді, егер көп мөлшер қолданса, тыныс алу сиреп салдануы мүмкін, гипоксия туады, тыныс алу нашарлайды, жөтелді басады, жөтел орталығын қоздырады.

  4. Морфин көзді қимылдататын, жылжымалы нерв, құсық орталықтарын қоздырады, сондықтан көз қарашығы кішірейеді, кейбір ауруларда морфин құсық туғызады, жүректің соғуын сиретеді, қан қысымын төмендетеді.

  5. Морфиннің әсерінен асқазан, ішек сфинктірлерінің тонусы жоғарылайды, ал асқазан ішек бездерінің секрециясы төмендейді, сол себебтен іш қатпа болады.

  6. Сол сияқты морфин бронхтардың, қуық сфинктерінің, жатыр бұлшықеттерінің, өт және зәр жолдарының бұлшықеттерінің тонусын күшейтеді.

Қолдануы: морфинді наркотик ретінде жарақаттанғанда, күйгенде қатерлі ісіктерде, операцияға дайындағанда және опреациядан кейін қатты ауру кезінде, инфаркт миокардта, морфинді аурудан болатын шокты болғызбау үшін қолданады.
Жағымсыз әсері: жүрек айниды, құсады, тыныстың тежелуі, брадикардия, бронхоспазм, несеп шығудың азайуы, іш қатпасы болады, және дәріге тұрақтылық, тәуелділік туады.
Қарсы көрсеткіштері: босанатын әйелдерге, өйткені морфин нәрестенің тыныс алу орталығын қоздырады; гипоксия болуы мүмкін, 2 жасқа дейінгі баларға және емізетін әйелдерге қолданбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет