Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Қақырық бөлінуін жеңілдететін дәрілер



бет60/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   153
Қақырық бөлінуін жеңілдететін дәрілер
Бұл дәрілер асқазан рецепторларын тітіркендіріп, рефлекторлық жолмен шырыш қабатында өзгерістер туғызады, қақырықтың секрециясын күшейтіп, жабысқақ қасиетін төмендетеді, сұйылтады, бөлінуін күшейтеді. 2 топқа бөлінеді.
а) қақырық бөлінуін қоздыратын – (секретомоторлық) тікелей әсері бар, бронхтың кілегей қабатына әсер етіп, қақырықтың жабыскақ қасиетін төмендетеді, бөлінуін жеңілдетеді
б) муколитикалық (бронхосекретолитикалық) – қақырықтың көлемін көбейтеді, оны сүйылтады бөлінуін жеңілдетеді және қабынуға қарсы әсері бар.
Б алаларға арналған дәрілер: мукалтин, пертуссин, нашатыр-анис тамшысы, мия тамырының шырыны, балаларға эфир майы бар дәрілер қолдануға болмайды, өйткені олар аллергиялық реакцияы туғызады, тұншығуы мүмкін. Шырындары 3 жасқа дейін, ал таблетканы 3 жастан кейін береді. Муколитикалық препараттар қақырықты сұйылтып, жылжуын күшейтеді.
Мукалтин – Mucaltinum. шығу түрі: таблетка 0,05 N30 1 табл. күніне 3 рет.(суға еріту қажет) тамақтан бұрын ішеді. Қолдануы: - трахеит, бронхит, өкпе қабынуында.
Бромгексин – Bromhexinum; шығу түрі: - домалақ 0,008 N50. Ересектерге және 14 жастан асқан балаларға – 8-16 мг тәулігіне 3-4 рет. 6-14 жастағы балаларға – 8 мг тәулігіне 3 рет.
шырын 125 мл 1 қасықпен күніне 3 рет.
Қолдануы: шығарылуы қиын қақырықпен қатар жүретін бронх пен өкпенің жедел және созылмалы ауруларында секретолитикалық терапияда - трахеит, бронхиттің жедел және созылмалы қабыну ауруларында, өкпе қабынуында
А цетилцистеин –Acetylcysteinum (АЦЦ) шығу түрі: 20% - 5 н/е 10 мл ампула ингаляция үшін күніне 3-4 рет. Табл. 0,2 N10 (1/2 стакан суға ерітіп) балаларға 2-6 жасқа дейін күніне 1рет, 6-12 жасқа дейін 2 рет. Табл. 0,6 N10, 14 жастан асқан балаларға ж/е ересектерге 1 табл. күніне 1 рет ішу қажет. Құрғақ ұнтақ 1 пакет 3гр (0,2 ацетилцистеиннен тұрады) N10 н/е 20. 100мл (1/2 стакан суға ерітіп) тамақтан кейін ішу қажет. Ересектерге- 1 пакет күніне 2-3 раза, балаларға 2-14 жасқа дейін - 1 пакет күніне 2 рет, 2 жастан төмен балалрға - 1/2 пакета (100 мг ацетилцистеин) күніне 2 рет.
Муколитикалық препарат қақырықты сұйылтып, жылжуын күшейтеді. Қолдануы: өткір ж/е созылмалы бронхит, пневмония, вирусты трахеитте ,бронхоэктазияда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет