28
Қазіргі кезде қызмет көрсету мақсаты ұлттық ерекшеліктер мен қызмет
көрсету мәдениетінің халықаралық принциптерінің үйлестіру болып табылады.
Сервис мәдениетінің көптеген жаңа аспектілері қазіргі кезде интернационалды
сипатқа ие.
Кез-келген елде сервис кәсіпкерлері мен менеджерлері қызмет көрсетудің
ұлттық дәстүрлерін олар заманауи талаптарға қайшы келмесе және жалпы
қызмет көрсету әрекетінің тиімділігін жоғарылатса қолдануға тырысады.Сервис
мәдениетінің болмауы кәсіпорын табысының төмендеуіне ықпал етеді.
Сондықтан дамыған елдерде менеджмент қызмет көрсету мәдениетіне
қойылатын талаптардың бірыңғай жиынтығын құрастырды, оны өз фирмасы
тәжірибесіне енгізіп, орындалуын бақылайды. Осы мақсатта жұмысшыларға
арнайы сабақтар жүргізеді, қателіктерді талдайды, қызмет көрсету этикасы мен
эстетикасын игереді.
Қазіргі кезде қызмет көрсетудің жақсаруы келесі бағыттарда көрінеді:
қызмет өндірушілері бизнес дамуы мен бәсекеде тұтынушы мәнін түсінді;
тұтынушылар үшін күрес жүреді;
қызмет
көрсетудің
ұйымдастырушылық-технологиялық
жақтары
жақсарған: көптеген операциялар автоматтандырылған және компьютер
техникасы көмегімен жүреді;
қызмет көрсетудің эстетикалық жағына көңіл бөлінеді (көрнекті сыртқы
түр, тауарлар түрі, интерьер).
Сервис мәдениеті кез-келген ұйымның дамуы үшін аса маңызды, себебі
сервис мәдениетінің деңгейі клиент көзқарасында оның бейнесін
қалыптастырады.
Заманауи бизнесте "клиент" және "сервис" түсініктері бөлінбейтін
түсініктер. Клиент жоғары сапалы қызмет көрсетуді алғысы келеді, және оны
таппаса, ол ұйымнан кетіп қалады.
Бірақ сервис деңгейін бағалау ұсынылған сервис жақсы немесе жаман
болды ма деген сұраққа жауап клиенттің субъективті ойына негізделген, оның
ойы оның күтімі мен қажеттіліктеріне тәуелді болады.
Өз компаниясы туралы бар және ықтимал клиенттердің ойын анықтау
және динамикасын зерттеу үшін басшылар нарықты маркетингтік зерттеуді
тапсырады.
Клиенттердің сервисті қабылдауы әсер ететін бірқатар факторлар бар.
Бұндай факторларға сапалы өнім құрудың басты құралы ретінде ыңғайлылық
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: