41
қатысты бөлігін қарастыру керек. Келесі қадам персоналға қатысты мәселелер
шешіледі –бұл киім стилін құрастыру, персоналға қойылатын біліктілік
талаптары, жалақы деңгейі. Содан соң, мейрамхана мәзірін, оның дизайнын,
жалпы бағытын (мысалы, шығыс, мехсикандық, жерорта теңіз аспаздығы),
категория бойынша біріктірілетін тағамбардың тізімін, шарап, коктейль
картараларын құру керек. Көбіне кейбір мейрамханалар концепциясында
бірнеше мәзірдің болуын қарастырады- мысалы, вегетариан, балалар аспаздығы
және т.б.
Одан соң сауатты концепциялар ережелеріне сәйкес жабдықтаушылармен
қатынас орнатып, логистикалық қызмет мамашдарын шақыру керек. Одан соң
мейрамхананың баға саясатын құруға болады, ол негізгі тұтынушының ахуалы
деңгейіне байланысты. Осы жерде орташа чек те есептелу мүмкін. Бұнда
бағыттардың бірін таңдауға болады – шығындарға бағытталу немесе сұранысқа
бағытталу. Басқаша айтқанда бір концепция бойынша тағамның өзіндік құны
бойынша бағаны орнатуға болады, басқа концепция бойынша тағамның
клиенттер арасында қаншалықты танылал екенін анықтап, сәйкес бағаны
орнатуға болады. Мейрамхана концепциясын құрудағы соңғы кезең жарнама
стратегиясын құрастыру. Өткізу каналдары мен мейрамхана әдістерін таңдау
керек –баспасөзде, теледидарда, акция жүргізу және т.б. Бұл аса маңызды
факторлардың бірі, оның дұрыс жұмысы мейрамхана концепциясының
сәттілігіне кепілдік береді.
Мейрамхана концепциясының қорытынды элементі бюджетті – бөлімдерге
бөліп, шамамен алғандағы қаржылық жоспар құрастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: