Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Ұлы жібек жолындағы қонақжайлық



Pdf көрінісі
бет6/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Ұлы жібек жолындағы қонақжайлық. Қонақжайлық кәсіпорындарының 
туындауына 
Жақын 
Шығыста, 
Азияда 
және 
закавказьеде 
сауда 
байланыстарының дамуы ықпал етті. Бұл аймақ территориялары бойынша ірі 
сауда жолдары өтті, оның бойымен тауармен керуендер жүріп отырды. 
Керуенге қатысушылардың түнелтуін қамтамасыез ету үшін арнайы 
орналастыру орындары- керуен-сарайлар ұйымдастырылды, онда адамдарға 
арналған бөлмелер мен жылқы мен түйе қоралары болды. Бұның барлығы 
табиғи стихиялардан, сонымен қатар ұрылар мен қарақшылардын қорғайтын 
тас қамалдармен қоршалды.
Қазақстан территориясы арқылы да Ұлы жібек жолы өтті. Халықта қонақ 
пен қожайын тәртібінің белгілі бір ережелері болды, олар содан кейін қазақ 
мәдениетінде көрінісін тапты.
Саяхаттаушыларды орналастыру орындары ортағасырлық Қазақстан 
территориясында да болды, олар ірі қалаларда, сауда жолы бойында орналасты. 
Ол кезде олар керуен-сарай деп аталды. Керуен –сарайларда тамақ даярлауға 
арналған бөлме, жолаушылар тұрғыны, заттарды сақтауға арналған қойма, қора 
болды. Керуен-сарай иелері тұрақтанған жолаушылардан білгілі бір төлем 
алған.
Көшпенді облыстарда (Қазақстан түгел дерлік үлкен көшпенді территория 
болды) қонақ үй шаруашылығы онша туындаған жоқ, бұл халық менталитетіне 
байланысты болды: дәстүр бойынша көшпендінің басты парызы кез-келген 
қонақты барлық қонақжайлық ережелері бойынша қабылдап, тегін қондырған. 
Көшпенді неғұрлым жомарт болып, қонақты қабылдаса, ол жол жүргенде 
соғұрлым құшақ жайып оны да қарсы алады деп санаған.
Орта ғасыр (б.э. V-ХV ғ). Ерте орта ғасыр кезеңінде жай адамдарға 
қонақжайлық қызметтерін діни орындар ұсынды және қызмет көрсету 
акценттері де мүлдем басқа болды. Мысалы Англияда тұрақ сарайлары 
саяхаттанушыларға емес, ішімдіктерді тұтынатын әуесқойларға бағытталды. Ол 
жылдары саяхаттар король істеріме немесе шіркеу мәселелерімен байланысты 
болды. Көптеген саяхаттаушылар қасиетті жерлерге бағыт алған миссионерлер, 
священниктер немесе пиллигримдер болды. Осыған орай түнеуге тоқтаған 
адамдарға арналған тұрақ орындары шіркеу мен монастырьларға жақын 
орналасты. Ондағы жағдайлар өте қарапайым болды. 
Бұл кезде соған ұқсас функцияларды жүзеге асыратын басқа да орындар 
пайда болды. Мысалы еуропа континентінде Ұлы Карл (742-814) қажылыққа 
барушыларға арналған арнайы үйлер құрды. Осындай үйлердің бірі Ронсельван 
сайында орналасқан қолша қонақжайлы қабылдап, тегін нан, цирюльник, етікші 
қызметтерін, жемістер мен жаңғақтар және т.б. ұсынды.
Монастырь тамағы қарапайым болғанымен, жоғары сапалы болды. Әдетте 
монахтар өз жерлерінде көкөністерді өсіріп, мал баққан. Асханада жеке үйлерге 
қарағанда тазалығы жоғары болды. Сонымен қатар монахтар өнімдерді 
есептеуді қатаң жүргізді, бұл тағам құнынан көрінді.
ХІV ғ еінші жартысында Еуропада аспаздық өнерінің орталығы 



Италиядан Францияға, Парижге, король аспаздығына көшті. Француз 
корольдары жақсы тағамға мемлекеттік қаржыларды аяған жоқ. 
1375 жылы Францияда Карл V корольдің бас аспазы Гийом Тирель бір 
нұсқада алғаш аспаздық кітабын жазған. Бұл аспаздық өнерінің жоғарғы 
деңгейге көтеріліп, оны кодтау, негізгі принциптерін қалыптастыру қажеттілігі 
туындады.
Француздар аспаздық кітапты жариялаумен итальяндықтарды 100 жылға 
асты. Бұндай кітап Италияда (Ватиканда) 1470 жылы жарық көрді. Ол 
«Добродетельное удовольствие» деген атпен белгісіз монахпен жазылған.
Ұлыбританияда алғаш аспаздық кітабы 1508 жылы баспа әдісімен басылып 
жарық көрді. Аспаздық өнерін және ғылымын кодтағаннан кейін ағылшындар 
бұл іспен елігіп, бұндай кітаптарды 1513, 1539, 1541, 1567, 1575 және 1576 
жылдары жариялады. 
1571 жылы Францияда алғаш ас мәзірі құрастырылды, ол Карл ІХ 
сарайында өтетін мерекелерге даярланатын тағамдар тізімі болып табылды. 
Тұрақты мәзір тек жүз жылдан кейін ХVІІ ғ. 60 жылдары Людовик ХІV 
кезеңінде «жазба» түрінде құрастырылды. Қатты қағазда жазылған корольға 
ұсынылатын тағамдар тізімі бар карточка болып табылды. Мысалы, «menu non 
pour la table»- аспазға берілетін бұйрық ретінде берілетін «түскі ас даярлау 
жөнінде жазба»; «la carte de menu plaisir»- корольға түскі ас алдында 
ұсынылатын «нақтыланған қанағат тізімі» сияқты мәзірлер болды.
Король қорғандарындағы тойларында қонақтарға қызмет көрсету 
дискриминациялық сипатта болды, әртүрлі рангілі қонақтарға әртүрлі тағамдар 
ұсынылды. Қолда бар мәліметтер бойынша бір таңғы ас жинағы оншақты 
тағамдардан құралды. 
Асханалардың санитарлық жағдайы өте төмен болды. Тоңазытқыштар 
болмағандықтан, тағам бұзылып, жағымсыз иістер пайда болды, оны жою үшін 
әртүрлі татымдықтар қолданылды. Нәтижесінде инфекциялық аурулар бірінен 
біріне таралды. 
Орта ғасыр мамандары микробтар, инфекциялар, шанышқылар, 
саусақтарды шаюға арналған шыны-аяқтар туралы білмесе де, арнайы қонақ 
асына арналған ережелерді қолданды, оның көбі қазіргі күні де өзекті. Олардың 
кейбіреуін айтсақ: 
 тағамды өте ерте және өрте кеш ұсынбау керек; 
 тағамды лайықты жерде: кең, жағымды, қауіпсіз жерде ұсыну керек; 
 той иесі барлығын шын көңілмен жасау керек; 
 үстелде әртүрлі шараптар мен сусындар болу керек; 
 қонақтар асықпай жеу керек; 
 әрбір қонақ тамақтанған соң демалу керек. 
ХVІ жүзжылдықта Англияда қарапайым халыққа арналған таверналар 
пайда болды. Онда ортақ үстел бсында нақты бағамен кезекші тағамдар 
ұсынылды. Әдетте негізгі тағам аса көп бұқтырылған ет пен көкөністен 
даярланатын өткір рагу болды. Кедейлер тұрақ орны иесімен бірге тамақтанды, 
оларға таңдауға мүмкіндігі жоқ, тек арзан болатын тағамдар ұсынылды. 


10 
Француздар бұндай қызмет көрсетуді table d’hote (табль д’от), яғни «қожайын 
үстелі» деп атаған. Ақшалы қонақтар қожайында бар өнімдерден даярланатын 
арнайы тағамдарға тапсырыс бере алды – a la carte (а ля карт)- және де 
тағамның қалай даярланып жатқанын көру үшін асханаға кіре алды.
Ауыл жерлерде тұрақ орындары барлық саяхаттаушыларға қызмет 
көрсетті, бірақ өз экипажымен саяхаттаушылар онда кірмейтін, ал жаяу 
жүргінші кедейлерді ол жерге кіргізбеген. Қалай болса да әр қонаққа қызмет 
көрсетуде әлеуметтік айырмашылықтары ескерілді.
XII-XIII ғасырлары Русьта алғашқы қонақ үйлердің негізі – тұрақ 
орындары (постоялые дворы) пайда болды. Олар барлық категориялы 
саяхаттаушыларға түнейтін жер мен тамақ ұсынды және аса ыңғайлылықпен 
ерекшеленген жоқ. XV ғасырда тұрақ орындары бір-бірінен ат шаптырым 
жерде "яма" - пошта бекеттерінің қасында құрылды.
Жол бойындағы тұрақ орындары ХІХ ғ. ортасына дейін, кей жерлерде одан 
да ұзақ қызмет етті. Олардың дамуы темір жолдардың пайда болуымен 
уақытша тоқтатылды. Бірақ содан кейін, автомобиль көлігінің дамуына 
байланысты тұрақ орындары жол бойында мотель түрінде пайда болды. 
Орыс қалаларында орта ғасырлық қонақ үйлердің бір түрі – қонақ үй 
сарайлары (гостиные дворы) кең тараған. Олар тұрақ орындарынан 
орналастыру мен тамақтанудан басқа бұл жерде коммерциялық келісімдер 
жүзеге асырумен ерекшеленді, яғни қонақ үй сарайларында жиһазбен 
жабдықталған бөлмелер, сауда қатарлары, көрме залдары, қойма болды. Қонақ 
үй сарайлары сауда үшін және тауарларды қоймада сақтау үшін арналды, себебі 
саудагерлерге онымен үйде айналысуға рұқсат етілмеген. Бұл заң барлық 
саудагерлер мен тауарларға таралды. Ол тек ХVІІІ ғасырда ғана жеңілдетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет