Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Лексикамен жұмыс жасаудың негізгі этаптары



бет60/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

Лексикамен жұмыс жасаудың негізгі этаптары. Лексикамен жұмыс жасаудың негізгі этаптары: 1. Жаңа материалмен танысу. 2. Алғашқы бекіту. 3. Іс- әрекеттің барлық түрлерінде лексиканы пайдалану қабілетін дамыту. Жаңа сөзбен танысу - сол сөздің мағынасы мен қолданылуын түсінуді қамтиды. Мұнда әсіресе дыбыстық - әріптік (дұрыс жазу ережесі) және әріптік - дыбыстық (дұрыс оқу ережесі) саралаулар ерекше орын алады.

Сөздің мағынасын аудармасыз анықтау: 1. Заттарды ым, іс- әрекет, картина, сурет, қимыл арқылы көрсету. 2. Шетел тілінде бұл сөз қандай жағдайда қолданылуы мүмкін екендігін анықтау: а) Дефиниция - берілген жаңа сөзді таныс сөздер арқылы таныстыру. Мысалы: cinema- theatre, where films are shown.

б) Атап шығу. Мысалы: dogs, cats, cows, horses, pigs are animals. в) Синоним немесе антоним арқылы таныстыру. Мысалы: warm- cold, quick- slow etc. г) Контекст арқылы анықтау - сөйлемнің түпкі мағынасын түсінуге әсер етеді. Мысалы: Columbus discovered America in 1492.

Сөзді аудару арқылы таныстыру: 1. Сөздің немесе сөз тіркесінің ана тіліндегі эквивалентін беру арқылы аудару. 2. Аударма - түсіндірме. Бұл жағдайда ана тіліндегі эквивалентті берумен қатар қосымша мағлұмат беріледі. Мысалы: big- үлкен (өлшемін, көлемін білдіреді), great- үлкен ( ұлы, атақты мағынасында).

Бұл аталған семантизациялардың өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар. Аудармасыз таныстыру тілдік болжамды дамытады, тілді үйрену практикасын арттырады, сөзді есте сақтауға негіз болады. Сонымен қатар бұл тәсілге көп уақыт жұмсалса да, дәл түсінікті қамтамасыз ете алмайды.

Ал, аударма әдісі көп уақытты қажет етпейді және тіларалық интерференцияның (дыбыстардың өзара әсер етуі) ұлғаюына әкеліп соғады.

63

Жаңа сөздердің мағынасын ашу активті және пассивті сөздік арқылы жүзеге асырылады.



Мұғалім жаңа лексиканы түсіндіру үшін: 1. Жаңа лексиканың формасын, мағынасын, қолданылуын анықтау мақсатында талдау жүргізеді және оларды сәйкестендіре қиындық деңгейіне байланысты топтастырады.

2. Жаңа сөздерді бөліп алып, оларды топтастырудың формасын анықтайды. 3. Лексиканың мағынасын ашу тәсілі және оны үйретудің әдіс- тәсілдерін анықтайды. 4. Әрбір жаңа сөзге түсініктеме жазып, оларға иллюстрациялық материалдар қарастырылады.

5. Жаңа сөздерді пайдаланып орындалатын алғашқы жаттығулардың типі мен түрлері, орындалу жолын анықтайды.

Сөздi мәтiндi оқымастан бұрын түсiндiру қажет, ол үшiн, жаңа сөздердi тыңдау қажет, оның айтылуын үйрену, айту қажет сөздi тақтаға немесе дәптерге жазу керек, сөздiң жазылуын және транскрипциясын, оның аудармасын бiрге жазады. Сөздi осылай түсiндiргенде оны затты немесе суреттi қолданып көрсету бiрге қолданылады.

Сөздермен жұмыс жасау жолдары мына үлгi бойынша:

1. Затты көрсету 2. Сөздi бiрнеше рет айту (дыбыстау) 3. Сөздi туған тiлге аудару 4. Сөздi жекелеп немесе хормен айту 5. Сөздi тақтаға транскрипциясымен, аудармасымен жазу. Оқушылар жазады. 6. Мұғалiмнiң көмегiмен дыбыстық- әрiптiк талдау жасау 7. Сөздi сөздiкке жазу

Әрi қарай мәтiндi оқу кезiнде сөздiң мағынасы түсiндiрiледi. Әр жаңа сөзге тоқталу қажет. Сөздiң мағынасын анықтауға барлық оқушылар қатысады. Түсiну тiрегi ретiнде сөздiң тек сөйлемдегi мағынасы ғана емес, оның сыртқы белгiлерi де қолданылады: сөйлемдегi сөздiң орны, сөздiң алдында артикльдiң болуы, сөз жасаушы суффикстер мен префикстердiң болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет