Еліміздің су қорларын ысырапсыз əрі үнемді пайдалану жəне оны қорғау
мақсатында қазір мұхиттар гидрологиясы ғылымының көмегімен мынадай
аса маңызды мəселелер шешілуде:
- белгілі бір жердің су қорларын əрі су теңдестігін бағалау:
- судың есептелінген шығынын (максимал, минимал, орташа т. б.) жəне
жыл бойғы үлестірімін белгілеу;
- өзен алаптарынан, көлдерден жəне жобадағы бөгендерден буланатын
суды есептеу;
- өзен арналарының жəне бөген жағалауларының қалыптасуын зерттеу;
- .өзен, көл жəне бөгендердегі температуралық əрі мұз қату процесін
сипаттау;
- гидрологиялық режимнің негізгі элементтерін алдын ала болжау;
- табиғат суларының ластану жəне өзін-өзі тазарту процестерін зерттеу,
сонымен бірге су объектілерінін ластануымен күресу тəсілдерін
ойластыру;
— су қорларын қуаң жəне ылғалды аудандардың арасында қайта бөлу
нəтижесінде мүмкін болатын өзгерістерді зерттеу.
Еліміздің экономикасын дамыту мəселесі бойынша гидрологияға
жүктеліп отырған аса маңызды əрі зор міндеттері гидрометеорология
ғылымының, үлкен беделге ие болғанын жəне оның халық
шаруашылығымен байланысының тереңдей түскенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: