шеберлігі сал характерін ашуға септігін тигізумен бірге, режиссерге
спектакльдің поэтикалық кілтін дұрыс табуға мүмкіндік берген.
Театр сыншысы Қ. Қуандықов бірнеше театрларда қойылған
спектакльдерді талдай келіп: «Ән, махаббат және өмір – «Қаракөз»
трагедиясының идеялық-көркемдік негізі. Ән мен махаббат спек-
такльге лирикалық нәзіктік, романтикалық өң беріп, қаһармандарын
сұлулық нұрына шомылдырады»,
*
– деген орынды қорытындыға кел-
ген. Міне, осы ән мен махаббат жайын айқын да терең ашуға талпыныс
барлық театрлардың қойылымдарына ортақ. Семей театрында Асан
рөліне Б. Сыбановтан басқа лайықты әнші актерлердің болмауынан
спектакльдің лирикалық жағынан гөрі, психологиялық толғаныс жағы
тереңірек ашылған. Сырым – Ә. Жаңбырбаев, Қарагөз – Т. Иісова ой-
ындары осы психологизмге құрылған.
Шымкент қойылымында Сырым рөлін алғашында М. Өтебаев, со-
дан соң С. Рақышев, кейін А. Қалмырзаев ойнады. Бұлардың үшеуі де
драмалық өнерлерінің үстіне, тамаша әншіліктерімен көп ұтқан. Орын-
даушылар Сырымды ерлігімен бірге, жалындаған ақын, салтанатты сал
етіп бейнелеген. Асан сал рөлін ойнаған О. Жұмабеков те жезтаңдай
әнші актер. Сондықтан Шымкент театрының сахнасында ақындық
шабыт, әншілік өнер, «Жар-жар», «Беташар» қойылымның бағасын
одан сайын арттыра түсті. Көрермен қауым әсерлі ән мен ақындық
өнерге барынша қошемет көрсетіп, жылы ілтипат білдірді. Алайда,
кейіпкерлердің психологиялық көңіл күйі, характер ерекшеліктері
қойылымда үнемі ескерілмеді, кейде екінші планда қалып қоя берді.
Жұмабике Серікбаеваның шыншылдықпен, шеберлікпен сомдаған
Қаракөзінен басқа характерлер толық ашылмаған күйінде қалды.
Облыс сахналарында қойылған спектакльдердің ішінде көркемдік
тұтастық тауып, табысты болғаны – Қызылорда театрының
«Қарагөзі». Режиссер Мен Дон-Ук трагедия сырын терең ұғып, шын
мағынасында шығармалық тапқырлық, ізденімпаздық көрсетті. Қ.
Қуандықов жоғарыда аталған еңбегінде қойылымның режиссерлік
байламы жайында былай деп сүйсіне әңгімелейді: «... режиссер зал
мен сахнаны бір сәтте түгелдей қараңғылық құшағына көміп, түнек
дүние әлеміне тартып әкетті... Зіл қараңғылық, меңіреу тыныштық
ішінен булыққан күрес күйінің сарыны талып жетеді. Жанталас күрес
сарыны. Қараша желіндей біртіндеп күшейе түскен күй енді бірде ер
арқасын қоздырып дабыл қағады, бірде өзек жарған қайғылы мұңға
айналып, жүйкеңді босатады. Содан ол жүрек тебірентер нәзік әуенге
ауысып, еңсені басқан қараңғылықты серпіп тастайды... Сахна мен зал
*
Достарыңызбен бөлісу: