Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет28/58
Дата27.02.2017
өлшемі7,72 Mb.
#5028
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58

 

Конспектіде  2  түрден  тұратын  фитопатогенді  саңырауқұлақтардың  1  туысы  және  1  қатары 

берілген.  Сонымен  қатар  келтірілген  түрлердің  сипаттамасы,  табылған  жерлері,  жиналған  күндері, 

иелік өсімдіктері берілген. 

Түрлер конспектісі олардың фотосуреттерімен берілген.  

 

Erysiphales қатары 

Uncinula туысы 

Uncinula salicis Winter f. populorum Rabenhorst.   

Жапырақтың  бетіне  ақ  ұн  сеуіп  тастағандай,  оның  үстінде  қара  нүктелі  дақтар  көптеп 

кездеседі.  Клейстотециі  барлық    жерде  шашылып  орналасқан,  көлемі  100-102  мкм.  Өсінділері  көп, 

ұзын, аяқ жағы ілмек тғрізді иіліп келген, көлемі 140-38,5 мкм. Спора саны 4-5, көлемі 13-15,2 х 7-13 

мкм. 

 

Иелік өсімдігі. – Populus nigra L., жапырағынан табылды. 



 

 

 

 Сурет 1  Uncinula salicis R. 



саңырауқұлағының өсіндісі, клейстотециі, қалтасы,спорасы 

 

Uncinula aceris Sacc.  

Үйеңкі  жапырағының  жоғарғы  жағынан  қара  нүкте  тәрізді  дақтарды  кездестіруге  болады. 

Конидиі  моншақ  сияқты  тізіліп  орналасқан,  көлемі  12-16  мкм.  Клейстотеций  шашыраңқы  болып 

келеді.  Өсінділері  кішкентай,  қысқа,  бас  жағы  түзу,  соңына  қарай  екі  жаққа  қарай  мүйіз  сияқты 

орналасқан. Қалта саны 6-12 мкм. Спора саны 6-8, көлемі 22-30 х 12-15 мкм.  

Иелік өсімдігі. – Acer negundo L., жапырағынан табылды. 


203 

 

 

 

Сурет 2 – Uncinula aceris Sacc. саңырауқұлағының өсіндісі, клейстотециі, қалтасы, спорасы 



 

Біздің зерттеулеріміз Астана, Павлодар қалаларында отырғызылған 2 түрге, 1 туысқа жататын 

ағаш өсімдіктерінде фитопатогенді саңырауқұлақтарының  кездесетінін көрсетті (2-кесте).  

Кесте  2  –  Астана,  Павлодар  қалаларының  ағаш  тектес  өсімдіктерінде  анықталған 

фитопатогенді саңырауқұлақтар 

 

Саңырау 



құлақ 

 түрлері 

Ағаш  тектес өсімдіктер 

 

 



E

laeag

n

u



o

xyc

a

rpa 

S

ch



lec

h

t.



 

  B



et

u

la 

ti

an

sc

ha

n

ica 

R

u



pr

. 

  P



opu

lu

s  a

lba 

L.

 



  U

lm

u

s p

inna

to 



ra

m

o

sa 

Di

eck.



 

  V



ibu

rn

u

m

 opu

lu

L.

 



  Sa

li

sp.


 

  P



opu

lu

s n

ig

ra 

L.

 



  B

et

u

la 

sp

. 

  M

a

lu

s do

m

es

ti

ca 

B

o



rkh.

 

 



So

rbu

sp.


 

 

Sa



li

x a

lba

 L.


 

 

P



opu

lu



it

a

li

ca 

M

aenc



h.

 

 



B

et

u

la pe

n

du

la 

R

o



th

 

 



P

inu



sy

lve

st

ri

 L.


 

 

A



ce



n

egundo

 L

. 

 

P

opu

lu

s  

tr

em

u

la

 L.


 

 













7  8 



10 

11 

12 

13 

14 

15 

16 

17 

Uncinula 

salicis 

Winter f. 



populorum 

Rabenhorst. 

 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 

 

 

1

 

 

 

Осы  кестеде  көрсетілгендей  өсімдіктердің  зақымдану  дәрежесі  6  баллдық  көрсеткіштермен 



берілді.  Осы  көрсеткіштер  арқылы қай қалада,  қандай  ағашта  зақымдану  дәрежесі қандай  екендігін 

көруге болады (4-кесте). 

 


204 

 

Кесте 3 – Өсімдіктердің фитопатогенді саңырауқұлақтармен зақымдану дәрежесі 



 

Өсімдіктің 

түрі 

Саңырақұлақтардың 



түрлері 

Зақымдану 

дәрежесі 

Астана 


Павлодар 









1.Populus 



nigra L. 

1.Uncinula 



salicis 

Winter 



f. 

populorum Rabenhorst..  

 



2. Acer 



negundo L. 

2. Uncinula aceris Sacc. 

 





3. Syringa sp 



3.Microsphaera syringae-

japonicae Brau 

 



 



Саңырауқұлақтардың  ең  көп,  орташа,  аз  дамыған  түрлері.  Мысалы:  қара  теректе  ең  зиянды 

саңырауқұлақтың түрі Uncinula salicis Winter f. populorum Rabenhorst.  

Экологиялық  факторлар  ағзаға  жеке-дара  емес,  өзара  байланыса,  бірге  әсер  етеді.  Дегенмен 

тіршілік  жағдайларының  әрқайсысының  ағзаға  әсері  әртүрлі.  Олардың  ішінде  кейбір  орта 

элементтерінің басқаларға қарағанда әсері басымырақ . 

Фитопатогенді  саңырауқұлақатардың  маусымдық  даму  динамикасы  ауа-райы  жағдайларына 

байланысты.  Әрбір  фактордың  шама-шарқы,  қажетті  мөлшері  болады.  Олардың  мөлшерден  артық 

немесе  кем  болуы  ағзаның  тіршілігіне  зиянды.  Түрдің  тіршілік  ететін  жерінде  жыл  маусымына, 

тәуліктік  мерзіміне  лайық  факторлар  динамикасының  сапалық  және  мөлшерлік  өзгерісі  болып 

отырады . Фитопатогенді саңырауқұлақтар өздерінің иелік өсімдіктеріне, олардың даму жағдайына, 

вегетациясының жалғасу мерзіміне де тікелей тәуелді. 

Зерттеу барысында ақұнтақ саңырауқұлақтарының даму динамикасы екі қала бойынша ұқсас 

екені  анықталды.  Олар  көптеген  сәндік  ағаш-бұталарды,  гүлді  өсмідіктерді  зақымдайды.  Өңіздегі 

ақұнтақ саңырауқұлақтың жіпшумақтары мен конидияларынан тұрады. Зақымдалған өсімдіктің өсіп-

дамуы баяулайды, сәндік қасиеті нашарлайды.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сурет  3 - Ақұнтақ саңырауқұлақтарының 

2014 жылдағы  ылғалдылық мөлшеріне байланысты даму динамикасы 

 

Зерттелген  қалаларда  ақұнтақ  саңырауқұлақтарының  маусымдық даму  динамикасы  маусым-



шілде  айларында  конидиялды  кезеңінің  басталып,  клейстотециларының  пісіп  жетілуі  тамыз, 

қыркүйек  айларында  байқалады  (4  -сурет).  Қыстап  шығуға  бейімделген  әртүрлі  пішіндегі  жемісті 

денелер түзеді, өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, көктемде жарылып, ондағы споралар сыртқа 

шығады. Споралардың өніп-өсуіне, ақұнтақ  жіпшумақтарының көбеюіне екі қалада  2014 жылда ауа 

температурасының  жоғары,  ылғалдылықтың  төмен  болып,  бірден  әсер  етуі  ақұнтақ    

саңырауқұлақтарының   дамуына өте қолайлы жағдай туғызды.  

 

 

0



1

2

3

4

5

6

4

5

6

7

8

9

10

Айлар

З

а

қы

м

да

ну

 

дә

р

е

ж

есі



(

б

алл

)

Павлодар

Астана

205 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Ячевский А.А. Основы микологии. – М.л.,  1933. –С.103. 

2.  Ванин  С.  И.  Методы  фитопатологического  исследования  болезней  леса  и  повреждений 

древесины. –Л.: Гослестехиздат,1934. –С. 24. 

3. Шварцман С.Р. История и перспективы изучения низших растений в Казахстане. «Известия 

АН КазССР», сер. биологическая, 1945, №2, – С. 44-50. 

 

МУЧНИСТО-РОСЯНЫЕ ГРИБЫ ДРЕВЕСНЫХ РАСТЕНИЙ, ПРОИЗРАСТАЮЩИХ 



НА УЛИЦАХ ГОРОДОВ АСТАНА, ПАВЛОДАР И ВОЗДЕЙСТВИЕ                                                                  

НА НИХ ЭКОЛОГИЧЕСКИХ ФАКТОРОВ                                                                                                                                                   

И.E.Секенов, А.К. Оспанова, Л.Е. Ануарова, А.К.Шарипов 

 

В статье даны результаты определения мучнисто-росяных грибов древесных растений, 

произрастающих  на  улицах  городов  Астана,  Павлодар  и  исследования  по  воздействию  на  них 

экологических факторов.  

 

POWDERY MILDEWS FUNGI  WOODY PLANTS GROWING IN THE STREETS OF THE 

CITIES OF ASTANA, PAVLODAR AND THE IMPACT ON THEM                                                        

OF ENVIRONMENTAL FACTORS                                                                                                                             

I.E.Sekenov, А.K. Ospanova, L.E. Anuarova, A.K.Sharipova 

 

The article shows the results of determination of powdery mildews fungi woody plants growing in 

the streets of the cities of Astana, Pavlodar and studies on the effects on them of environmental factors. 

 

 

УДК: 581.526.325.4(574.25) 



А.К.Оспанова

1

,  Л.Е.Ануарова

2

, А.К.Шарипова

1

, И.Е. Секенов

1 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті





 

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН БАЛДЫРЛАРДЫҢ 

СЫҒЫНДЫЛАРЫН АНТИОКСИДАНТТЫ ЖӘНЕ МЕМБРАНАПРОТЕКТОРЛЫ 

ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ 

 

Аңдатпа:

 

  Бұл  жұмыс  Астана,  Павлодар  қалаларының  көшелерінде  өсетін  ағаш  тектес 

өсімдіктердің ақұнтақ саңырауқұлақтарын зерттеп, оларға экологиялық жағдайлардың әсер етуін 

анықтауға арналған.  

Негізгі ұғымдар: антиоксидант, мембранапротектор, ферменттер, бисинтез. 

 

Адам  өмірінің  тіршілік  әрекетінде  балдырлар  кейінгі  кезде  аса  маңызды  орынға    ие  болып 



отыр.  Балдырлардың,  көбінесе  микробалдырлардың,  адам  өміріндегі  маңызы  зор.  Олар  қосымша 

белоктың,  майдың,  көмірсулардың,  витаминдердің,  активті  заттың,  дәрі-дәрмектің  көзі.  Бұған  қоса 

стероидтардың, пигменттердің, ферменттердің, гормонды табиғаты бар заттардың  және  тағы басқа 

физиологиялық  активті  қосылыстардың,  кобальт,  никель,  молибден,  алтын  және  тағы  басқа  бағалы 

элементтердің концентраторлары ретінде продуцент микробалдырлары бағаланады.  

Жұмыстың  мақсаты  –  Nostoc linckia+Anabaena flos-aquae  көк-жасыл балдырларының  аралас 

өсіруінен алынған фикоцининнің клетка мембранасының төзімділігін арттыру үшін әсерін анықтау.  

Зерттеу материалдары мен әдістері 

Anabaena  flos-aquae  және  Nostoc  linckia  көк  жасыл  балдырларды  жеке  және  аралас  түрінде 

конустық  Эрленмейер  колбаларында  Фитцджеральд  сұйық  қоректік  ортада  өсірдік.  Культураларды 

өсіру  үшін  инокулят  дайындадық.  Бұл  үшін  капрон  арқылы  клеткаларды  сүзіп  алдық.  Содан  соң 

алынған  биомассаларды  фарфор  ступкада  ірі  түйіршіктерді  ұсақтау  үшін  клеткаларды  бұзбай 

гомогениздедік.  

 Ұсақталған  массаға  белгілі  бір  мөлшерде  дистилденген  суды  қостық  және  колбаларға 

отырғызу  үшін  алынған  суспензияны  қолдандық.    Әрбір  колбаға  бірдей  мөлшерде  инокулятты 

құйдық. Отырығызылған колбаларды өсіру үшін тәуліктік жарытандыру 2000 лк және 26-28 градус 

температурада люминостатқа қойдық . Өсіру ұзақтығы 15 күнді құрады. 


206 

 

Өсірудің  мерзімі  өткеннен  кейін  биомассаны  өсіру  сұйықтығынан  капрон  арқылы  сүзіп 



алдық. Биомассаны өлшедік және оны сұйық азотта  қатырдық. 

 

Нәтижелер және тадау  

Anabaena  flos-aquae  және  Nostoc  linckia  көк  –  жасыл  балдырларын  жеке  және  аралас 

культураларда  өсірдік.  Фикоцианиннің  мөлшері  осы  түрдің  аралас  культурасына  қарағанда,  жеке 

культурада

 

айтарлықтай аз екендігі айқындалды. (1- ші сурет). 



 

 

 

Сурет  1- Жеке және аралас өсіру барысындағы көк - жасыл балдырлардың клеткаларындағы 

фикоцианиннің жинақталу мөлшері 

 

1- ші суреттен көрініп тұрғандай, көк пигменттердің аз мөлшері жеке дара өсіру кезінде, ностоктың 



клеткаларынан  анықталды  (0,15%).  Ностоктың  трихомдарының  қоңыр  түсіне  себепші  болатын  сары 

пигменттер  емес,  көп  мөлшерде  қызыл  пигменттер  жинақталады  (фикоэритробилин).  Анабенадағы 

фикоцианиннің  мөлшері  құрғақ  массада  0,55%  -  ды  құрайды.  Аралас  өсіру  барысында  бұл  түрлердің 

клеткаларынан  0,85%    жоғарыдағы  пигменттерді  анықтадық.  Аралас  өсіру  жағдайы,  клеткадағы  көк 

пигменттердің  мөлшерін  арттырады  деген  тұжырымға  келуге  болады.  Анабенаны  жеке  дара  өсіруге 

қарағанда,  оны    ностокпен    қосып    екеулеп  өсіру,  клеткадағы  фикоцианин  мөлшерінің  154%  артуына 

әкеледі.  

Осы  ақиқатты  шешіп  алғаннан  кейін,  біз  фикоционинді  препаративтік  фракциялау  мақсатында 



A.flos-aquae  +  N.  linckia  дикультураларын  өсіре  бастадық.  Клеткалардың  бұзылысы    үшін,  аралас 

культуралардың  биомассасын  сұйық  азотта  қатырдық,  содан  соң  сефадексті  колонкаларға  қойылған 

экстракт  дайындалды.  Фикоционин  мөлшері  бар  фракциялар  жинақталды  және  лиофильді 

құрғатылды.  Фикоциониннен  алынған  препаратпен  бірге,  көк  пигменттерді  зақымдаушы  фактор 

болып келген, кадмий қосылған тәжірибелердегі антиоксиданттардың рөлін анықтау жүргізілді.  

Кадмийдің  зақымдаушы  әсеріне  эритроциттердің  қарсы  тұра  алу  қабілетін  арттыру  мақсатында 

фикоцианиннің әсері зерттелді. 

Фикоцианиннің әсерлі мөлшерін анықтау мақсатында эритроциттерге фикоцианиннің 10

-1

-10


-10

 мг/мл 


ерітінділерімен әсер еткен кезде неғұрлым әсерлі 10

-6

-10



-7

 мг/мл ерітінділері екендігі көріңді. Келесі кезекте 

осы ерітінділердің әсерлі мөлшері анықталды. 2 – ші суретте көрсетілгеніндей фикоцианин ерітінділерінің 

10 мкл мөлшері эритроцит гемолиз деңгейіне өте аз әсер етті. Фикоцианиннің мөлшерін арттырған сайын 



207 

 

гемолиз  деңгейі  де  төмендей түсті. Эритроцит гемолизінің ең төмен деңгейі инкубация ортасына 40  мкл 



фикобелин ерітінділерін қосқан кезде байқалды. 

 

 



Ординат өсі: гемолиз деңгейі, %;   абсцисс өсі:  Фикоцианин мөлшері, мкл; 1 -фикоцианин 

 

10 



-6

 

мг/мл; 2 - фикоцианин 10 



-7 

мг/мл. Р ≤ 0,05. 

 

2-ші сурет - Эритроциттердің асқын тотыққа төзімділігіне фикоцианиннің әсері 



  

Одан  әрі  ерітінді  мөлшерін  арттырған  сайын  әсер  ету  күші  де  төмендей  берді.  Дегенмен, 

эритроциттердің гемолиз деңгейін төмендетуде әсерлі фикоцининнің 10

-7

  мг/мл  ерітіндісі  болды.  Сонымен, 



фикоцининнің 10

-6

-10



-7 

мг/мл ерітінділерінің аса эсерлі мөлшері 40 мкл екені анықталды және тәжірибе 

үшін осы мөлшер қолданылды. 

Cd

2+



  иондарымен  уланған  эритроцитгердің асқын тотықтық төзімділігіне фикоцианиннің  әсері  3-ші 

суретте  көрсетілген.  Яғни,  кадмий  ионымен  уланған  эритроцит  мембраналарының  төзімділігі  бақылаумен 

салыстырғанда 6% төмендеді. 

 

 



 

Ординат  өсі:  гемолиз  деңгейі,  %;  абсцисс  өсі:  жануарлар  тобы:  Б  -  бақылау;  1  -  Cd

2+

;  2  - 


фикоцианин  10

-6

  мг/мл;  3  -  фикоцианин  10



-7

  мг/мл;  4  -  Cd

2+

  фикоцианин  10



-6

  мг/мл;  5  –  Cd

2+ 



фикоцианин 10 



-7

 мг/мл. Р ≤ 0,05. 



 

 Сурет 3 - Кадмий иондары мен фикоцианиннің әсері кезіндегі эритроцит мембраналарының 

асқын тотыққа төзімділігі 

 


208 

 

Осылайша,  in  vitro  жағдайында  эритроцит  мембраналарының  асқын  тотықтық  төзімділігіне 



ауыр  металл  иондарының  әсерін  зерттеу  нәтижелері  кадмий  иондарының  улы  әсерін  көрсетті. 

Гемолизге  мембрана  липидтерінің  асқын  тотығы  түрткі  болатындықтан,  ауыр  металл  иондары 

эритроцит мембраналарының липидтік кұрылымының бұзылуына әкеледі деуге болады. Нәтижесінде 

клеткалар бұзылып, гемоглобиндер клеткааралық кеңістікке шығады. 

Фикоцианиннің  10

-6

  мг/мл  ерітіндісін  Cd



2+

  ионымен  уланған  эритроциттерге  қосқан  кездегі 

гемолиз  деңгейі  32,3%  болса,  кадмиймен  уланған  инкубация  ортасына  фикоцианиннің  10

-7

мг/мл 



ерітіндісін  қосқан  кезде  гемолиз  деңгейі  33,9%  көрсеткішке  ие  болды.  Яғни,  қолданылған 

биологиялық  белсенді  зат  кадмий  иондарының  әсерінен  болған  гемолиз  деңгейін  10,2%  –9,3%-ға 

төмендетті. Бұл көрсеткіштер фикоцианиннің қалыпқа келтіруші қасиетін айқындай туседі. 

Біз  алған  нәтижелер  in  vitro  жағдайында  кадмий  иондарының  улы  әсерін  көрсетті. 

Эритроциттерге  АМИ-мен  бірге  фикоцианин  қосқан  кезде  эритроциттердің  төзімділігін  арттыра 

отырып, уланудың әсерін нақты төмендетті. 

Бақылау  сынамаларын  әртүрлі  концентрациялы  ерітінділерде  инкубациялаған  кезде  келесі 

заңдылықтар  байқалды:  NaCl-нің  0,35  г/100  мл  ерітіндісінде  эритроциттердің  осмостық  төзімділігі 

төмендеп,  гемолиз  деңгейі  36,1%  болса,  натрий  хлоридінің  концентрациясы  артқан  сайын  гемолиз 

деңгейі төмендей түсті.   NaCl-нің 0,9 г/100 мл ерітіндісінде   гемолиз деңгейі 1,8%-ға төмендеді. 

Инкубация  ортасындағы  эритроциттерді  Cd

2+

  иондарымен  улаған  кезде  де  бұл  заңдылық 



сақталды.  Дегенмен,  кадмий  қосқан  кезде  эритроциттердің  осмостық  төзімділігі  айтарлықтай 

төмендеді.  Әсіресе,  NaCl-нің    төменгі  концентрацияларында  гемолиз  деңгейі  жоғары  болды. 

Сонымен,  Cd

2+ 


иондарымен  улаған  кезде  NaCl-нің  0,35  г/100  мл  ерітіндісінде  эритроциттердің 

осмостық  төзімділігі  бақылаумен  салыстырғанда  6,2%-ға  төмендесе,  натрий  хлоридінің  0,4  г/100мл 

ерітіндісінде  гемолиз  деңгейі  бақылаумен  салыстырғанда  7,2%-ға  артты.  NaCl-нің  0,35  г/мл 

ерітіндісінде инкубацияланған эритроциттерге кадмий иондарымен қатар фикоцианиннің 10

-6

  мг/мл 


ерітіндісін  қосқан  кездегі  гемолиз  деңгейі  35,6%  болса,  10

-7

  мг/мл  ерітіндісін  қосқан  кезде  гемолиз 



деңгейі 39,6% көрсетті. Эритроциттерді кадмиймен бірге 10

-6

 мг/мл фикоцианин қосылған тұздың 0,4 



-  0,45  г/100  мл  ерітінділерінде  инкубациялаған  кезде  гемолиздің  деңгейі  тек  кадмиймен  уланған 

сынамалармен  салыстырғанда  4,8-6,4%-ға  төмендеді.  Эритроциттерге  кадмиймен  қатар  10

-7

 

фикоцианинмен  әсер  еткен  кезде  эритроциттердің  осмостық  төзімділігі  NaCl-нің  0,4-0,45  г/100  мл 



ерітінділерінде 10% және 5,2%-ға артқаны байқалды. 

Сонымен, кадмий иондары эритроцит мембраналарының осмостық төзімділігін төмендететіні 

нақты  көрінді.  Ал,  фикоцианинді  қолдану  эритроцит  мембраналарының  төзімділігін  арттатыны 

байқалды.  Әсіресе,  фикоцианиннің  10

-6

мг/мл  ерітіндісінің  эритроцит  мембранасына  әсері  жоғары 



болды. 

 Осылайша,  фикоцианинді  қолдану  эритроцит  мембраналарының  кадмий  иондарын  бұзушы 

улы  әсерінен  қорғауға  ықпал  етеді  және  мембраналарының  төзімділігін  арттыратын  антиоксидант 

ретінде қолдануға болады. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет