Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Сөз  мағынасын  дамыту  (генерализация)



Pdf көрінісі
бет355/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   375
Сөз  мағынасын  дамыту  (генерализация)  –  бастапқы  тілдің  біршама  тар  мағыналы  бірлігі 
аударма  тілінің  біршама  кең  мағыналы  бірлігімен  алмастырылатын  лексикалық-грамматикалық 
трансформация (аударма тәсілі).  Контекстегі сөздің ауыспалы мағынасын, стильдік қызметін толық 
жеткізе алатын балама, сәйкестік бола тұрса да аудармашы көп ретте сөздің семантикасын ашатын 
басқа  баламаны,  сөзді,  сөз  тіркесін  іздейді  де  пайдаланады.  Аудармашының  бұндай  ізденістері 
көркем аудармаға айтылған сыни еңбектерде «қателік»,  «түпнұсқадан ауытқу»,  «еркін кету», деген 
пікірлермен,  біржақты  түсіндіріледі.  Алайда  түпнұсқадағы  сөздің  мағыналық  құрылымын  толық, 
жан-жақты  беретін  функционалды  сәйкестіктер  жасауда  белгілі  бір  заңдылықтар  бар. 
Аудармашының тілдік норма мен тілдік дағдыда қалыптасқан сәйкестікті пайдаланбай, өз тарапынан 
функционалды  қызметі  сәйкес  келетін  тілдік  бірлікті  таңдауғ  «мәжбүр»  болуының  себебі  -  өзі 
интуитивті түрде ұсынатын аударманың прагматикалық жағы – аударма мәтінінің түпнұсқа сияқты 
кедергісіз қабылдануы. Екі мәтіннің прагматикалық қызметін теңбе-тең ұстау үшін аудармашы өзге 
де  тәсілдермен  қатар  контекстегі  сөзді  түрлендіріп,  оның  орнына  функционалды  қызметі  жақын-
жуық  сөз  тіркесін,  фразаны,  тұрақты  теңеуді  қолданады,  сондай-ақ  бірі  бірінің  мағынасынүстейтін 
бірнеше  синонимдерді  қатар  қолданады.  Аударматану  теориясында  сөз  мағынасын  дамыту 
(смысловое развитие [5; 58], модуляция) деген термин алынады. Бұл – түпнұсқадағы тілдік бірліктің 
мағынасын логикалық түрде дамыта алатын лексикалық-семантикалық алмастыру деген сөз. 
Аудару процесінде сөз мағынасын ұлғайту, үстемелеу:  
а)  контекстегі  сөздің  ауыспалы  мағынасының  екінші  тілдің  жүйесінде,  тілдік  дағдысында  дә 
сондай ауыспалы реңкі болмаған жағдайда; 
ә) контекстегі сөздің стильдік бояуы өте-мөте қанық осы стильдік бояуды мейлінше дәл жеткізу 
қажет болған реттерде; 
б)  кейіпкердің  характерін  ашу  үшін  автор  қолданған  индивидуалды  қолданыстың  стильдік 
қызметін беру үшін; 
в)  аудармашы  өз  тарапынан  түпнұсқадағы  бейтарап  реңкті  сөзге  стильдік  бояу  үстеу  қажет  деп 
тапқан жағдайда игеріледі. Мысалы:  
Ағындап ұшып келе жатқан бестінің екі жағында көделі, бетегелі көк дала, тасқын судай зулап 
жөнеліп, артқа қарай құлдырап ағып кетіп жатыр [7; 48]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет