Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет90/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   375
Кілт  сөздер:  паремиялар,  фразеологизмдер,  нақыл  сөздер,образдық-  фондық  негіз,  мақал-мәтелдер, 
тілдік  және  тілдік  емес  кодтар,  этнолингвистика,  паремиология,  когнитивті  лингвистика,  архетиптер  мен 
символдар т.б. 
36
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
 
ХХғ.  10  жылдығынан  бастап  тіл  білімінде    мәдениеттанымдық  және  гендерлік  бағыттағы 
зерттеулердің  айрықша  молаюын  ғасыр  тоғысындағы  өзгерістермен,  атап  айтқанда  гуманитарлық 
ғылымдар  парадигмасының  ауысуымен  түсіндіруге  болады.  Тілдегі  адам  факторының  рөлін 
айқындауды  ғылыми  зерттеулер  парадигмасының  басты  нысанасына  айналдырған  жаңа  ғасыр 
лингвистикасы тіл және жеке тұлға, тілдің қоғамдық қызметі мен этностық тұтастық, адам мен қоғам 
арасындағы қатыстылықтың тілдегі көрінісі, мәдениет және тіл, мәдениеттегі тілдік тұлға т.б. келелі 
мәселелерді күн тәртібіне қойып, зерттеудің  ғылыми принциптерін қайта қарауды талап етуде.  
Лингвистикалық зерттеулерде әлеуметтік-мәдени конструктивизм теориясы -ның  дамуы адамның 
жас мөлшері, жынысы, әлеуметтік статусы т.б. субъектіге, тілдік тұлғаға, жеке адам өміріне қатысты  
категорияларды зерттеудің ғылыми және әдістемелік ұстанымдарын  жаңаша қарастыру, зерттеудің 
жаңа  терминологиялық  аппаратын  түзу,  басқа  ғылым  салаларында  қолданылып  келе  жатқан 
терминдерге  жаңаша  мән  үстемелеу  қажеттігін  тудырды.  Бұрындары    адамдардың  жыныстық 
ерекшеліктерінің  қоғам құрушылық, шарттылық, институттық, салт-дәстүрлік сипатын көрсету үшін 
қолданып келген гендер терминінің лингвистикалық ғылыми айналымға ену себебін осы жағдаймен 
түсіндіруге болады.  
Гендер (ағылшын тіліндегі «gender»  сөзі  «жыныс» деп аударылады, дәлірек айтсақ – тұқым, 
түр)  ─  жыныстық  ерекшеліктердің  тілде  және  коммуникацияда  көрініс  беруінің  лингвистикалық 
тетігін  зерттеуге байланысты тұрақтана бастаған лингвистикалық жаңа терминдердің бірі. “Гендер” 
термині гендерлік зерттеулер пәнаралық бағыттағы  статусты алғаннан кейін  ғана тіл  біліміне  
жаңа мағынада  ғылыми  термин ретінде  енді. Жаңа терминнің пайда болуына дейінгі жыныс  
түсінігі  семасиологиялық зерттеулерде назардан тыс  қалған жоқ. Себебі жыныс семантикасы 
көптеген  лексикалық единицалар мағыналарының құрамына (ер, әйел, ана, әке т.б.) кіреді [1, 
38-
45 бб.]. 
Жыныс – биологиялық түсінік болатын болса, гендер – жыныстар арасындағы  әлеуметтік - 
мәдени    өмір  сүру  белгісі,  яғни  «гендер»  термині    жыныстар  арасындағы  ерекшеліктердің  
табиғи емес, әлеуметтік-мәдени  жағын  білдіреді. Жыныс – «әйел»және «ер» түсінігінің табиғи 
белгілерін, биологиялық мәнін  берсе, қоғам мен  мәдениет өзгертіп отырған мәдени-әлеуметтік  
белгілерді  –  гендерлік  ерекшеліктер  анықтайды.  Гендерология  –  мәдениеттің  әйелдік  және 
ерлік құрылымы  жайындағы ғылым болып табылады [2, 146-б.]. 
Гендерлік  лингвистика  өкілі  А.В.Кирилина  гендер  терминінің  орыс    лингвистикасында  
қолданылуы  жайлы  кең  түсінік    бере  отырып,  «гендер»  және  «жыныс»  терминдерінің  
белгілерін  ажыратуға тырысады. Ол: «Гендер» термині тіл феноменінің адаммен, мәдениетпен, 
қоғаммен, тілдік тұлғамен  қатысын зерттеуде   кең  ауқымдылық танытатын болса, «жыныс»  
тіл  феноменінің  тек  единицасы  ретінде  қарастырылады.Тілдік  единицалардың    мағыналық 
құрамына  енетін  «жыныс»  компонентін    гендермен,  әсіресе,  лексикалық  мағына  компоненті  
тұрғысынан ауыстыруға  болмайды» дейді [1, 38-45 бб.].  
Гендер  мәдениеттің нәтижесі ретінде  халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпында, фольклорлық 
туындыларында,  тілінде  бекіген  әйелдік  нәзіктік  пен  пен  еркектік  жүректілік  туралы 
түсініктерін бейнелейді. Ал гендерлік стереотиптер, яғни әйел затына, ер адамға тән қасиеттер 
мен  өзіндік  ерекшеліктер  туралы  жеңілдетілген,  оңайлатылған  немесе  ұлғайтылған  түсініктер 
этногенетикалық қауымдастықтың ұжымдық санасында қайтсе де  болады.  
Гендер мәселесі тіл білімінде  мынадай екі проблемаға қатысты зерттеледі [3, 19-б.]: 
1.Тіл және онда адамның жыныстық бөлінісінің бейнеленуі.  Мұнда  адамдардың жынысына 
қарай  бөлінісінің  тілде  манифестациялануын  түсіндіру  және  сипаттау,  сондай-ақ  ерлер  мен 
әйелдерге  тән  қасиеттер  мен  олардың  әрқайсысының  іс-әрекетіне  берілген  баға  және  оның 
семантикалық көрінісін  айқындау  мақсаты көзделеді; 
2.  Ерлер  мен    әйелдерге  тән  стратегия  және  тактика,  гендерлік  сипаттағы  лексикон, 
коммуникацияда  белгілі  бір  жетістікке  жетудің    амал-тәсілдерін,  лексика,  синтаксистік 
конструкциялар  т.б.  тілдік  единицаларды  таңдаудағы  жыныстық  айырмашылық    айрықша 
көрініс беретін ерлер мен әйелдердің сөйлесім әрекеті, тілдік қатынасы. 
Дүние  суретінде  кескінделетін  «Тіл:  Адам:  Қоғам»  үштігі  аралық  қатыстылықтың  тілдік  және 
әлеуметтік-мәдени    негізін  айқындауда    «жыныс»  категориясына  көңіл  аударудың  маңызы  зор. 
Өйткені    адамдардың  жыныстық  ерекшелігі    олардың  қоғамдағы  атқаратын  рөлімен  тығыз 
байланысып  келіп,  әлеуметтік-мәдени  іс-әрекетінің  нәтижесіне  қайтседе  ықпал  етеді.  Демек  дүние 
37 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет