Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет17/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы. 
– Астана, 2012.  48 б. 
2.  Беркимбаев  К.М.,    Узакбаева  С.А.,  Баймуханбетов  Б.М.  ,  Пралиева  Р.Е.   To  the  Problem  of  Forming  Creative 
Competence of Future Teachers . Creative Education 2013. Vol.4, No.3, 234-240 Published Online March 2013 in SciRes 
(
http://www.scirp.org/journal/ce
). DOI:10.4236/ce. 2013. 43034. The Impact Factor(IF) is 0.43. USA, 2013. 
3.  Корнилов  В.С.,  Беркимбаев  К.М.,  Ерназарова  Д.Ж.  Профессиональная  подготовка  будущих  специалистов с  
использованием  информационных  технологии.    Вестник  РУДН  серия  Информатизация  образования  2013.  №3. 
 
С.76-82. РИНЦ (0,114). 
– Москва, 2013. 
4.  Беркимбаев  К.М.,  Дарибаев  Ж.Е.,  Нышанова  С.Т.  және  т.б.  К  вопросу  об  использовании  информационно-
компьютерных технолгий для подготовки конкурентноспособных специалистов в ВУЗе. «Эффективные механизмы 
инновационно-технологического  развития  современного  общества»  VІІІ  Всероссийской  научно-практической 
конференции. 
– Сочи, 2012. – С-305-312. 
 
 
УДК 378.147А 39 
 
ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕГІ 
ИННОВАЦИЯЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ 
 
Ұ.Н. Алашабаева – магистр, оқытушы ҚазМемҚызПУ 
 
Аңдатпа:  
Бұл  мақалада  жоғары  кәсіптік  білім  алушыларды  дифференциалды  оқыту  негізіндегі  инновациялы  педагогика-
лық технология мазмұнының ерекшіліктері берілген. Мақаланың мақсаты жеке тұлғалық және білім алушылардың 
қабілеттері мен қажеттіліктерін қамту арқылы дифференциалау (саралау) әдіс принциптері қарастырылады. Жоғары 
кәсіптік білім алушыларды  дифференциалап оқытуда талдап-жинақтап баяндау элементтерін пайдалану, ұқсастыру, 
қорытындылау,  нақтылау, модельдеу және  ой елегімен өткізулер арқылы өздігінен білімдерін жетілдіру,  оқу мате-
риалдарын  қысқаша  конспектілеу,  тірек  конспектілер  жасау,  сабақта  кейс,  миға  шабуыл  әдістерін  пайдалану 
нәтежесінде болашақ ұрпақтың білікті маман болуына жол ашады. 
Тірек сөздер: дифференциалды, инновациялық оқыту, толықтыра оқыту.  
 
Қазақстан  Республикасы Президенті Н.Ә.  Назарбаевтың «Жаңа онжылдық –  жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауында жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптар-
ға  жауап  беруі  тиіс,  елдегі  жоғары  оқу  орындары  әлемнің  жетекші  университеттерінің  рейтингіне  енуге 
ұмтылулары  керек  деп  көрсетілген,  яғни  негізгі  міндеттердің  бірі  болып  елде  әлемдік  стандарт  деңгейінде 
сапалы  білім  беру  қойылған,  өйткені  әрбір  мемлекеттің  әл-ауқаты,  оның  болашақта  әлемдегі  дамуы  мен 
мойындалуы халықтың білімділігіне, көбінесе, өсіп келе жатқан ұрпақтың білімділігіне негізделген [1]. 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгеру  сауатты,  жан-жақты  маман 
болудың кепілі. Жаңа технологияны меңгеру  оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,  рухани, 
азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-
тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Дифференциалды (саралап) оқыту басты бағытының бірі – толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен студент-
терге  қосымша  педагогикалық  күш  жұмсау.  Толықтыра  оқыту  дегеніміз  –  үлгермеушілікті  жою  мақсатында 
өзіндік бағдарламамен оқыту.  
Жалпы  дифференциалды  оқыту  идеясы  әлемде  XX  ғасырдың  30-жылдарында  Америкада  кеңінен  етек 
алған. Бұл үдеріс бүгінгі таңда Қазақстан жоғарғы оқу орындарына да келіп жетті. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
114 
Студенттердің  бейімділігін,  қызығуын,  үлгерімін  анықтай  отырып  оқыту,  кейінгі  кезде  мұндай  өзекті 
мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады.  
Ең  таңдаулы  жастар  Республика  Президентінің  қолдауымен  «Болашақ»  бағдарламасы  аясында  шет  елде 
білім  алуда  [2].  Білім  беру  саласында  әлемде  болып  жатқан  үдеріске  қосылуымыздың  өзі  халықаралық 
стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, білімді де білікті мамандарды оқыту.  
Білім  беру  технологияларын  жүзеге  асыруда  тұлғаның  төмендегідей  сипаттамалық  ерекшеліктерін 
ескеруіміз қажет: 
 танымдық үдерістердің жүру ерекшеліктері: ойлау, зейін, қабылдау, зерделеу, сөйлеу; 
 тұлғаның  әлеуеттік  типінің  ерекшеліктері:  жоғарғы  нерв  жүйесінің  іс-әрекеті,  темперамент,  күш-жігер, 
мінез-құлық (интеллектуалдық, адамгершілік, эмоционалдық, мәдени, іскерлік, дене); 
 тұлғаның бағыттылығы: адам-адам, қоғам-адам, адам-табиғат, адам-техника, адам-таңбалар жүйесі, адам-
көркем образ бағытындағы таңдауы; 
білімділік деңгейі. 
Суретте инновациялық оқытудың ерекшеліктері ашып көрсетілді [3]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1- Инновациялық оқытудың ерекшеліктері 
Инновациялық оқыту 
  
Басқаруы    ғылымы  және  мәдени  білімді 
пайдалану  негізінде  жүзеге  асырылатын 
мақсатқа  бағытталған  жобалауды  сапалы 
ұйымдастыратын оқыту үдерісі 
    Жеке  тұлғаның    болашақты  мақсатты  және 
мағыналы жоспарлай  алуы  және  өзінің  ойлаға-
нын  жүзеге  асыруға  даярлығын  қамтитын 
мақсатқа 
бағытталған 
ұйымдастырылған 
әлеуметтік жағдаяттың үдерісі  
Ерекшеліктері 
Инновациялық оқыту – бұл жаңарған кезең-
нің мәдени қоғамдық  дамуының ерекшелік-
теріне сәйкес оқытуды әлеуметтік ұйымдас-
тырудың тарихи жаңа түрі 
  
Инновациялық оқыту шеңберінде жеке тұлғаны 
дамытуға кеңінен жағдай туады: 
 Жеке инициатива пайда болады; 
 Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда еркіндік 
беріледі; 
 Жеке шығармашылық үлес  қосуға жол ашылады 
Инновациялық оқыту  оқытудың  дәстүрлі  түріне қарағанда парадигмалды 
    Инновациялық 
оқыту 
құрылымында 
оқытудың    дәстүрлі    және  инновациялы  
түрлері,  репродуктивті  және  шығарма-
шылық  компонеттері  арасындағы  қарама-
 
қайшылықтар жаңаша шешім табады 
Оқытудың 
шығармашылық 
сипаты 
мен 
инновацияны жүзеге асырудың негізіне жас және 
аға  буын,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  әлеу-
меттік қарым – қатынастың жаңа типі жатады: 
 педагогикалық ынтымақтастық; 
 бірлескен шығармашылық іс-әрекет 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
115 
Дифференциалды  оқытуды  жүзеге  асыру  үшін  жүйелі  түрде  студенттерге  әр  түрлі  тапсырмалар  беріп, 
орындалған  тапсырмаларына  назар  аударуы,  нәтежелерін  журналға  жазу,  басқа  пән  оқытушылармен  пікір 
алысып,  студенттің  өзімен  сырласуы,  ата-ананы  одақтас  етіп,  ынтымақтастықты  арттыру  ісінің  нәтежелі 
болуына мүмкіндік жасайды.  
Оқытудағы дифференциялау  әдісінің  негіздері: 
 студенттің оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;  
 алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;  
 оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;  
 бағалаудың жетелеушілік қасиеті; 
 дамыта оқытудың әдісі  
Дифференциалды оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей 
талаптарынан  тұрады.  Оның  басты  мақсаты  –  білім  алушыларды  «қабілетті»,  «қабілетсіз»  деген  жіктерге 
бөлуді болдырмау, оқытудың тиімділігін арттыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу. 
Жоғары  кәсіптік  білім  алушыларды  дифференциялау  негізіндегі  педагогикалық  технология  мазмұнының 
ерекшілігі (2-сурет): 
 
 
 
Сурет 2- Дифференциалау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі 
 
Жоғары  кәсіптік  білім  алушыларды    дифференциалап  оқытуда  талдап-жинақтап  баяндау  элементтерін 
пайдалану,  ұқсастыру,  қорытындылау,  нақтылау,  модельдеу  және  ой  елегімен  өткізулер  арқылы  өздігінен 
білімдерін жетілдіру, оқу материалдарын қысқаша конспектілеу, тірек конспектілер жасау, сабақта кейс, миға 
шабуыл әдістерін пайдалану нәтежесінде болашақ ұрпақтың білікті маман болуына жол ашады. 
 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается    дифференциональное  обучение  в  вузе,  взаимодействие  преподавателей  и 
студентов,  в  ходе  которого  осуществляется  поступательное  формирование  и  развитие  профессионально  значимых 
качеств  личности  субъектов  образовательного  процесса  на  основе  учета  индивидуально-типологических 
особенностей  обучаемых,  их  актуализированных  учебных  возможностей  и  варьирования  дидактических  условий, 
организационных форм, содержание, приемов и методов обучения.  
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
116 
Summary 
This article examines the differentsional a college education, interaction between teachers and students, in the course of 
which  the  progressive  formation  and  development  of  professionally  significant  qualities  of  the  individual  subjects  of  the 
educational process by taking into account individual-typological characteristics of learners, their learning of updated features 
and varying conditions of didactic, organizational forms, content, methods and techniques of teaching 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан-2050:  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты.  –Астана: 
Ақорда, 2012. 
2.  Қазақстан Республикасының Ресми сайты, 
http://www.government.kz
 about/news/2422/43257/ 
3.  Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері. Алматы: «Білім» баспасы, 2009. - 424бет. 
 
 
УДК ОӘЖ  378.17 
 
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ  БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒА  
БОЛМЫСЫНЫҢ БІР КӨРСЕТКІШІ 
 
Қ.Т. Әтемова – п.ғ.д., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық 
қазақ-түрік университетінің доценті, 
Б.И. Мұсабекова – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық 
қазақ-түрік университетінің магистранты 
 
Аңдатпа:  
Қоғамның  бүгінгі  маман  даярлау  саясаты  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыруды  қажетсінеді.  Оның 
тұлғалық  көрсеткіштерінің  бірі    сөз  саптауы  мен  қарым-қатынас  мәдениетінің  қалыптасуы  екендігі  белгілі.  Осы 
тұста  мақала  мазмұны  болашақ  мамандарды  даярлауда  сөйлеу  мәдениетінің  қалыптасуының  маңыздылығын  ұлы 
ғұламалар мұраларындағы көзқарастары негізінде дәлелдеп сипаттауды қамтиды. Бүгінгі жоғары оқу орындарында 
кәсіби  мамандар  даярлау  жүйесіндегі  студенттердің  сөздік  қорын  дамыту  технологияларындағы  олқылықтар  мен 
жетістіктер  туралы  тәжірибелер  қарастырылады.  Бүгінгі  жастардың  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастырудың  тиімді 
жолдары бағдарланады. 
Тірек сөздер: тұлға, мәдениет, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас мәдениеті, болашақ маман, кәсіби қалыптасу, 
бәсекелестікке қабілеттілік, көрсеткіш, қоғам, болмыс. 
 
Бүгінгі  қоғамның  талабы  нарық  сұраныстарын  қанағаттандыратын  тұлғаның  жаһандық  қарым-қатынас 
кеңістігінде  бәсекеге  қабілетті  болуын  қажет  етеді.  Бұл  ең  алдымен  оның  қарым-қатынасында  сөйлеу 
мәдениеті арқылы көрініс табады.  
Сондықтан, қоғамның бүгінгі азаматын қалыптастыруда жаңа болмысқа ие бәсекелестік талаптарына жауап 
беретін  тұлғаны  тәрбиелеу  қажеттілігі  туындап  тұр.  Бұл  туралы  елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-
2050» стратегиялық бағдарламасында: «Біз жастарымыз бағыт алып, бой түзеуге тиіс өз заманымыздың жаңа 
қаһармандарын көрсету және жасауымыз керек. Сондай-ақ, біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлері-
мізді осы әралуандылығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп бол-
са да жинастыруымыз керек»,  деп атап көрсете отырып, жоғарыдағы тұжырымды ойды дәлелдей түседі [1]. 
Бұл  жоғары  оқу  орнындағы  оқу-тәрбие  үрдісін  ізгілендіру  арқылы  ұстаз  болмысынан  бастау  алғаны  дұрыс.  
Бұл туралы түріктің ұлы ғұлама ғалымы әл-Фараби өзінің «Бақытқа жету жолында» деген еңбегінде «Ұстаз бен 
шәкірт, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, сондай-ақ, ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынас өзара түсініс-
тікке негізделуі үшін ересектер тарапынан болатын қарым-қатынас стилі тым қатал да, тым жұмсақ та  болмау-
ға  тиіс»,   деп айтқан. Өйткені, егер  қарым-қатынас тым қатал болса,  онда тәрбиеленушілер немесе балалар 
бойын  қорқыныш  сезімі  билейді,  олар  ересек  адамды  сол  қылығы  үшін  жек  көреді,  оған  сенбейтін  болады. 
Бірақ  қарым-қатынас  міндетті  болғандықтан,  оларда  екі  жүзділік  пайда  болады.  Егер  қарым-қатынас  тым 
жұмсақ  болса,  онда  тәрбиешілер  немесе  отбасындағы  балалар  тарапынан  оның  ересектер  талабына  деген 
немқұрайдылық пайда болып, оның өзіне деген құрмет төмендейді,  деп талаптың  қалыпты болғанын қажет 
деп санайды [2]. 
Сөздік  қарым-қатынас  адам  баласының  тіршілік  етуінің  негізгі  шарты  ғана  емес,  оның  психикасының 
дұрыс  қалыптасып  дамуының  факторы  және  аса  қажетті  кұралы  болып  табылады.  Өйткені,  сөйлеу  арқылы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
117 
қарым-қатынас жасау мен өзара пікір алмасу, келісім не өзара түсіністікке келу, не болмаса қақтығыс, қарама-
қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі осы сөз құдіретінің нәтижесі болып табылады. 
2003 жылы жарық көрген  «Қысқаша педагогикалық  сөздікте»  «қарым-қатынас» ұғымына мынадай анық-
тама берілген: Қарым-қатынас адамдардың өзара қатысуы, олардың әрқайсысының өмір сүруі мен дамуының 
басты шарты және тәсілі. Адам дүниеге келісімен өзінің өмір сүру қабілетін дамытуға қатысы барлармен бірге 
тарихты басынан кешіреді. Тек қарым-қатынас барысында ғана адам өз басына, өз іс-әрекетіне мән беріп, баға 
бере  қарайды  [3].  Ал,  психологиялық  сөздікте  «Қарым-қатынас    біріккен  іс-әрекет  қажеттілігін  туғызатын, 
адамдар  арасындағы  байланыстың  дамуын  орнататын  күрделі  көп  жоспарлы  үрдіс.  Адамдардың  танымдық 
хабарлар  алмасуы,  өзара  түсінісуі,  бір-бірін  қабылдауы.  Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  жасауда  аса 
қажетті шарттардың бірі  сөйлеушілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге, тыңдаушыларға қалайда жеткізіп, оларға 
әсер  етуді  көздесе,  ал  тыңдаушылардың  қарым-қатынас  орнатудағы  сөйлеуші  жақтың  ой-пікірін  дұрыс 
ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігіне байланысты [4].  
Бүгінгі білім беру жүйесіндегі болашақ мамандар даярлауда біз барынша ғылымның соңғы жетістіктері мен 
ғалымдар көзқарастарын тұжырымдауға және іс-әрекетімізде негізге алуға ұмтыламыз. Әйтсе де, кешегі күні 
тарихи  дамуымызда  өткен  ғұламалар  мен  олардың  ой  тұжырымдарындағы  тұлғаның  адами  болмысы  мен 
бүгінгі күні бәсекелестікке төтеп беретін қасиеттері болып табылатын көзқарастары мен ұсыныстарын ескере 
бермейміз. 
Қазақ  халқының  „Әдептің  басы  сәлемдескеннен,  бәленің  басы  ерегіскеннен“  деп  айтуы  тегін  емес. 
Көпмәдениетті тұлғаның тәрбиелілігі оның сәлемінен бастау алары сөзсіз. Сөйлеу мәдениеті туралы көзқарас-
тар мен тұжырымды ойлар ертеден адамдық сипаттың бір қыры ретінде және оның қарым-қатынаста көрініп, 
айқындала түсетіндегі айтылып келеді.  
Мәдениетті  сөйлеу  мен  қарым-қатынастың  қалыптасуына  көптеген  факторлар  әсер  етеді.  Солардың 
қатарында жора–жолдастардың орны ерекше. Себебi, баланың бiрге жүрген дос-жарандары мен жолдастары-
ның тұлғалық болмысы, бойындағы қасиетi баланың қалыптасуына әсер етедi. Сондықтан, жолдастар таңдауда 
да  кiм  көрiнгенмен    жақындаса  кетудiң  соңы  өкiнiшке  алып  келеді.  Осы  тұста  XI  ғасырда  өмір  сүрген  ұлы 
ғұлама Кейкаус өзінің „Қабуснама“ деп аталатын кітабында "Қыңырлыққа әуестенген кiсiден бойыңды аулақ 
сақта. Өйткенi, қыңырлыққа әдеттенген жан туралыққа баспайды. Иiр ағаш тезге салмай түзелмейдi, жонбаса 
түзу болмайды. Жақсы сөз  жан азығы, жақсы сөзге сараң болма. Жақсы сөз тыңдауға ынталы болмаған кiсi-
нiң бар ынтасы, есi  дертi мал, дүниеге ауып кетедi. Дөрекi сөйлемей, сыпайы, жақсы сөз айтсаң, сен де жақсы 
сөз  естисiң",  -  деп  қарым-қатынастағы  силастықтың  екi  жақты  сипатқа  ие  екендiгiн  түсiндiредi  [6].  Кейкаус 
еңбегiнде  жолдастармен  қарым-қатынас  жасауда  адам  қадiрiн  бiлмейтiндермен    уақытты  кетiрiп,  сөздi  сарп 
етудiң керек еместiгiн де назардан тыс қалдырмаған. Сортаң жерге сепкен ұрықтың өнiм бермейтiндiгi секiлдi 
жақсылықты  түсiнбейтiн  адамдарға  жасаған  жақсылығың  еш  кетiп,  уақытың  зая  болады  дегендi  айтады. 
Сондықтан  адамды  алдымен  танып,  содан  кейiн  алыс-берiс,  қарым-қатынас  жасау  тиiмдi  деп  ойлайды. 
Орынды  сөз  айта  білуді  адамның  асыл  қасиетіне  жатқызады.  Сондықтан,  әрбiр  ата-анаға  баласына  сөйлеу 
өнерiн үйретудi кеңес бередi. Оған дәлел: "Адамзаттың  ең абзал қасиетiнiң бiрi  сөз сөйлей бiлу. Бұл жағдай-
ды жете түсiн де, жақсы сөйлей бiлуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеудi  әдет қылғайсың. Сөздi өз орнымен сөйле. 
Орынсыз  айтылған  сөз  жақсы  болса  да,  жаман  көрiнедi.  Үгiт-насихатыңды  тыңдайтын  қарыздар  болған 
жағдайда  ғана  сөйле.  Ықылассыз  тыңдаушыға  сөз  айтқаннан,  тыныш  отырған  мақұл",  -  деген  қатарлары  
жоғарыдағы пікірімізге дәлел бола алады.  
Сондай -ақ,  ғұлама Кейкаус «Адам болған соң досың бар, дұшпаның бар болады, сондықтан, сынға дұрыс 
қарап, өз кемшілігіңді түзеуге көңіл бөл. Өзіңді ойлап, қашан да тура жолыңнан танба, текті сөз бен тәтті сөздің 
екеуі екі түрлі білгенге, кейде ащы сөз - тәтті де, тәтті сөз - удай  деп қатты шындықты айтқан адамға қастық 
қылма, қашан да қандай жағдайда да тек жақсылық жасауға тырыс»  деп ақыл-кеңес береді. Осылайша, ақын 
шектен тыс асқақтауға түбінде бір тосқауылдың болатынын,  шектен тыс сараңдық сөгіс естуге алып келетінін 
айтады.  
Кейкаус адамдарды  тануда  олардың сөзiне қарап ажыратуға болатынын айта отырып, баласына адамдар-
дың үш түрлi болатынын, ал сөздiң төрт түрлi болатынын сипаттап көрсетеді. Онда адамдардың бiрiншi түрi - 
бiледi  және  бiлген  сайын  бiлгiсi  келетiндер  дейді.  Оларды  ғалымдар  тобына  жатқызады.  Сөйтіп,  олардың 
айтқандарына тәнтi тұрудың  қажеттiгiн айтады. Адамдардың екiншi түрi  бiледi, бiле тұра бiлмеймiн дейтiн-
дер. Бұлар ұйқыдағы зұлымдар, олардан сақ болуды ескертедi. Үшiншiсi - бiлмейдi, бiлгеннiң тiлiн алмайтын-
дар. Оларды  ессiз надандар деп көрсетедi. Олардан да бойды аулақ  ұстап жүру керектiгiн ескертеді. Осындай 
адамдардың түрлерiн олардың сөздерiнiң төркiнi мен астарына қарап-ақ ажыратуға болады деп санайды. Олар-
дың сөздерiнiң бiрiншi түрi   бiлуге де, айтуға да  қажеттi  сөздер. Екiншiсi   бiлуге  қажетi жоқ, бiрақ айтуға 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
118 
болатын сөздер. Үшiншiсi   бiлу керек, бiрақ, айтудың қажетi жоқ сөздер деп бөледi. Төртiншiсi - бiлуге де, 
айтуға  да  қажетi  жоқ  сөздер.  Кейкаустың  мұндай  ой-тұжырымдарынан  адамның  дүниетанымы  мен  сөйлеу 
мәдениетiне  қарап  орынды  айтылатын  сөздердiң  өз  тәртiбiнiң  болатындығын,  оны    жастардың  меңгергенiн 
қалайтынын аңғаруға болады. Өйткенi, дүниенiң бар жақсылығы  айту мен бiлу үшiн қажеттi сөздерге тән қа-
сиеттiң  жастар бойында қалыптасуы деп бiледi. Сондықтан мұндай сөздердi айтқанда, айтушыға да, тыңдау-
шыға да әсерлi болуды ұсынады. 
„Ей,  перзентiм,  әлiңнен  аспа,  асып-тасуды  сұмдық  iстiң  басы  деп  түсiнгейсiң“,  -  деп  ұлына  сабырлы  да 
қарапайымдылықтың адам көркiн келтiрер қасиет екендiгiн ескертедi. Көп бiлiп, аз сөйле, аз бiлiп, көп сөйлеме 
дейдi. 
Кейкаустың бұл тұстағы көзқарастарын XIX ғасырда қазақтың ұлы ақыны Абай өзінің өлеңдерінде «Дана-
лардан шыққан сөз, талаптыға болсын кез», деген өлең қатарлары арқылы ой сабақтастығын жалғастырды. 
Тағы  бір  XI  ғасыр    ғұламаларының  бірі  Ж.Баласағұн  кемел  тұлғаның  тағы  бір  бойынан  табылуға  тиісті 
қасиеті  оның  сөз  шеберлігін  меңгеруі  деп  қарастырады.  Осы  орайда  Ж.Баласағұн  балалардың  өзгелермен 
дұрыс қарым-қатынас жасай бiлуiн, дұрыс сөйлесiп, мағыналы ой мен пiкiр бiлдiруiн ата-аналарға отбасы тәр-
биесiнде қадағалап отыруды ұсыныс жасайды. Ол үшiн отбасындағы ата-ана мен балалары арасында, көршi-
қолаң  арасында  ынтымақты  сыйластықтың  болуын  қажет  деп  санайды.  Адамгершiлiк  пен  жолдастықтың, 
достықтың  белгiсi  қонақ  шақыру  мен  қонаққа  бару  екендiгiн  айта  отырып,  ешкiммен  араласпайтын,  өзi  де 
қонақ шақырмайтын адамдарды  тiрi өлiк деп санауға болады деп есептейдi. Өйткенi, адамдар қарым-қатынас 
арқылы  дамып,  өз  әрекеттерiнiң  дұрыс-бұрыстығына  баға  берiп  отырады  дейді.  Сонымен  қатар,  ұлы  ғұлама 
Ж.Баласағұн  сөйлеу  өнерін  адам  жанының  айнасы  деп  түсіндіреді.  Ақын  сөзді  тауып  сөйлеу  мен  жеткізе 
сөйлеу әрбір ер азаматқа жарасар қасиет деп санайды. Осы тұста ол  "Көп сөйлесең, "Езбесің" – деп жек көрер, 
Сөйлемесең,  "Мылқау"-  екен,  деп  сөгер!  Бұлай  болса,  тең  ортасы  -  керегің,  Тілге  ұстамды  болсаң,  өсер 
беделің!  деп сөз өнерінің мәні орынды сөйлеу екендігін жастарға кеңес береді [5]. 
Сондай-ақ,  ақын  қарым-қатынас  жасағанда  әрқашан  сыпайылық  танытып,  әдеп  сақтауды  кеңес  береді. 
"Ауыр сөйлеп тiл тигiзбе адамға, Кеш сауығар, көңiлде дық қалар да"– деп қарым-қатынастағы сенiмсiздiктiң 
тууы көпке дейiн  ынтымақтың бұзылуына негiз болатындығын  айтады.  
Cөйлеу өнері мен тұлға мәдениетін бөліп қарастыру мүмкін емес. Өйткені, сөз адам жанының ішкі дүние-
сінен  дерек  беретін  құбылыс,  ол  адамның  мәдени  деңгейін  айқындайды.  Сондықтан,  бүгінгі  жоғары  оқу 
орындарындағы маман даярлау жүйесінде жастардың көбірек сөйлеуіне мүмкіндік туғызу қажет деп білеміз. 
Бүгінгі  білім  сапасын  анықтаудың  бірден  бір  жолына  айналған  тест  жүйесінің  біржақты  нәтиже  беретіндігі 
барған  сайын  дәлелденіп  келеді.  Соған  қарамастан,  батыстық  білім  жүйесіне  әуестігіміз  күннен  күнге  арта 
түспек.  Нәтижеде,  жастарымыз  барған  сайын  мәдениетті  сөйлеу  тұрмақ  ойын  тиянақтап  жеткізуден  қалып 
барады. Мағыналы да мәдениетті сөз жоқ жерде тұжырымды ой да болмақ емес. Әйтсе де, табиғатымызға тән 
тәрбие үрдісі мен ата-бабаларымыздың өсиеті негізінде ұлттық мәдениетіміздің негізін сақтап қалу және оны 
бүкіл тұлға қалыптастыру жүйесінің өзегі ретінде пайдалану өте дұрыс болар еді.  
Қорыта  айтқанда,  өсіп  келе  жатқан  әрбір  ұрпақтың  ең  алдымен  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  оның 
болашақтағы бәсекелестік ортасында кәсіби және тұлғалық сапасының бір көрсеткіші болмақ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет