Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет19/36
Дата06.03.2017
өлшемі5,01 Mb.
#7840
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36

Резюме 
В статье говориться о национальном воспитании молодежи. Важность жанной проблемы молодежи на эпохе гло-
бализаций это формиравание национального духа, патриотизма. В нем проявляются лучшие черты народа, общече-
ловеческие ценности: гуманизм, оптимизм, мудрость, смелость, нравы, обычай, образ мышления, национальная пси-
хология, культура история. Все это богатство представлено народном воспитани. Современное осмысление духовно-
го наследия казахов показывает, что оно тесно связано с многовековой историей, жизью, бытом и культурой народа. 
 
Summary 
This  article  is  about  the  national  education  of  the  youth.  The  importance  of  this  problem  of  youth  in  the  era  of 
globalization is to form national spirit, patriotism. It reveals the best features of people, human values: humanism, optimism, 
wisdom, courage, morals, customs, way of thinking, national psychology, culture and history. All this wealth is represented by 
people's  upbringing.  Modern  understanding  of  the  spiritual  heritage  of  Kazakh  people  shows  that  it  is  closely  related  to 
centuries of history, life, everyday life and culture of the people. 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР 
 
Ж.Т. Джаксынкаева – оқытушы, магистр, жалпы педагогика және психология кафедрасы, 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкей-
кесті  мәселесі  –  жеке  адамның  қалыптасуына  әсер  ететін  факторларды  зерттеу  болып  табылады.  Әрбір 
жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол  адамның ғана жеке  басының даму көрсеткіші  емес, 
бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, 
оның  психикасы  тек  айналасындағылармен  қарым-қатынас  жасау  процесінде  ғана  қалыптасады.  Яғни 
кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болма-
сын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас 
жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр 
түріне  жататына  күмән  келтіруге  болмайды.  Әрине,  қарым-қатынас  ақпарат  алумен  ғана  шектелмейді, 
оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. 
Жеке  тұлғаның  сыртқы  ортамен  қарым-қатынас  ауқымы  неғұрлым  кең  болса,  оның  өмірдің  әр  қилы 
жақтарымен  байланысы  соғұрлым  алуан  түрлі  болады,  ол  қоғамдық  қатынастар  дүниесіне  соғұрлым 
тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі. 
Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің 
тік жүру қалпына келуі, сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде 
пайда  болды,  бұған  қоса  дыбысты  сөйлеу  тілінің  қалыптасуы-мұның  бәрі  мидың  дамуына  алып  келеді. 
Адамның морфологиясыныц өзгерісі  оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, ұжымдық өмір сүруінің матери-
алдың бірлігі, негізі десе де болады. 
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады. Демек ол  дүниеге  келгенде толық қалыптасқан анато-
мия-физиологиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады [1]. 
«Жеке тұлға» түсінігі «тұлға» түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Оның қоғамдьқ мәні мен 
әлеуметтік функциясы жеке адам сипатта-масының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам 
тек қана қоғамдық ғылымдардың: тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагоги-
ка тағы басқалардың зерттеу объектісі. 
Жеке  тұлға  –  қоғамда  белгілі  бір  жағдайға  ие  және  белгілі  бір  қоғамдық  ролін  атқаратын,  саналы 
индивид.  Роль  дегеніміз  –  жеке  адамның  атқаратын  әлеуметтік  қызметі.  Мәселен,  ата-ананың  ролі  – 
балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі-мұғалімдер ұжымын басқару және оқушыларды оқыту 
барысын ұйымдастыру [2]. 
Жеке тұлғаның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынаста-
рына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне-өзі мойнына алған міндеттерге, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
120 
қоғамдық,  еңбек  міндеттеріне  деген  қатынастар  жатады.  Бұл  қатынастар  жеке  адамның  адамгершілік 
бейнесін,оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды. 
Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай-ақ олардың аңға-
рылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп 
бөледі.  Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз – қуанту мен жек көру сезімдері. Терең түсіну  дегеніміз  – 
принципті  қатынастар,  олар  ситуация  таланттарымен  емес,  жеке  адамның  қалыптасқан  адамгершілік 
мұратымен, ішкі сенімімен, парызбен міндеттерді сезінумен анықталады. Сөйтіп, материалистік филосо-
фия мен психология жеке адамда әлеуметтік мәні тұрғысынан қарастырады. Жеке тұлға дегеніміз – ол да 
сол  адам,  тек  ол  бұл  ретте  қоғамдық  мәні  мен  қоғамдық  іс-әрекеті  жағынан  қарастырылады.  Физиолог 
адамда  организм  ретінде  зерттейді, әлеуметтанушы  адамда  жеке  адам  ретінде қарайды.  Міне,сондықтан 
да жеке адаммен оның құрылымын анықтағанда әлеуметтік және биологиялық жағына бірдей орын бере-
тін  кейбір  психологтармен  келісуге  болмайды.  Жеке  адам  дегеніміз  –  саналы  индивид.  Жеке  тұлғаның 
қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай тұрып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпен айналысу себебін, 
қабілеті мен мінез-құлқын, ал кейбір жағдайларды тіпті дене құрылысын тексеруге болады [3]. 
Жер  бетінде  адамнан  қастерлі,адамнан  артық  еш  нәрсе  жоқ.  Себебі  адам  бір  бойына  бүкіл  әлемді 
сыйғызып тұрған ерекше құбылыс. Ұлы ойшылдар адамға мынадай анықтама береді: «Адам-ақыл иесі», 
«Адам-сана  иесі»,  «Адам-бостандық  иесі».  Ақыл,  сана  және  бостандық-адамның  адамдық  жігерлігінің 
сипаттамасы. 
Тұлға  жөнінде  психологияда  сөз  қозғасақ,  онда  нақтылы  жеке  адам  туралы  айтатынымыз  рас. 
Сонымен қатар адам жөніндегі ұғымда басқа да бір-біріне өзара жақын көптеген түсініктер бар: «адам», 
«индивид»,  «даралық»,  «тұлға».  Жалпы  алғанда  бұл  ұғымдар  бір  ғана  мағына  бергенімен,  ал  өмірде, 
ғылымда олардың әр-түрлі түсініктері болады. 
Индивид /жеке тұлға/ – бұл әлдебір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, 
белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі). Жеке адам ретінде жарық дүниеге келгенде адам біртіндеп жеке адам 
ретінде қалыптасады. Бұл процестің тарихи сипаты бар: дүниеге келгеннен кейін адам қоғамдық қатынас-
тардың белгілі, тарихи тұрғыда қалыптасқан жүйесіне қосылады. 
Жеке тұлға дегеніміз – әрбір кісінің әлеуметтік сипаттамасы, яғни мұның мәнін оның сапалы, не қаны, 
не  дене  құрылысы  ғана  білдіріп  қоймайды,  оның  әлеуметтік  сапасы  айқындайды.  Еңбектену  арқылы 
пайда болған тіл – ойлау мен сөйлеуді тудырады, ал тілдің негізінде сөз жасалады. Сөз арқылы, сөйлесу-
дің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы қалыптасып, жоғары тиімділікке қол жеткізеді. Адамдар тіл 
арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсіндіруге ұмтылады [4]. 
Адам  жаратылысынан  іс-әрекет  етуші  тұлға,  оның  барлық  ерекше  қасиет-тері  еңбектің  нәтижесінде, 
тарихи даму арқылы қалыптасқан. Жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде  бойына жинақтайтын 
сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсапалы қатынаста-
рын  анықтайды.  Даңқ,  ақыл,  байлық,  тартымдылық  және  дарын  –  бәрі  де  адамның  сапасы.  Бұлардың 
әрқайсысы  шын  мәнісінде  мазмұнды,  себебі  бір  адамның  мақсат-мүддесі  адаммен  қатынасы  арқылы 
жүзеге  асырылады.  Жеке  адамның  осы  қасиеттері  қоғамнан  ажыратылса,  оның  жеке  басының  сапасы 
затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалады. 
Даралық-жеке  тұлғаның  өзіне  ғана  тән  белгілі  бір  сипаттамасы.  Мұны  әр  адамның  психологиялық 
ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн. 
Даралық-адамды  басқадан  ажырататын  өзіндік  ерекше  өзгешелігі.  Әрбір  адам  айналадағы  дүниені 
өзгеше түсініп, өзгеше қабылдайды, оның ақыл есінің, ойының, зейінінің өзіне гана тән ерекшеліктері бар 
құштарлығы мен өзіндік қиялы, өз қызығуы мен ұғатып, көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды-көпті эмоция-
лық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік-жігері, түрлі мінез-бетістері болады.  Адамның ішкі жан 
дүниесі, яғни қалыптаса келе қол жеткізген «мені» – ең тереңде жататын барынша нәзік те бағдарланатын 
өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін соның өзіне ғана тән 
нәрсе. Жеке адамның белгілі дәрежедегі психикалық және әлеуметтік тұрғыда даму деңгейі сол адамның 
өз алдына маңызды мақсаттар қойып,оларды орындай алуына мүмкіндік тудырады, оның бойында дербес 
көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасып, өзіндік адамгершілік талаптар қоюмен іс-әрекетіп бағалаулары-
на түрткі болады. 
Жеке  тұлғаға  белгілі  дәрежеде  сипаттама  берегенде  оның  белсенділігін  бірінші  кезекте  қарастыру 
керек.  Белсенділік-адамға  өмірдегі  өз  орнымен  жағдайын  анықтауға,  ұстаған  адамзаттың  позициясын 
аңғаруға мүмкіндік тудырады. 
Адамның адамдығы негізінен алғанда оның іс үстінде немесе адамдар арасында болсын, өзін-өзі көр-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
121 
сете білуі арқылы анықталады. Жеке адамның «өзін-өзі жасай алу» қабілеті оның тағдырын, қоғамға қан-
шалықты бағалы екендігін, әрине, сондай-ақ бағалардың соған деген қатынасты мәнді түрде белгілейді. 
Жеке тұлға – белгілі бір әлеуметтік ортада атқарылатын елеулі іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның 
себепшісі  де.  Қоғамдағы  экономикалық  саяси,  әлеуметтік  қатынастар  әр-түрлі  көріністерге  ие  болады. 
Олар  әрбір  жеке  адамның  әлеуметтік  сапасын  және  оның  іс-әрекетінің  мазмұнын  айырып,  ажыратады. 
Атап  айтқанда,  адам  осы  процестің  барысында  өзін  қоршаған  ортамен  қарым-қатынаста  болады  және 
сыртқы әлемге деген өзінің көзқарасын қалыптастырады. Адамның әлеуметтік қатынасы әлеуметтік сапа 
ретінде оның іс-әрекетінде және тәртібінде көрінеді. Адамның әлеуметтік сапасының элементтеріне оның 
белгілі бір іс-әрекетінің мақсаттары: әлеуметтік  орнымен атқаратын әлеуметтік нормалармен құндылық-
тар, пайдаланатын жүйе белгілері, әлеуметтік ролін орындауда мүмкіндік беретін білімдердің жиындығы, 
білім  дәрежесі  мен  арнаулы  дайындығы,  әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктері,  жігері  және  шешім 
қабылдауға дербестік дәрежесі жатады. Осы элементтердің жиынтығы – жеке адамның әлеуметтік сапасы 
жөніндегі түсінікті айқындайды [5]. 
Даралық  дегеніміз  –  өзіндік  өзгешілігі  бар  жеке  адам.  Даралық  туралы  сөз  қозғағанда  жеке  адамның 
өзінше бөлек сыр-сипатын айтады. Әдетте «даралық» деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелен-
діріп тұратын қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Кез-келген адам өзінше дара, бірақ кейбір адамдар-
дың даралығы тайға таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрініп тұрады да, басқаларыныкі онша байқа-
ла қоймайды. 
Даралық интеллектілік, эмоциялық, еріктік салаларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлық саласын-
да бірден көрінуі мүмкін. Интеллектінің өзіндік ерекшілігі оның басқалар байқай бермейтіндігі көре білу 
қабілетінде,  информацияны  өңдеу  ерекшіліктерінде,  яғни  алдына  мәселе  қойып,  оның  шеше  білуінде 
болып табылады.  
"Теориясыз  эксперимент  соқыр,  эксспериментсіз  теория  сенімсіз  әрі  негізсіз.
 
Сірә,  психологияның 
жеке  тұлға  құрылымы  жайлы  ілімінен  басқа,  Канттың  осы  сөздері  аса  маңызды  болатын  саласы  жоқ 
болар.  Бақылаушылар  біртұтас  зерттеу  бөлімі  болуы  тиіс  іюрсепің  окі  багытқа  ыдырап  кетуіпе  қайта-
қайта  ұшырасып  отыр.  Теория  мен  тәжірибе  арасындағы  үйлесімді  өзара  әрекеттестіктің  орнына,  бізде, 
бір  жағынан,  жеке  тұлғаға  немесе  теориялық  бағдарға  ғана  қатысы  бар  ұсақ-түйек  процесторлі  егжей-
тегжейлі зерттейтіг экспериментті мектеп пен, екінші жағынан, "динамикалық бағыттағы" эмпирикалық 
бекітілу қажеттігін сезбейтін тоориялық мектептер бар. Психологтардың көпшілігі осындай еңбек бөліні-
сінің  шегіне  жеткені  соншалықты,  ғылыми  зерттеу  саласы  ретіндегі  "жеке  тұлға"  ұғымының  өзіне  де 
қауіп төнгенімен еді. 
Дегенмен, өз теорияларының негізгі идеяларын бекітк отырып, екі жақ та бірдей дәлелді болып көрін-
генімен, олар басқа мектептердің ғылымға қосқан еңбегін бағалауда әділетсіз болуы да мүмкін. Теорияға 
сүйенбеген  эксперимент  өнімді  нәтижелерге  әкеледі,  не  болмаса  эксперимент  жүзінде  дәлелденбеген 
теория ғылымға мәнді үлес қосады дегенге ешкім дн сене қоймайтын шығар. Шешімі жоқ болып көрінген 
дауларда да,  егер  әр жақтың дәлелдері өзінің логикалық қисынып тауып жатса, орынды түрде  келісімге 
келуге болады. 
Мысал  ретінде,  біз  "жеке  тұлға"  ұғымы  анықтамасының  өзін  қарастыра  аламыз.  Осы  тұста  біз  жеке 
тұлғаны мінез-құлық актілері бойынша анықтайтын және психодинамикалық ұғымдарлы қолдана отырып 
жасайтындар арасындағы шешімі жоқ қарама-қарсылыққа кездесеміз. "Жеке тұлға – бұл қажет ақпаратты 
алу  үшін  жеткілікті  уақыт  мөлшерінде  шынайы  мінез-құлықты  бақылауда  анықталуы  мүмкін  іс-әрекет-
тердің жиынтығы" деген Уотсонның сөзін биховиористік анықтаманың мысалы ретінде  келтіре аламыз. 
Принстің  сөзін    психодинамикалық  анықтаманың  мысалы  ретінде  келтіре  аламыз:  "Жеке  тұлға  –  бұл 
индивдттің тума биологиялық диспозицияларының, инстиігктілерінің, құмарлықтарының және өмір сүру 
барысында иеленген бейімділіктері мен бітістерінің жалпы жиынтығы". 
Бақыланатын  мінез-құлық  актілері  анықтамасына  кіргізілген  ұғымдар  –  инстинктілер,  бейімділіктер, 
құмарлықтар сияқты екінші психодинамикалық анықтамалардағы ұғымдарға соншалықты сәйкес келмей-
тіні  анық.  Дегенмен  бұл  қарама-қарсылық,  солай  қөрінгенімен,  шешімсіз  емес.  Біздің  инстинктілер, 
бейімділіктер және құмарлықтар жайлы тікелей біліміміз жоқ; тек бақыланатын мінез-құлық актілерінің 
негізінде қалыптасатын әрі оларды түсіпу және жалпылау үшін жасалған абстрактілік ұғымдар ғана бар. 
Осындай  мінез-құлық  актілерінсіз  ұғымдардың  өзінің  нақты  мағынасы  болмайды:  біздің  адам  мінез-
құлқы жайлы білгеніміздің барлығы оның мінез-құлқын бақылаудан алынады. Алайда тек қана осындай 
бақылаудың  өзі  жеткіліксіз.  Біз  жағдайлардың  белгілі  бір  қатарына  ортақ  мінез-құлықтың  қырларын 
белгілейтін ұғымларды енгізуіміз қажет. Ғылым абстракцияга сүйенбей тіршілік ете алмайды. Осылайша, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
122 
екі  анықтама  да  бір  жақты  болып  келуде,  ал  теңбе-тең  анықтама  білімдеріміз  эмпирикалық  негізін  әрі 
жалпылаушы ұғымдардын теориялық табиғатын бейнелеуі тиіс. 
Сонымен,  адам  дегеніміз  биологиялық,  психикалық  және  әлеуметтік  сапалардың  біртұтас  бірлігі 
болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеуметтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгері-
летін  қасиеттерден  қалыптасады.  Алайда  жеке  адам  биологиялық,  психикалық  және  әлеуметтік  жақтар-
дың жасай арфиметикалық қосындысы емес, олардың табиғи бірлігі екенін білу керек. 
Қоғамдық  ғылымдардың  да,сондай-ақ  күнделікті  тұрмыста  да,  «жеке  адам»,  «даралық»  түсініктері 
кеңінен қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойыла-
ды. Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір. 
Адам  туралы  түсінік  түпкі  және  тектік,  бастапқы  түсінік  «адам»  болуға  тиіс.  Адам-бұл,  ең  алдымен, 
Нomo Sapuens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Басқа жануарлардан 
айырмашылығы  адамда  сана  бар,  яғни  ол  сыртқы  ортаның  мәнін  де,  өз  жаратылысын  да  танып  біледі 
және  осыған  орай  парасатты  түрде,  ойланып  әрекет  жасайды.  Адам  биологияльқ  тек  ретінде  негізгі 
ерекшеліктері мыналар болып табылатын [6]. 
Айрықша  дене  бітімімен  сипатталады:  денесін  тік  ұстап  жүру,  тану  мен  еңбекке  бейімделген  екі 
қолының болуы, әлеуметтік жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны өз қажеттігіне, мүддесі 
мен мұраттарына қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының барлығы.  
Адам алуан қырлы міне, сондықтан да, ол жаратылыстану ғылымдарының да, қоғамдық ғылымдардың 
да  зерттеу  обьектісі  болып  табылады.  Әрбір  жеке  адамның  қоғам  өміріндегі  ролі  мен  мәні  қоғамдық 
қатынастардың  дамуына  қарай  арта  түсіп  отырады.  Қоғамдық  дамудың  шапшаңдауына  қарай  жұртшы-
лықтың  адам  құқығы  үшін  күресі  де  етек  алып  кеңейеді.  Бұл  күрес  жеке  адамды  қызықтырып  қана 
қоймайды, сондай-ақ оны қалыптастырады. 
Жеке  адам  қазіргі  әлеуметтанудың,  психологияның  және  этиканың  басты  назарына  алынған.  Жеке 
адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу – оның іс-
әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты. 
 
1. Григорева А.С. «Психология  и личность». – М., 1980. 
2. Эткинд А.М. От свойств к взаимодействиям: становление системной ориентации в психологии личности // 
Системные исследования. – М., 1982. 
3. Жалпы психология. – Алматы: Білім, 1996, – 224 б. 
4. Жарықбаев Қ. Психология. Оқулық: - 3-ші басылым. – Алматы: Білім, 1993. 
5. Педагогикалық ізденіс. – Алматы: «Рауан», 1990. 
6. Елеусізов С. Қарым-қатынас психолоогиясы. – Алматы: «Рауан», 1995. 
 
Резюме 
В статье рассматриваются формирования личности которые влияют психологические факторы. Личность – это не 
только  результат  одной  социальной  среды,  но  и  строитель  этой  среды.  В  обществе  экономические,  политические, 
социальной  отношение  имеют  разные  выевления.  Эти  выевления  отражаются  в  содержаниях  действий  в  каждой 
личности. Если сказать конкретно, человек в действии этих процессах вступает в отношение с окружающей средой и 
строит на внешний мир свое мировозрение. 
 
Summary 
The article considers the formation of personality which affects psychological factors. Personality – is not only the result 
of a social environment, but also the builder of this environment. In society the economical, political, and social relations have 
different detections. To be precise, a person in action of these processes enters into relation with the environment and builds 
on the outside world his own worldview. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
123 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҒЫНА КҮЙЗЕЛІСТІҢ ӘСЕРІ 
 
М.А. Еркінбекова – психол.ғ.к., доцент
Ж.А. Маттанаева – магистрант, Қайнар университеті 
 
Күйзеліс – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Педагог мамандығы күйзеліспен көп жағдайда байланысты. 
Табиғат  сыртқы  ортаның  әсерінен  қорғану  үшін  керемет  механизм  жаратқан.  Ағза  әрбір  тітіркенгіштік-
терге  қарсы бағытталған реакциялардыталап етеді. Бұл реакциялар денені  тітіркенгіштерге қарсы жауап 
қайтаруға  жұмылдырады.Егер  реакциялар  созылып  кетсе,  ресурстардың  әлсіреуінен  ауру  пайда  болады. 
Негізгі асқынған аурулар уақытында эмоциялық уайымдар түрінде пайда болып, асқынған күйзелістерге 
ұласқан.  Педагогтар  басқа  кәсіп  иелері  тәрізді  күйзелісін  өзінен  де,  айналасындағылардан  да  жасыруға 
бейім. Күйзелісті жеңілдетудің және басқарудың төмендегідей жолдары бар: ағзаны жұмылдыру, байып-
пен ойлау әрекеттері,  күйзелісті тану, қарсы әрекеттерді бастау. 
Күйзелісті  бірден  тауып,  анықтау  оңай  емес.  Бұл  сөзді  әрбір  топ  адамдары  қолдана  отырып,  әртүрде 
қабылдайды. Мысалы: дәрігерлер – психологиялық механизмдерді баяндауда термин ретінде, инженер – 
жүктемелер  жіберуде,  психологтар  –  мінез-құлық  өзгерулерін  сипаттауда,  консультант  менеджер  – 
ұйымдастыру  әрекеттері  ретінде,  лингвист –  буындарды  бөлуде,  тұрмыста  бюджеттің  қиындықтарынан 
бастап,  ата-аналардың  балаларына  қойған  шектеулеріне  дейінгі  әрекеттерде  қарастырылады.  Біреулер 
күйзеліс  қалыпты  (инженер,  лингвист)  тіпті  қажет  десе,  екіншілері  түкке  керексіз  азаптану  (дәрігер, 
педогог) дейді [13].  
Осыдан елу жыл бұрын Г.Селье [8, 9] қоршаған орта мен адамдардың өзара әрекетін өзгертетін күйзе-
ліс  туралы  түсінік  енгізген.  Ғалымның  айтуынша  аштықта  да,  суықта  да,  уайым  мен  қуанышта  да  кез 
келген жағдайда бүйрекүсті қабы, қалқанша безі, гипоталамус т.б. жүйелер белгілі бір гормондар бөледі. 
Белсенді заттар қандай жолмен шақырылса да, адамның қоршаған ортаға жылдам өзгерісіне бейімделуіне 
көмектесуі керек. Ғалым бұл механизмдерді «бейімделу синдромы» деп атады.Ол үш кезеңде өтеді: маза-
сыздық кезеңі (жұмылдыру), қарсыласу кезеңі (адаптация), әлсіреу кезеңі. Егер ағза қорының есебі меха-
низмдеріне сай келсе, жұмылдыру және қарсы тұру кезеңінен тұрады. Ағза құрылымының мұндай қалып-
ты  күйзелісі  тіпті  пайдалы.  Ал  қорлары  жұмсалып  біткен  соң,  үшінші  кезең  басталады.  Адаптациялық 
қорлардың әлсіреуінен ағза ауруғашалдығады. Күйзеліс – кез келген қажеттіліктерге ағзаның специфика-
лық емес жауабы. Табиғат өзі сыртқы әрекеттерден қорғайтын керемет механизм құрған. Әрбір дене реак-
циялары күйзелістің талаптарына бағытталған. Бұл реакциялар денені кездескен әрекеттерге жауап қайта-
руға жұмылдырады. Жүйке жүйесінің жауабыавтономиялық деңгейінде құрылады. Біз саналы түрде орта-
лық жүйке жүйесі арқылы әсер ете алмаймыз. Ол автоматты түрде жүреді мәселен, асқорыту, жүрек бұл-
шықеттерінің жиырылуы тәрізді жүріп отырады. Дене жауапты қажеттілікті сезінсе, біздің көрсетуімізді 
күтпей-ақ жауап ретінде реакциялар қатарын құрады. Әрқайсысы арнайы рөл атқарып, сыртқы әсер етуші 
факторлармен кездесуге дайындалады. Кез келген реакция ұзақ уақыт созылып кетсе, денеге зиян келтіруі 
мүмкін.  Олардың  барлығы  табиғатта  жылдам,  қысқа  мерзімді  реакциялар  болып  табылады.  Қауіптілік 
тоқтағанда қайта шақырылады. Егер реакциялар тоқтатылмаса, қауіпті әсер көрсете бастайды. Адам дене-
сі  сыртқы  қауіптерді  жоятын  қабілеттерін  жұмылдырып,  оны  қайтарып  отырады.  Қазіргі  қоғам  бізге 
стрессорлармен физикалық күресуге немесе қашуға мүмкіндік бермейді. Бірақ стрессорларды жоя да ал-
майды. Біз үнемі әрекетке дайын жүруіміз керек. Бейімделу жүйесі де сынуы мүмкін [1, 3, 5, 6, 7, 10, 12]. 
Күйзеліс  және  ауру.  Әртүрлі  мамандардың  (физиолог,  психолог,  психиатрлар)  зерттеулерінде 
механизмдер  байланысы  үзіліп,  күйзеліс  нәтижесінде  адам  ауруларға  шалдығатыны  дәлелденген.  Негізі 
аурулар эмоциялық уайымнан пайда болып, жүре жүріп асқынған күйзеліске айналады. Адамдарды жеке 
эмоционалды  күйзеліске  қарсы  тұруын  зерттегенде,  күйзеліс  арқылы  психосоматикалықаурулардың 
пайда  болатыны  анықталған.  Мысалы:  жүрек-қантамыр  жүйесінің  аурулары,  артериялық  гипертензия, 
асқазан-ішек жолдарының жаралары, эндокринопатиялар, невроздар, иммунитет жетіспеушілік т.б.  [11]. 
Кейбір батыс эксперттерінің бағалауы бойынша 70% ауру эмоциялық күйзеліспен байланысты. Европада 
жыл сайын миллионнан астам адам стрессогенді бұзылулар нәтижесінде қантамыр жүйесінің аурулары-
нан қайтыс болады екен [14, 15]. 
Педагог мамандығы денсаулығы жиі бұзылатын мамандықтар тобына жатады. Педагогтардың денсау-
лығын  тексеру  жүргізгенде  тексерілгендердің  89,3%  денсаулықтары  бұзылып,  ауру  алды  деңгейде,  ал 
43,8% патологиялық бұзылулардың белгісі бар екендігі анықталған [2].  
Педагогтардың  шиеленіскен  жүктемелерінің  деңгейі  адаммен  жұмыс  істейтін  менеджер,  қаржыгерге 
басқа да мамандық иелеріне қарағанда өте жоғары.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
124 
Күйзеліспен күресудің басты жолы – ақпарат беру, түсіндіру. Өзіңдегі күйзелісті басқару үшін ағзада-
ғы болып жатқан үрдістерді біліп, түсіну керек. Күйзеліске қарсы денеде пайда болатын негізгі реакция-
ларды біліп, олар ұзаққа созылып кетсе зиян келтіретінін талқылаған жөн. Бұл талқылау әртүрлі аурулар-
дың пайда болу жағдайларын нақтылайды. 
Күйзелістің  күшті  физиологиялық  әсері.  Күйзеліске  қарсы  дене  реакциялары  бір-бірімен  тығыз 
байланысты үш түрге бөлінеді: энергияны жұмылдыру, энергия жүйесін бірқалыпты ұстау, қорғаныс 
реакциялары. 
Энергияларды жұмылдыру энергияның лезде құйылуын қамтамасыз етеді. Мысалы: қанға бүйрекүсті 
безінен адреналин бөлінеді. Бұл гормондаркүшті стимулятор болып рефлекстерді жылдамдатады, жүрек 
қағысының жиілігін жоғарылатады, қан қысымын және қант деңгейін көтереді, қанда зат алмасу күшейе-
ді.  Бұлшықетке,  өкпеге,  миғақан  көп  жеткізіледі.  Қалқанша  без  гормондары  қанға  түсіп  зат  алмасуды 
белсендіреді, сол арқылы энергия физикалық, психикалық белсенділікке айналады. 
Энергияны жұмылдырудың кері жақтары адреналиннің жиі бөлінуі оның әрекеті жылдам іске аспаса 
біртіндеп  жүрек-қантамырлары  (жүрек  талмасы,  инфаркт,  қан  қысымының  көтерілуі),  қант  деңгейіңнің 
көтерілуі  немесе  төмендеуіне  соқтырады.  Зат  алмасудың  ұзақ  мерзімді  күшеюінен  дене  әлсіреп,  салмақ 
төмендейді. Үнемі холестерин деңгейінің жоғары болуы артериосклерозға соқтырады.  
Энергия жүйесін бірқалыпты ұстау. Өкпе мен бұлшықетке көп мөлшерде қан керек. Күйзелісте үлкен 
физикалық жұмысты қажет  етеді.Асқорыту жүйесінің белсенділігі төмендесе  қалдықтарын қанға бағыт-
тайды.  Ондай  қан  өкпе  мен  бұлшық  етке  қолдануға  болмайды.  Мұндай  жағдайда  ауыз  қуысы  құрғап, 
сілекей асқазанға түспейді. Осындай мақсатта қанды терінің үстіңгі қабатынан ішкі мүшелерге жібереді. 
Сондықтан  күшті  күйзеліс  жағдайында  жүргендер  бозарып  тұрады.  Бірмезетте  тершеңдік  басталады. 
Оттегімен қаныққан қан өкпенің вентиляциялық каналдарын кеңейтеді. Бұл үрдіс тыныс алу жиіліктерін 
күшейтеді.  
Энергия  жүйесін  бірқалыпты  ұстаудың жағымсыз  жақтары  көпке  созылған  жиі  күйзеліс  асқо-
рытуды  төмендетіп,  асқазан-ішек  жолдарының  жұмысын  бұзады.  Тері  асты  жасушаларына  жиі  қан-
ның  жетіспеушілігі  әртүрлі  тері  ауруларына  соқтырады.  Белсенді  терлеу  қалыпты  емес,  денедегі 
жылу  мөлшерін  жоғалтуға  әкеледі,  ағзаның  жылу  алмасуын  бұзады.  Қанның  оттегімен  артық  қаны-
ғуы жүрек қағысын бұзады. 
Қорғаныс  реакцияларының  мақсаты  ағзадағы  зиянды  үрдістерді  тоқтату,  азайту.  Қанды  жоғалтуды 
тоқтату  үшін  жарақат  кезінде  қан  қоюланады,  сондықтан  ол  ақырындап  ағады,  жарақат  алғанда  тез 
тоқтайды.  Гипоталламустан  қанға  эндорфин  түседі,  жарақаттанғанда  ауырсынуды  төмендетіп,  тыныш-
тандырғыш  ретінде  әсер  етеді.  Бүйрекүсті  безінен  бөлінген  кортизон  тыныс  алуға  кедергі  келтіретін 
аллергиялық реакцияларды әлсіретеді. 
Қорғаныс реакцияларының жағымсыз жақтары Қоюланған қан жіңішке артерия, вена арқылы қозға-
лады,  ал  жүрек  жоғары  күшпен  жұмыс  істеуі  керек.  Сонымен  қатар  жүрекке  түсетін  жүктеме  де  өседі, 
тромбтар  пайда  болуы  мүмкін.  Олар жүрек  ауруларын  жоғарылатып,  тамырдағы  тромбтар  инфаркт пен 
инсультты  дамытады.  Эндорфин  әрекеті  тоқтауынан  адам  ауырсынуларға,  арқа  және  буын  ауруларына 
сезімтал  келеді.  Кортизон  аллергиялық  реакцияларды  әлсіретеді.  Барлық  жұқпалы  ауруларға  қорғаныс 
реакцияларын  төмендетеді.  Сондықтан  асқазан  жараларының  пайда  болуы  жоғарылайды.  Аллергияның 
қысқа мерзімді әсері созылса, аллергиялық реакциялар жоғары күшпен қайтып келуі мүмкін. 
Осы айтылған реакциялардың көпшілігі вегетативті жүйке жүйесі арқылы бақыланады. Бұл реакция-
ларға тікелей орталық жүйке жүйесі арқылы әсер ете алмаймыз. Бірақ үрдістерді басқара алмаймыз деген 
сөз  емес. Денедегі  сигналдардың пайда болуы вегетативті жүйке жүйесінің  белсенділігін арттыратынын 
білуіміз керек. 
Күйзелістің  когнетивті  әсері.  Алаңдаушылық  жоғарылап,  қысқа  мерзімді  ес  және  ұзақ  мерзімді  ес 
нашарлайды. Тіпті таныс ақпараттары еске түсіру қиындайды. Қабылданған шешім қате немесе сенімсіз 
болады. Маман өз әрекеттерін нашар ұйымдастырып, ұзақ мерзімді жоспар құрудан бас тартады. Адамға 
өзінің және басқаның әрекеттерінің нәтижесін бағалау қиынға түседі.  
Күйзелістің  эмоционалдық  әсері.  Күйзеліс  кезінде  физикалық  және  психикалық  ширығулар  өседі. 
Көптеген  адамдарда  алдамшы  елестер  пайда  болады.  Күйзеліс  арқылы  шақырылған  қиялдағы  сырқат 
шынайы бұзылуларға ұласады. Денсаулығын жақсы сезуі, әдеттері өзгереді, өзіне қарамайды, қажеттілік-
тері  өзгереді.  Бұрын  ұқыпты,  қамқор  адам  енді  жағымсыз,  ұқыпсыз,  салақ  киінген,  қоршаған  ортаға 
немқұрайлы қарайтын адамға айналады. Тұлғалық қасиеттері де өзгереді, мазасыздық, жоғары сезімтал-
дықпайда  болады.  Өзінің  эмоциясын  басқару  мүмкіндігі  нашарлап,  мейірімсіз  болады.  Жан  қуаты, 
энергиясы төмендеп, өзін-өзі бағалауы біртіндеп төмендейді.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
125 
Күйзелістің  мінез-құлыққа  әсері.  Күшті  күйзеліс  кезінде  адам  өмірлік  мақсаттан  бас  тартады.  Бұрын 
мәнді істері  енді түк қызықтырмайды, әлсіреп, жұмысқа ынтасы төмендейді. Дәрілік препараттарды көп 
қолдана  бастайды,  әсіресе  тыныштандыратын,  ұйықтататын  дәрілерді,  кофе,  қою  шай,  тіпті  темекі, 
ішімдік  қолдана  бастайды.  Ашуланшақтық  пайда  болып,  өзін,  оқушыларды,  әріптестерін  бағалауы, 
жауапкершілігі төмендейді. Жаңа ақпараттарға қызықпайды, жаңа бастамаларды қабылдамайды. Пробле-
маларды  үстіртін  шешуді  жөн  көреді,  бастаған  ісін  соңына  дейін  жеткізбейді.  Ұйқысы  бұзылады,  өзіне 
қол  жұмсау  туралы  ойлар  мазалайды.  «Өмірді  жалғастырудың  еш  мәні  жоқ»  деген  пікірде  болады  [13]. 
Бұл әсерлер неврозға және депрессияға соқтырады. 
Күйзелісті басқарудың басты қадамы. Педагог және  басқа маман иелері өзіндегі күйзелісті жасыруға 
бейім келеді. Педагогтар басқа адамдар үшін жауапкершілікті шешім қабылдайды, басқа адамның өміріне 
әсер  етеді.  Педагог  күйзелісі  конфликтіге  кездескенде  немесе  физикалық  және  психикалық  денсаулығы 
сыр  бергенде  ғана  байқайды.  Қосымша  қиындық  білім  беру  жүйесінде  күйзеліспен  айналысуды  жөн 
көрмейді. Жоғарыда айтылған нақты күйзелістің белгілері көрініп тұрса да, көптеген басшылар: «егер сіз 
ширығуды  көтере  алмасыңыз,  сіз  кәсіби  мамандығыңызға  сай  келмегеніңіз,  сізде  стимул  жоқ»  –  дейді. 
Сондықтан өздері күйзеліс жағдайында жүргендер «ширығуды көтере алмауым – өзімнің әлсіздігім, оған 
қарсы  тұруым  керек»  деп  санайды.  Оның  нәтижесі  жұмысқа  да,  денсаулығына  да  кері  әсер  беретінін 
ойламайды.  
Күйзелісті  жеңілдетудің  жолы  –  мобилизация  шынайы  шешім  қабылдауға  әрекеттер  ету.  Шынайы 
бағалау өзінің қолынан не келеді, не келмейді мойындау. Көптеген адамдар өзінің мүмкіндіктерін шексіз 
деп ойлайды. Бірақ олай емес. Педогогтардың көпшілігі әйел адамдар. Олар күні бойы жұмыста отбасы, 
балалары да жан мейірімін қажет етеді.  
Өзінің шынайы мүмкіндіктерін өзгелерге де таныстырған жөн. Отағасына, балаларына, әріптестеріне 
мүмкіндік  шегі  түсінікті  болуы  керек.  Әйтпесе  өз  құқықтарыңызға  қамқорлықпен  қарамасаңыз  сізді 
жұмсауды, қолдануды жалғастыра береді. 
Күнделікті  өзіңе  аздаған  уақыт  бөлу.  Сіздің  өміріңіз  басқаларға  қызмет  етумен  өтуде,  міндетті  түрде 
әрбір адамның өзінің қажеттілігін өтейтін уақыты болуы керек. 
Күйзеліс  жайында  талқылауға  әріптестерін  шақыру.  Білім  беру  мекемесінде  кәсіби  психотерапевт 
шақырып міндетті түрде стресс жайында талқылап семинар өткізу керек. 
Бәрімізге  аяқ  асты,  кенеттен  пайда  болатын  күйзелістер  таныс.  Мысалы:  жұмыс  орнын  ауыстыру, 
жұмыстан  кешігіп  қалу,  кездесуге  кешігу.  Біз  күшті  күйзеліс  ұсақ  күйзелістердің  жиналуынан  пайда 
болатынын  мойындамаймыз.  Ал  бұл  жиналған  күйзеліс  педагог  мамандығына  үлкен  әсерін  тигізбей 
қоймайды.  Өмірде  ешнәрсені  өзгертпегеннен  жоғары  бағасын  төлеуге  тура  келеді.  Ол  бағаның  аты  –
денсаулық. 
 
1. Бодров В.А. Психологический стресс: развитие и преодоление. – М.: ПЕР СЭ, 2006. 
2. Вассерман Л.И., Беребин М.А. Факторы риска психическойдезадаптации у педагогов массовых школ. Пособие 
для врачей и психологов. – СПб., 1997. – 52 б. 
3. Китаев-Смык Л.А. Психология стресса. – М.: Логос, 2002. – 385 б. 
4.  Колесникова  М.Г.,  Резников  М.А.  Тренинг  саморегуляции  в  постдипломном  образовании  педагога  // 
Постдипломное  образование:  проблемы,  опыт  и  перспективы.  М-лы  IV  международной  научно-практической 
конференции. – СПб.: СПбАППО, 2004. 57-62 б. 
5. Маклаков А.Г. Общая психология. – СПб.: Нева, 2003. – 305 б. 
6. Общая психология / Под ред. Богословского В.В., Стеканова А.Д., Виноградова. -М.: Просвещение, 2001. -288 б. 
7. Практикум по психологии здоровья / Под ред. Никифорова Г.С. – СПб.: Питер, 2005. – 351 б. 
8. Психология профессионального здоровья / Под ред. Никифорова Г.С. – СПб.: Речь, 2006. – 480 б. 
9. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. – М.: Медгиз, 1960. – 255 б. 
10. Селье Г. Стресс без дистресса. – М.: Наука, 1982. – 221 б. 
11. Столяренко. Основы психологии. – М.: ИНФРА-М, 2002. – 286 б. 
12. Судаков К.В. Индивидуальная устойчивость к эмоциональному стрессу. – М.: НИИ нормальной физиологии 
им. П.К. Анохина, РАМН, 1998. – 268 б. 
13. Тригранян Р.А. Стресс и его значение для организма – М.: Дело, 2000. – 330 б. 
14. Фонтана Д. Как справиться со стрессом. Пер. с анг.: – М.: Педагогика-Пресс. 1995. – 352 б. 
15. Щербатых Ю.В. Психология стресса. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. – 304 б. 
16. Щербатых Ю.В. Психология стресса и методы коррекции. – СПб.: Питер, 2008. – 256 б. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
126 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет