Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет31/34
Дата14.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#4088
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Summary 
In this article is discussed pedagogical aspects of the development of aesthetic taste on the basis of the Kazakh national 
clothes.  
National costume on long for continuously subjected to improve in terms of aesthetics, but its shape and design have been 
inspected  and  approved  the  centuries-old  practice.  Reaching  absolute  perfection,  they  withstood  the  test  of  time  and  the 
evolution of tastes. 
 
Өнерді,  оның  қоғамдық  әлеуметтік,  тәрбиелік  мәнін  жан-жақты  түсіну  үшін  эстетика  ғылымын, 
әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. 
Өнер – өмір  бұлағы. Қарап отырсақ, қазіргі қоғамда өнерді сүймейтін адам жоқ. Өнер – эстетикалық 
тәрбиенің басты құралы. Эстетикалық тәрбие адамның Отанға, елінедеген сүйіспеншілігін дамыта түседі. 
Өнер мен эстетика әрқашан халқымыздың рухани тәлім тәрбиесінің мәдениет көрсеткіші. Олар, әсіресе, 
талғампаз  жастарымызды  көркем  өнерді  сүюге,  әсемдікті,  адамға  тән  ізгі  қасиеттерді  қастерлей  білуге 
үйретеді. 
Қазақ халқы балалар мен жастарды өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, эстетикалық көзқарасын 
дұрыс қалыптасуына, өнердің  белгілі бір саласына үйретіп назар аударып  отырған. Оған айғақ болатын 
халық ертегілері, мақал-мәтелдері, ел тұлғаларының ауыз екі шығармалары. 
 «Ақыл көпке жеткізер, 
 Өнер көпке жеткізер.» 
********************** 
 «Өнер ердің қанаты» 
********************** 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
193 
«Өнер білсең өлмейсің», 
«Өнерлінің өзегі талмас», деген мәтелдер халықымыздың өнерді ерекше қастерлігін көрсетеді. [1]. 
 «Жүзіне қарама, өнеріне қара» 
«Өнерсізден құт қашар» деп 11 ғасырда Махмуд Қашғарида кеңес айтқан [2]. 
Өскелең  ұрпаққа  тәлім-тәрбие  берумен  қатар  ұлттық  өнерге  ерекше  көңіл  бөлген  Абай  Құнанбаев, 
өзінің отыз үшінші қара сөзінде: 
 «Егер мал керек болса, қол өнерін үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды», - деп жастарды 
өнерге  шақырған.  Адам  сезімін  тәрбиелеп  жетілдірудегі  әннің  рөлін  ғылыми  тұрғыдан,  бағалай  келіп, 
Абай «өмірдегі қызықтың бәрі ән мен күйден туады, сезімді селт еткізіп оятатын ән», әнді түсіну үшін 
«ойлы жүрек» керек дегенді айтады.  
«Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілде сенімі жоқ. Өнерсіз өмірден тез суынар» - дей келіп, 
 «Керек із бозбалаға талаптылық,  
 Әр түрлі өнер, мінез жақсы қылық» - деп жастарға ұлы Абай өсиет айтады [3]. 
 Бүгінде Абай өлеңдерінің бейнелеу өнеріне берері тәлімі мол. Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры 
– бір сөзбен сурет салып, оған жан бітіруінде. Көркем ойдың кемеңгері ақынның өлеңдері табиғи болуға 
өте қанық.  
 Абайдың  әрбір  өлеңінің  мазмұнына  жеке  үңілсек  бейнелеу  өнерінің  әр  жанрыны  ұлттық  ерекшелігі 
жағынан  үн  қосатынын  айқын  анғарамыз.  Суретші  көркем  бейнелік  шығарманы  ұлттық  бояумен 
белгілесе, ақын қарапайым қазақтың өткір тілімен өрнектейді. 
 М.Дулатов «Қазақ жерлері» [4] өлеңінде ақын көшпелі халқымыздың елдіміздің салт-дәстүрін жырға 
қосады.  
 «Бір айтпадым, көп айттым, керек өнер, 
 Бұл айтқанға халықта, көпте көнер,» - деп өнер, білімге шақырады. 
 Болмысты эстетикалық талғаммен қабылдау адамның дүниетанудың бір түрі болып саналады. Затты 
көру, сипау сезімдері арқылы елестету туындайды. Соның арқасында мида сурет елестейді. Ой түйсіктен 
суреттің  бейнесін,  сипаттарын  анықтайды.  Бұл  логикалық  ойлаудың  жолына  апарады.  Оның  заңдары 
көркем сурет негізі болып саналады. 
Бейнелеу өнері  сабағында ұлттық  қазақ киім тақырыбы сабаққа қойылатын көп эстетикалық мақсат-
тарға  жетуге  мүмкіндік  береді.  Оқушылар  киімнің  адаммен  қоғамдағы  белсенді  орнын  тарих  кезеңдері-
мен  байланысты  ақпарат  ала  отырып,  халықтың  өткен  тарихымен  танысады,  қоғамдағы  қарым-
қатынастарды анықтайды. Киімнің үлгілері, өрнектері арқылы ата-бабаларымыздың құнды мұраларының 
сабақтастығын түсінеді. Қазақтың салт-дәстүрлері тақырыбына салтанатты, салтты киім түрлері арқылы 
көп  мағлұмат  беруді,  туған  халқының  мәдени  мұратымен  таныстырудыталап  етеді.  Ертегі,  дастан 
кеіпкерлерін  бейнелей  отырып  елдің  әдет-ғұрпын  ұғуға  мүмкүндік  тудырады,  шығармашылық  қиялын, 
кеңістікте елестету өрісі, көркем бейнелеу ерекшелерін түсіну, композиция құру дағдыларын дамытады. 
Киімдердің  әшекейлері,  өрнектері  безендіру  тәсілдері  балалардың  көру,  есте  сақтау,  байқампаздық 
қабілетін, бояу түстерін, реңктерін сезіне, ажырата білу дағдыларын қалыптастыру және бейнелеу жұмыс-
тарында  мәнерлі  пайдалана  білуге  үйретеді.  Киім  кию  ретін  тағлым  тәрбиелік  дәстүрімен  байланысты 
болғанын айтып, мақал-мәтелмен айғақтап, мысал келтіру арқылы  оқушыларды имандылыққа, ізгілікке, 
әдептілікке,  тазалыққа,  ұқыптылыққа  тәрбиелеуге  болады.  Айша  Ғалымбаева,  Гүльфайруз  Исмайлова, 
Ә.Қастеев,  т.б.  суретшілердің  салған  суреттерін,  өмірлерін  талқылау,  оқушылардың  шындықпен  өнерге 
деген  белсенді  эстетикалық  қарым-қатынасын,  сезімталдық  қабілеттерін  тәрбиелеуге  көркем  өнермен 
өмірдің байланысын түсіне білуге баулайды. Жалпы, айтқанда баланың эстетикалық талғамын қалыптас-
тырып отырады. 
 Киімді сәнді  етіп, жобасын  дұрыс жоспарлау үшін  бала өнер сабағында өтетін көп тәсілдерді қажет 
етеді. Өнер сабағының мақсатында Композициялық  жұмыс, Бояу және түстер, зат пішіні, пропорциясы, 
үйлесімі,  құрылысы,  әсемдікке  тәрбиелеу,  кеңістік  көлем,  сәндік-қолданбалы  өнер,  мүсіндеу  арқылы 
қойылған мәселелер киімді жобалау құрастыру арқылы маңызданылуы мүмкін. Оны төменде келтірілген 
киімге қатысты әдістерден көруге болады. 
 Киім-кешекті  француз  тілінде  «Костюм»  дейді.  Костюм  деген  сөз  тұрақты  сөз  тіркесі  болып  көп 
елдің тілінде қалыптасып қалған. Композиция деген ұғымды костюм композициясы деп түсіндірсек онда 
(латын сөзі composito – шығару, құрастыру) костюм өзіне тән амалдармен жасалатын әдістер бар екенің 
білдіреді. Сонда әр елдің, әр ғасырда өзінің костюм композициясы болғанын анықтаймыз. Сән журналын-
да силуэт (сұлба) деген сөзді жиі кездестіреміз. Бұл да француз сөзі – заттың сыртқы сұлбасы, көлеңкесі 
деген мағынада қолданылады. Бұл сөзді киініп тұрған адамның сұлбасын қарастырғанда қолданады. Үлгі, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
194 
пішін деген  сөзбен шатастырмау қажет. Тіктөртбұрышты, трапециялы, үшбұрышты, сопақша, толық 
сұлба деген сөз тіркестері сән кәсібінде киінген адамның көлеңкесі қандай болатынын білдіреді. 
 Ең қарапайым ұғымдардың бірі сызықтар. Костюм сызықтары сұлбаның сызықтарымен  шектеледі. 
Сұлба  ішінде  төмендегідей  арнаулы  сызықтар  орналасқан.  Үлгілік  немесе  қалыптық  сызықтар  міндетті 
түрде  сұлбаға байланысты, оның ерекшеліктерін айқындай түседі (мәселен, қондырма жең немесе тұтас 
пішілген жеңнің иық сызықтары, жаға қондыру, немесе қайырма өңір сызықтары, қима бел сызықтары).  
 Құрастыру  сызықтарының  көмегімен  берілген  сұлбаны  жасау  үшін  костюмнің  кеңістіктегі  көлемді 
пішімі сызылады және оның тұлғасына дәл келуі қамтамасыз етіледі. 
 Сәндік сызықтар –  әдемілікке  костюмнің аса маызды бөліктерін сырт көзге  баса көрсетуге арналған 
сызықтар (иніштер, қалта, бүктеме, қаттама, бүрмелер т.б.) сәндік сызықтар құрастыру сызықтарына тән 
тәуелді көбіне олармен бірігіп кетеді. 
 Ішкі  сызықтар  костюм  киген  тұлғаның  сырттай  тартымдылығын  күшейте  алатын  қасиетке  ие. 
Мәселен, бойлық тігісте тұлғаның толықтылығын жасырып, елеусіздендіріп көрсетеді. Көлденең кесінді-
лер,  иніш  және  бүрмелер  киімге  көлемдік,  салмақтылық  әсер  беріп,  белдеушесін  «кеңейтіп»  көрсетеді. 
Көлбеу,  қисық  келген  сызықтар  әсіресе,  бір-біріне  ассиметриялы  келген  жағдайда  қозғалыс  әсерін 
туғызады. Бұл сызықтардың бір-біріне жақындауы мен алшақтауы адамға қозғалып тұрғандай көрінеді. 
 Бойлық сызықтар міндетті түрде дене пішінін қайталап иық кеңдігін сәйкес келіп белде қынала түседі 
де, әйелдер тұлғасында аздап кеңейіп, ал ерлер тұлғасында тұрақты тірекке айналады. Киімдегі сызықтар 
жоғарыдан төменге дейін бір тегіс өзгеріссіз тартылып, бар сұлба жән оған сәйкес сызықтармен берілетін 
«ауырлық» тұлғаны сұңғақ, салмақты етіп көрсетеді. 
 Сызықтар  костюмде  қалай  болса,  солай  емес  керісінше,  бір-бірімен  және  адам  тұлғасының  табиғи 
құрылысымен  сәйкес  келуі  керек.  Мұндай  үйлесімді  сызықтар  жатқан  бір  ғылым  немесе  өнер  деуге 
болады. Өзіміздің айналамыздағы заттардың дәрежесін көре білу, бағалау, салыстыру мүмкіндігі бәріміз-
дің  де  табиғатымызға  тән.  Бұл  ретте  біз  өзіміз  бір  бөлшегі  болып  табылатын  айналадағы  табиғаттан 
бөлініп  шығамыз.  Ерікті  –  еріксіз,  саналы  немесе  ешбір  ойсыз  түрде  біз  бәрінде  адаммен,  оның  дене 
ерекшеліктерімен, сезімдік танымымен салыстырамыз. Әсіресе адамға тікелей қатысы бар – тұрғын жай, 
киім-кешек, күнделікті тұтынатын заттармен салыстырамыз.  
 Осындай  әр  адамға  тән  көркемдік  таным  сезім  бала  бойында  дамытуға  мүмкіндіктер  бар.  Өзіне  де, 
өзгелерге  де  мұқият  көңіл  қойып,  киімге  не  жарасады  немесе  не  жараспайтынын  ең  бастысы,  оның 
себебін түсінуге тырысып көрген жөн. 
 Киімге  пропорцияның  маңызын  түсіндіру  арқылы  баланың  ойлау,  салыстыру  сезімдерін  дамытуға 
болады.  
Пропорция – костюм бөліктерінің өзара және адам тұлғасымен салыстырғандағы ара қатынасы.  
 Пропорция  туралы  сөз  болғанда  ежелгі  орыс  және  греция  сәулет  өнерін  еске  түсіруге  болады,  бұл 
елдердің сәулет өнерлері  бір-біріне соншалық ұқсамайды және өзінің үйлесімді пропорциялары, сызық-
тары, әшекейлердің көркемдік шешімі өзара ұқсастық байқалады. Костюм адаммен бірге үнемі ғимарат, 
мекен-жай қоршауында болады. Ал ғимарат, әрине, қаладағы сәулет өнерінің туындысы, кәдімгі табиғат 
аясында  өмір  кешеді.  Сондықтан,  әртүрлі  дәуірлерде  сәулет  өнері  мен  костюм  өз  уақытының  көркем 
стилін бейнелейді, ал халықтық костюм, ол стилдердің ең жақсысы, неғұрлым жетілгенін мәңгі жасайты-
нын бойына сіңіріп, ғасырлар бойы сақталып келеді. 
 Костюм  массасы,  оның  ауыр  немесе  жеңіл  болып  көрінуі  әр  түрлі  себептерге  байланысты.  Киімде 
сызықтар,  қосымша  бөлшектер,  әшекейлер  неғұрлым  көп  болған  сайын  тұлға  соғырлым  зор  болып 
көрінеді, ал артық ештеңе жоқ кезде ауыр тұлғаның өзі еркін, жеңіл болып көрінеді. Тігісі бірдей болға-
нымен тығыз,  қоңырқай, бедерлі, түкті маталар жеңіл, ақшыл, жұқа, тегіс, жылтыр маталарға қарағанда 
адамды ірілендіріп көрсетеді. Сондай-ақ ашық түстер көлемді ұлғайтып жеңіл, ал қоңырқай түс керісінше 
көрінеді [5]. 
 Костюмдегі ең бір маңызды нәрсе – түс болып табылады. Ол адамдардың сезіміне, адам жағдайына, 
көңіл күйін өте күшті әсер етеді. Адамның түсті қабылдауы айналадағы табиғи орта жағдайында қалып-
тасты  және  барлық  жекелеген  ерекшеліктерді қабылдауында  ғылыми  негізделген  жалпы  заңдылықтары 
бар.  Мәселен,  қызыл  түс  –  күннің,  оттың,  қанның,өмірдің  символы,  көбінесе  қуанышпен,  әсемділікпен, 
қайырымдылықпен,  жылулықпен  байланыстырып, қобалжуды,  қауіпті,  қастандықты  білдіреді,  сонымен 
қатар,  тыныштық,  жансыздық,  тіпті  кейбір  халықтарда  аза  бейнесі  болып  табылады. Қара  түс  –  физика 
тұрғысынан  алғанда  құлазуды,  жарықпен  бояудың  жоқтығын,  өзінің  дәстүрлі  мағынасы  –  қара  түнді, 
қараниетті, қатыгездікті, қайғы мен өлімді білдіреді. 
 Басқа  түстердің  де  өзіне  лайық  мағынасы  бар,  бірақ  олар  өте  шартты  және  сан  қилы.  Ерте  кезде 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
195 
қоғамдағы дәрежелеріне, айналысатын кәсібіне қарай адамдар киімнің түсі ғана емес, матасымен пішімі 
де билеушілер ырқында болды. Қазіргі кезде ұлттық киімдердегі дәстүрлі үйлесімділік, арнайы киімдер-
дің эмблемаларында, әскери қызметкерлер, дәрігерлер, суретшілер, спортшылар киімдерінің белгілерінде 
түстер сақталады.  
 Түстің символикалық мәні әсіресе саяси күресте революцияның шиеленіскен кезеңінде арта түседі. 
 Қазіргі заманғы костюмде матаның әр түрлі түстері қолданылады. Кемпірқосақтың негізгі жеті түсіне 
(қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) спектрден басқа қан қызыл түсте кіреді. Реңі әртүрлі 
сұр, күңгірт, қоңыр – жасылдау өңдері бейтарап түстер деп аталады. Егер құрамында қызыл емес сары 
бояу болса, ол түстер жылы көрінеді, ал жасыл әсіресе көк түстерден суықтық сезіледі. 
 Суретшілер  түстің  осы  сияқты  және  басқа  көптеген  қасиеттерін  пайдаланады.  Сурет  тегіс  кенеп, 
тақтай, қағаз бетіне салынатындықтан, оның нақты ешқандай тереңдігі болмайды. 
 Костюм  тіккенде  түсінің  қасиеті  міндетті  түрде  ескеріледі.  Ашық,  таза,  жылы  түстер  затты  жақын-
датып, ірілендіріп, ал қоңырқай, суық түстер алыстатып, кішірейтіп, бірақ салмақтылық етіп көрсетеді. 
 Әр  адамның  өзіне  тән  сырт  келбеті,  өңінің,  көзінің,  шашының  реңдері  өзара  үйлесімді  келеді.  Киім 
түсі осы реңді қайталап, оны күшейте түсуі де немесе оның керісінше өңін ашатын қарама – қарсы түспен 
айқындай түсуі мүмкін, бірақ міндетті түрде әдемілікпен мұндалап тұрмайтындай келісімді болуға тиіс.  
 Осы  келтірілген  әдістерді  ұлттық  киімге  қолдана  келе,  сабақ  барысындаоқушының  эстетикалық 
талғамын дамыта отырып, оның бойына рухани, мәдени ұлттық сезімін оятуға болады. 
 
1.  Қазақ мақал-мәтелдері. / Құрастырушы Тұрманжанов Ө. - Алматы: «Ана тілі», 1993 
2.  ҚашқариМ. «Диман лұхат ат-түрік». - Алматы: Ана тілі, 1993 
3.  Құнанбаев А. Шығармалар: 2 томдық. Т.1: Өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Гылым, 1977 
4.  Дулатов М. Оян қазақ. Шығармалары /Құр. М.Әбсемет, Г.Дулатова. - Алматы: Гылым.1996. 
5.  Пармон  Ф.М.  Композиция  костюма.  Одежда,  обувь,  аксессуары  /  Учебник  для  студентов  Вузов.  -  М.: 
Легпромбытиздат, 1985. – 264 с. 
 
ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА  
БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Д.И. Ордагулова – оқытушы, психология магистрі, Абай ат. ҚазҰПУ 
 
Түйін  
Мақалада жасөспірімдер үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік ортаға бейімделу ерекшеліктері қарастырылады. 
Бүгінгі күні жетім балалардың әлеументтенуі және бейімделу мәселесі сапалы басқа мазмұнға ие, сондықтан қайта 
әрі толық зерттеуді қажет етеді. 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  особенности  адаптации  к  социальной  среде  воспитанников  дома  молодежи.  На 
сегодняшний  день  проблема  социализации  и  адаптации  детей  сирот  преобрело  качественно  новое  содержание, 
поэтому требует соответственно качественно новые исследования.  
Resume 
In article  features  of  adaptation  to  the  social  circle  of  pupils  of  the  house  of  youth  are  considered.Today  a  problem  of 
socialization and adaptation of children of orphans got qualitatively new contents therefore demands respectively qualitatively 
new researches. 
Негізгі сөздер: жасөспірімдер үйі, тәрбие, әлеуметтік орта, бейімделу 
 
 
Әлеуметтік  бейімделу,  бұл  индивидтің  әлеуметтік  орта  жағдайына  белсенді  бейімделу  процесі  және 
осы  процестің  нәтижесі.  Әлеуметтік  бейімделу,  мінез-құлық  сипатын  анықтайтын  компоненттердің 
арақатынасы  индивидтің  мақсаты  мен  құндылық  бағдарына  әлеуметтік  ортада  оларды  жүзеге  асыру 
мүмкіндіктеріне тәуелді.  
Әлеуметтік  бейімделу,  үздіксіздік  сипатына  қарамастан,  индивидтің  іс-әрекет  кезеңдерінің  түбегейлі 
өзгеруіне және оның әлеуметтік ортасына байланысты. 
Қазіргі кезде әсіресе қарқынды өзгеру барысында кез-келген жағдайда өзін жақсы сезіну, жағдайларға 
икемделе,  бейімделе  алу  өте  маңызды.  Ғалымдар  осы  күрделі  процестің  күрделі  шегін  зерттеуге, 
бағалауға  болатындығын  көрсетуде.  Латын  тілінен  аударғанда  «бейімделу»  –  икемделу,  үйлесу  деген 
мағынаны  білдіреді.  Нақты  уақытқа  дейін  «бейімделу»  түсінігінің  анықтамасы  жоқ.  Ағылшын  ғалымы 
Проссердің айтуынша, оның көп мәнділігі сонша, қанша зертттеушілер бар соншама түрлі жауап беріледі 
және соның барлығы да дұрыс болып табылады. [1; 12б.] 
Адамның бейімделуінің төрт түрін көрсетуге болады: 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
196 
-  психологиялық; 
-  физиологиялық; 
-  биологиялық; 
-  әлеуметтік [2; 297б.] 
Дәрігер  –  жүрек,  бауыр,  бүйрек  т.б.  ішкі  ағзалар  жұмысы  арқылы  физиологиялық  бейімделуді 
бақылайды.  Психолог  –  адамдармен  қарым-қатынас  орната  алуын,  яғни  психикалық  бейімделуді 
зерттейді.  Әлеуметтанушы  қоғамдағы  адамның  алатын  орны,  яғни  бейімделудің  әлеуметтік  аспектісін 
қарастырады. [1; 13б.] 
Бейімделу процесі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбінде  объективті, субъективті 
оқиғаға,  функционалды  жағдайға,  әлеуметтік  тәжірибеге,  өмірлік  бағдарға  және  т.б.  байланысты.  Әрбір 
адамға сол әсер еткен стимул әртүрлі адамдарда түрлі жауап реакциясын тудыруы мүмкін. Бұл адамның 
даралығын  көрсетеді,  бірақ  индивидтің  кейбір  жауап  реакиясын  интервалын  көрсетуге  болады.  Ол 
психикалық  ережелерін  түсініктерімен  сәйкестенетін  сондай-ақ  жалпы  қабылданған  адамгершілік 
ережелер шегінен шықпайтын жалпы адамдық құндылықтар категориясына қатысты кейбір интервалды 
анықтауға  болады.  Осы  интервалға  психикалық-әлеуметтік  –  адамгершілік  –  ережелерінің  сәйкестену 
деңгейі  әлеуметтік  психологиялық  бейімделу  процесінің  нәтижелілігін  қамтамасыз  етеді  және  психика-
лық  дамуды  сиптаттаудағы  маңызды  интеграл  болатын  тұлғаның  бейімделу  потенциалын  анықтайды. 
Адамгершілік ережелер деңгейімен және коммуникативті қабілеттілік, қылықтық реттеу деңгейін бағалау 
арқылы тұлғаның бейімделу потенциалын сипаттауға болады. [3; 127б.] 
Қылықтық  реттеу  –  бұл  түсінік  орта  іс-әрекеті  мен  өзінің  өзара  әрекет  етуін  реттей  алатын  адамның 
қажеттіліктерін сипаттайды. Ол энергиялық, динамикалық және мазмұнды мәнді аспектілердің бірлігінде 
жүзеге асады. Қылықтық реттелудің негізгі элементі - өзін бағалау, жүйке психикалық деңгейі, сондай ақ 
қоршаған  адамдардан  әлеуметтік  қолдаудың  болуы.  Бірақта  бұл  құрылымдық  элементтер  қылықтық 
реттудің  негізі  емес.  Олар  тек  қажеттіліктің,  мотивацияның,  көңіл  күйдің,  эмоционалды  фонмен,  өзін 
тануымен, «Мен» концепциясынан т.б. қатынастарынан көрінеді. Сондықтан реттеу жүйесі – бұл күрделі 
иерархиалық құрылым, ал интеграция оның барлық  деңгейінде  бірығай жиынтық және қылықты реттеу 
процесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 
Тұлғаның  әлеуметтік  психологиялық  бейімделу  мәсесі  психология  ғылымындағы  және  психология 
ғылымының  басқада  аймағындағы  күрделі  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  [4;273б.]  Тұлғаның 
әлеуметтік-психологиялық  мәселесі  ауқымды  түрде  теориялық  және  қолданбалы  мәнге  ие.  Адамды 
қоғамға, әлеуметтік топқа және ұжымға енгізудегі, адам мен әлеуметтік тәжірибені меңгеру механизіміне, 
қарым-қатынас пен мәдени тәжірибелерде бейімделу маңызды механизм болып табылады [5; 219б.] 
Адамның бейімделу  ерекшелігі  «әлеуметтік  әлемге  бірті-бірте  енумен»  мінез-құлық, жүріс тұрыстың 
әлеуметтік ережелерін меңгеру процесімен, адамның әлеуметтенумен байланысты болады. [1; 297б.] 
Әлеуметтену – тұлғаны қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне  енгізу, онымен бірге қоғамдық қалыптас-
қан  іс-әрекет  тәсілдерін  меңгеру.  Сонымен,  әлеуметтенудің  негізгі  функциясы  индивидтің  қоғамда 
қалыпты функцияланауын қамтамасыз ету.  
Психологиялық деңгейде  бейімделу нәтижелі  шешім қабылдау, ынтасының, ықыласының көрінуінен 
жауапкершілікті  қабылдау,  ұсынылған  әрекеттердің  нәтижесінің  антиципациясымен  жүзеге  асады. 
Әлеуметтік  бейімделу  бұл  әлеуметтік  ортамен  нәтижелі  өзара  әрекет  ету  процесі.  Ол  әлеуметтенумен 
байланысты индивид әлеуметтік ортамен өзара әрекет ету процесі нәтижесінде әлеуметтік механизмдерін 
меңгеріп және оның бейімделу мәнділігі бар ережелерді үйренеді. [6; 123б.] 
Әлеуметтік бейімделу процесін міндетті түрде үш деңгейде қарастыру қажет: 
1)  қоғам  (макроорта)  –  тұлғаның  әлеуметтік  экономикалық,  саяси,  рухани  және  қоғамның  мәдени 
дамуына бейімделуі; 
2)  әлеуметтік  топ  (микроорта)  –  адамның  бейімделуі  немесе  керісінше  әлеуметтік  топпен  адамның 
қызығушылығының түйіспеуі; 
3)  индивидтің  өзі  (тұлғаішілік  бейімделу)  –  үйлесімділікке  талпыну,  ішкі  позициясы  мен  өзін 
бағалауын басқа индивидум позициясымен баланс жасау [4; 297б.] 
Бейімделу процесінің негізгі типтері: 
-  әлеуметтік ортаға белсенді әсер ету сипаты басым тип; 
-  пассивті мақсаттар мен құндылық бағдарды қабылдаудағы комформды тип. 
Әлеуметтік бейімделудің маңызды аспектісі индивидтің әлеуметтік рөлді қабылдауымен шартталады. 
Әлеуметтік  бейімделу  эффективтілігі  индивидтің  өзін  және  өзінің  әлеуметтік  байланыстарын  қандай 
деңгейде  адекватты  түрде  қабылдайтындығына  тәуелді.  Өзі  туралы  бұрмаланған  немесе  жеткіліксіз 
дамыған қабылдаулар әлеуметтік бейімделудің бұзылуына әкеледі. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
197 
Отбасы  бала  тұлғасының  қалыптасуында  шешуші  мәнге  ие.  Отбасында  қалыптасқан  қатынастар 
көптеген  жағдайда  баланың  әлеуметтік  және  рухани  позициясын  анықтап  қалыптастырады.  Әдетте, 
отбасындағы  қабылданған  алғашқы  адамгершілік  түсініктер  өмір  бойы  қалады.  Бірақ  тәжірибеде  ата-
анасы балаларының тәрбиесі үшін жауапкершілік маңыздылығын түсінбейтіндері де кездеседі. 
Дағдарысты  отбасындағы  балалар  өмірі  ұшқырланған  формаға  ие.  Балалар  жарақатының  көпшілігі 
отбасылық-тұрмыстық сипатта болады. Қатігез қатынастан сақтану үшін мыңдаған балалар жыл сайын өз 
үйлерінен қашады. Психоактивті заттарды, алкогольді, таксикомания балалар мен жасөспірімдер арасын-
да қабылдау фактісінің өсуі одан да қауіпті болып, нашақорлық жағдайындағы жеткіншектердің жасаған 
қылмыстары өсуде. 
Тәжірибенің  көрсетуінше,  жағдайы  нашар  отбасынан  шыққан  балалар  көбінесе  осындай  іс-әрекетке 
барады. 
Осындай  жағдай  салдарынан  балалар  үйіне,  мектеп-интернаттарға,  қиын  балаларға  арналған 
орталықтарға,  уақытша  изоляция  бейімдеу  және  реабилитация  орталықтарына  түсетін  кәмелетке  толма-
ғандар  саны  өсуде.  Әсіресе,  ата-аналық  құқығынан  айрылған  ата-аналардың,  қамаудағы  ата-аналардың, 
ауыру салдарынан балаларына қарай алмаған ата-аналар немесе олардан туа салысымен бас тартқандар-
дың балалары осындай жағдайларға душар болады. 
Сонымен,  бүгінгі  күні  жетім  балалардың  әлеументтенуі  және  бейімделу  мәселесі  сапалы  басқа 
мазмұнға ие. 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология институты-
ның психологиялық қызметі, жетім  оқушылар мен  отбасы тәрбиесіндегі  оқушыларға жүргізген ғылыми 
зерттеу нәтижесі жетім оқушылар мен отбасында тәрбиеленуші оқушылардың әлеуметтену және бейімде-
луінің әлеуметтік психологиялық мәселелері өзіндік спицификаға ие екендігін көрсетті. 
Жетімдер  үйінде  тәрбиеленуші  оқушыларға  ерте  әлеуметтік  депривация  жағдайларының  әсерінің 
спецификалық  сипаты  және  осы  спецификамен  байланысты  тұлға  ретінде  жоғалуы  олардың  мінез-
құлықтық және құндылық аймақтарында бейнеленеді. 
Психикалық  депривация  субъект  ұзақ  уақыт  бойы  өмірлік  негізгі  психикалық  қажеттіліктерін 
қанағаттандыра алмау  барысында  туындайтын  психикалық  жағдай.  Психологияда  психикалық  деприва-
цияның  бірнеше  теориялары  бар.  «Психикалық  депривация»  түсінігі  ретінде  өмірлік  жағдайларда 
кездесетін әртүрлі жағымсыз әсерлер айтылады. 
Әлеуметтік бейімделудің шарттары ретінде өзіндік «Мен», өзіндік баға және мазасыздық деңгейлері де 
анықталады.  Өзіндік  «Мен»-іне  берген  бағасының  және  өзіндік  бағалауы  төмен  жасөспірімдер 
мазасыздық пен депрессияға бейім келеді.  
Психикалық  депривацияның  көрінуі  тұлғалық  өзгерудің  кең  диапазонына  ие,  ол  жеңіл  өзгерістерден 
бастап интеллектімен мінез-құлықтың зақымдануына дейін әкеледі.  
Психикалық  депривацияның  әртүрлі  формалары  өмірде  біруақытта  көрінуі  мүмкін.  Оларды  бөліп 
көрсету тек эксперименттік жолдар арқылы мүмкін. 
Психикалық депривацияның келесі түрлері жиі кездеседі: 
4)  стимулды  (сенсорлы)  депривация:  сенсорлы  стимулдар  санының  төмендеуі  немесе  олардың 
шектеулі өзгерісі; 
5)  мағыналық түрі (когнитивті): сыртқы дүниенің құрылымының ретсіз, мағынасыз өзгергіштігі; 
6)  Эмоционалды  қарым-қатынас  депривациясы:  қандай  да  бір  адамға  деген  интимді  эмоционалды 
қарым-қатынасты орнату үшін мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі және болған эмоционалды байланыстарды 
үзілуі; 
7)  Әлеуметтік  депривация  өзіндік  әлеуметтік  рөлді  меңгеру  негізіндегі  мүмкіндіктердің  шектеулі 
болуы. 
Бұл жағдайларда педиатр, психиатр, психолог, педагог бірлесіп жұмыс атқаруы қажет.  
Депривация  диагностикасы  өте  күрделі,  сондықтан  оны  бірнеше  кезеңдер  бойынша  жүргізу  қажет: 
диагностиканың негізгі бөлігі медициналық зерттеу болады, ондағы негізгі қаралатын мәселе невралогия-
лық зерттеу. 
Баланың медициналық зерттеуден өткізгеннен кейін  патопсихологиялық зерттеу жүргізіліп, кейіннен 
психологиялық зерттеу жүргізіледі. 
Мамандардың  айтуы  бойынша  депривацияның  арнаулы  тесті  ешқашан  болған  емес,  сондықтан, 
психологтардың айтқан пікірлері кең көлемді зерттеу нәтижесінен шығуы тиіс. 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
198 
1.  Авдеева Н.Н. Развитие образа самого себя у младенца/ Н.Н. Авдеева. - М., 1982. - 436 с. 
2.  Авдеева  Н.Н.  Формирование  личности  ребенка  в  дошкольном  возрасте/  Н.Н.  Авдеева,  М.Эллагина, 
Мещерякова С.Ю. - М., 1986. - 354 с. 
3.  Аксарина Н.М. Причины нарушения уравновешенного поведения детей раннего возраста/ Н.М. Аксарина. - М., 
1974. - 204 с. 
4.  Аксарина Н.М. Воспитание детей раннего возраста/ Н.М. Аксарина. - М.,1977. - 367 с. 
5.  Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте/  Л.И. Божович. - М., 1968. - 232 с. 
6.  Дубровина И.В. Психологическое развитие воспитанников детских домов/ И.В. Дубровина, Рузской А.Г. - М.: 
Педагогика, 1990. - 320 с. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет