Хаймулданов ерлан сеилханович



Pdf көрінісі
бет11/70
Дата17.05.2022
өлшемі3,24 Mb.
#34749
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
 
 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің  өзектілігі.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 
Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  білім  беру 
бағдарламаларын  меңгеру  үшін  жағдайлар  жасау  керек»,-  деп  көрсетілген. 
Осы  жағдайлардың  бірі  білім  беру  процесін  дидактикалық  қамтамасыз  ету 
болып табылады [1].  
Сонымен  қатар,  қазіргі  қоғамның  сұранысына  байланысты  білім  беру 
жүйесіне  жаңа  құндылықтар  еніп,  білім  берудің  ұлттық  үлгісі  қалыптасуда. 
Осыған  орай,  қазіргі  таңда  әлемдік  кеңістікке  араласуға  дайын,  қабілетті 
тұлғаның  дамуына бағытталған  сапалы  білім беру  мен  тәрбиелеу  мазмұнын 
қайта қарау талап етіліп отыр.  Оны жаңа сапаға көтеру – қоғамдық мәселеге 
айналуда.  
«Білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылғы  бағдарламасында»: 
«Бүгінгі білім берудің басты мақсаты – тек білім, біліктілік, дағдылар жүйесі 
ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу, құбылмалы 
заманда тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» қажет делінген 
[2].  
Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты 
Қазақстан  халқына  жолдауында,  егемендік  алған  мемлекетіміздің 
экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  өркендеуі  үшін  алдымен  отандық 
білімді жетілдіру, өзінің және оған жақын мамандықтарды еркін меңгерген, 
мамандығы бойынша әлемдік стандарт деңгейіне сай нәтижелі жұмыс атқара 
алатын білікті кәсіби мамандар дайындау қажеттігі айтылған [3].  
Оқушының  жеке  басының  жалпы  және  ерекше  қасиеттерін 
қалыптастыруда  математика  пәні  маңызды  рөл  атқарады.  Математика 
оқушыларға  өз  іс-әрекеттерін  оңтайландыруға,  шешім  қабылдауға  және  іс-
әрекеттерді  тексеруге,  қателерді  түзетуге,  дәлелді  және  дәлелденбеген 
тұжырымдарды ажырата білуге үйретеді. 
Оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыруын  ғалымдар  мен 
әдіскерлер В.В.Давыдов [4], Ю.К.Бабанский [5], Г.И.Саранцев [6], В.А.Гусев 
[7], О.П.Лапчик [8], В.А. Далингер [9] және т.б. зерттеді. 
Сондай-ақ, 
Қазақстандық 
ғалымдар 
А.Е.Абылқасымова 
[10], 
А.К.Кагазбаева[11], Е.Ы.Бидайбеков [12], Т.О.Балыкбаев [13], С.К.Кеңесбаев 
[14],  А.Н.Нұғысова  [15],  А.Қ.Рахымбек  [16],  О.С.Сатыбалдиев  [17], 
Б.Д.Сыдықов  [18],  С.Е.Чакликова  [19]  және  т.б.  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарында әр қырынан зерттелген.  
Зерттеу  жұмысының  әдіснамалық  негіздері  Е.Ы.Бидайбеков  [20], 
Б.Р.Қасқатаева  [21],  Қ.Жарықбаев  [22],  Б.Т.Кенжебеков  [23],  Р.О.Нурканова 
[24],  К.Г.Кожабаев  [25],  Н.Д.Хмель  [26]  және  т.б.  ғалымдар  еңбектерінде 
қарастырылды. 
Елімізде  математиканы  оқытуда  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін 
ұйымдастырудың  теориялық  және  практикалық  аспектілерін  Б.Р.Қасқатаева 



 
 
 
[21] 
(болашақ  математика  мұғалімдерінің  әдістемелік  құзырлығын 
қалыптастыру),  Б.К.Кенжебеков  [23]  (жоғары  оқу  жүйесінде  болашақ 
мамандардың  кәсіби  құзыреттілігі),  С.И.Ферхо  [27]  (мұғалімнің  оқу 
процесінде  электрондық  оқулықтарды  қолдана  білу  құзырлылығы), 
К.Г.Кожабаев  [25]  (болашақ  мұғалімді  дайындауда  мектеп  курсы 
математикасының тәрбиелік-дамытушылық мүмкіндіктерін пайдалану) және 
т.б. мұғалімнің кәсіби сапалы қасиеттерін зерттеген. 
Т.С.Садықов,  А.Е.Әбілқасымова  «Қазіргі  дидактика»  [28]  еңбегінде 
оқушының  оқу  процесіндегі  іс-әрекеті  оқу-танымдық  сипатта  болады  деп 
есептей  отырып,  ал  оқытудың  тиімділігін,  жалпы  алғанда,  мұғалімнің  оқу 
процесін  оқушының  оқу-танымдық  іс-әрекеттерінің  негізгі  заңдылықтарына 
сәйкес ұйымдастыру шеберлігімен байланыстырған. 
Оқушылардың  оқу  іс-әрекетінің  дамуын  ұйымдастырудың  маңызды 
шарты  белгілі  психологтар  Д.Н.Богоявленскийдің  [29],  Л.С.Выготскийдің 
[30],  Н.И.Чуприкованың  [31],  С.Л.Рубинштейннің  [32],  Д.Б.Эльконинның 
[33]  және  т.б.  еңбектерінде  көрсетіліп,  онда  оқушылардың  ақыл-ой 
дамуының психологиялық заңдылықтарын білу қажетті деп табылады.  
Қазақстандық  ғалымдар  өз  еңбектерінде  Б.Б.Баймуханов  [34]  мектеп 
практикасына  оқытудың  жаңа  тиімді  әдістері  мен  құралдарын  енгізу, 
Л.Т.Искакова  [35] орта  мектепте  математиканы оқыту  нәтижелерін бақылау 
және  есепке  алу,  К.Г.Кожабаев  [25]  математика  сабағында  тәрбиелей  келе 
дамыта оқытудың теориялық моделін жасау, С.М.Сеитова [36, 37] есептерді 
шешу 
арқылы 
оқушылардың 
логикалық 
ойлауын 
қалыптастыру, 
Е.Ж.Смагулов  [38]  орта  мектеп  оқушыларының  математикалық  ойлауын 
дамыту  әдістемесі,  А.Е.Абылқасымова  [39]  оқушылардың  білімін  бағалау 
және бақылаудағы есептің ролі мәселелерімен айналысқан. 
Педагогикалық  тест  тапсырмаларының  сапа  көрсеткіштері  білім  беру 
саласындағы  жетекші  тестологтар:  B.C.Аванесов  [40],  А.Н.Майоров  [41], 
Ю.М.Нейман  [42],  А.И.Самыловский  [43],  М.Б.Челышковалардың  [44]  
жұмыстарында қаралды.  
Е.В.Солонин  [45]  тестілеу  оқушылардың  математика  бойынша  білім 
сапасының  жүйесін  қалыптастыру  процесін  басқару  құралы  ретінде, 
Т.Ю.Новичкова  [46]  жалпы  білім  беретін  оқушылардың  математиканы 
оқытуда тестілерді пайдалану теориясы мен әдістемесін зерттеген. 
Г.Т.Абдолдинованың 
диссертациялық 
жұмысы 
[47] 
тестік 
тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың математикадан білім сапасын 
бағалаудың әдістемелік ерекшеліктеріне арналған. 
Е.Ж.Смагулов [48] тест тапсырмаларын құрастыру негізін қарастырған. 
Алайда,  оқыту  процесінде  тест  арқылы  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін 
ұйымдастырудың маңызды компоненттері әлі күнге дейін оқшауланған түрде 
зерттелген,  бірақ  маңызыды  дидактикалық  санаттарда  көрініс  таппаған, 
оқушылардың 
ойлауын 
қалыптастыру 
жүйесі 
мен 
әдістемесі 
трансформацияланбаған.  Оқушылардың  ойлауын  қалыптастыру  мен 



 
 
 
дамытудағы  міндеттердің  рөлі  туралы,  оқытудың  әртүрлі  кезеңдерінде  тест 
тапсырмаларын  қолдану  арқылы  ойлаудың  тереңдігі,  кеңдігі,  ұтымдылығы, 
бірегейлігі  және  т.б.  сияқты  қасиеттерінің  қалыптасуына  тиімді  ықпал  ету 
мүмкіндігі туралы мәселе жеткілікті зерттелмеген күйінде қалып отыр. 
Олай  болса,  математиканы  оқыту  кезінде  тест  арқылы  оқушылардың 
оқу  іс-әрекетін  ұйымдастырудың  әдістемелік  негіздерінің  зерттелмеуі, 
математиканы дамытып оқытудың бірыңғай теориясын құруды  тежейді, бұл 
біздің  еліміздің  мектептерінің  практикалық  жұмыстарына  да,  оқушылардың 
білімі, білігі мен дағдыларының сапасына да айтарлықтай әсер етеді. 
Еліміз  өркениетті  мемлекеттердің  қатарында  болу  үшін  біз  білімді 
ұрпақ дайындауымыз қажет. Осыған орай, қазіргі таңда білім беру жүйесінің 
негізгі  міндеттерінің  бірі  –  оқытуда  инновациялық  педагогикалық 
технологияларды  тиімді  түрде  қолдану  болып  отыр.  Осындай  жаңа 
технологиялардың  бірі  оқыту  мен  білімді  бағалауда  қолданылатын  тестік 
тапсырмалар  болып  табылады.  Өйткені  тестік  жүйе  оқушылардың  білімін 
шынайы бағалауға, олардың дайындық деңгейлерінің талаптарға сәйкестігін 
тексеруге  және  қиындық  тудырған  тақырыптарын  анықтауға  мүмкіндік 
береді [49]. 
Математиканы 
оқыту 
кезіндегі 
тест 
тапсырмалары 
арқылы 
оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  процесі  орта  мектептің  және 
колледждің  әрбір  түлегі  қазіргі  заманғы  өндірістік  және  әлеуметтік 
процестерге оңтайлы бейімделуі үшін неғұрлым мақсатты, әдіснамалық және 
әдістемелік тұрғыдан негізделген болуын қажет етеді. 
Осыған  орай,  заманауи  қоғамға  сай  шығармашылықпен  ойлайтын 
білімді,  білікті,  саналы  ұрпақты  даярлау  қажеттілігі  мен  математиканы 
оқытуда  тест  арқылы  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастырудың 
әдістемелік негіздерінің жете зерттелмеушілігі арасында қарама-қайшылық 
туындап  отыр.  Анықталған  қарама-қайшылық  математиканы  оқыту 
процесінде  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  тест  арқылы  ұйымдастырудың 
әдістемесін негіздеу біздің зерттеуіміздің проблемасын туындатты. 
Біздің еліміздегі мектептердің жаңартылған білім мазмұнына сай жаңа 
даму  сатысына  көшу  жағдайында  математиканы  оқыту  процесін 
оқушылардың іс-әрекетін тест арқылы ұйымдастыру әдістемесінің теориялық 
және  педагогикалық  маңыздылығы  зерттеу  тақырыбын  «Математиканы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет