Хаймулданов ерлан сеилханович



Pdf көрінісі
бет34/70
Дата17.05.2022
өлшемі3,24 Mb.
#34749
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
Тест тапсырмалары қолданылуға тең мүмкіндіктерге ие, бірақ келесі 
талаптарға жауап беруі тиіс: 
•  Тест  тапсырмасы  нақты  тілмен  тұжырымдалған  және  тест 
тапсырысының  талаптарына  тестіленушінің  қорытындысының  бір  мәнді 
еместігін  болдырмайтын  қысқаша  пікір  ретінде  ұсынылуы  тиіс.  Мысалы, 
«Қазақстанның  Республикасының  астанасы...»  және  жауап  нұсқалары: 
Алматы, Түркістан, Нұр-Сұлтан және т. б. 
•  Тест  тапсырмалары  тұжырымдамасында  да,  жауаптарда  да  көмекші 
сөздер  болмауы  керек.  Тапсырма  мен  жауапта  бір  түбірлі  сөздердің  пайда 
болуына жол берілмейді. 
•  Тест  тапсырмасының  мазмұнында  қайталанулар,  қосарлы  теріске 
шығару  және  сленг  болмауы  тиіс.  Тест  тапсырмасында  балама  пікір 
нысандарына жол берілмейді. 
•  Тест  тапсырмасының  тұжырымы  баяндау  түрінде  көрсетілуі  тиіс 
(сұрақ  алынып  тасталады).  Тест  тапсырмаларында  сұрақ  –  сөздерді 
(«қандай», «неге», «қалай» және т.б.) қолданудан аулақ болу керек. 
•  Мүмкіндігінше,  тест  тапсырмалары  мәтінінде  күрделі  бағынысты 
құрылымдар болмауы тиіс. 
•  Тест тапсырмалары тұжырымдамасында бұйрық рай түріндегі сөздер 
болмауы тиіс («көрсетіңіз», «есептеңіз», «таңдаңыз» және т. б.) 
•  Тест тапсырмаларында әртүрлі мөлшерде қиын болуы тиіс. 
•  Тест тапсырмалары тұжырымы ең аз болуы тиіс (он бес сөзге дейін 
ұсынылады). 
•  Мүмкіндігінше ерекше белгі, негізгі сөз тест тапсырмалары басында 
көрсетіледі.  Тест  тапсырмаларын  көмекші  сөзден,  жалғаулықтан, 
демеуліктен бастауға болмайды. 
•  Тест тапсырмаларын шешудің орташа уақыты 2-3 минуттан аспайды. 
•  Суреттерді,  формулаларды  және  басқа  да  түсіндіретін  объектілерді 
пайдаланған жөн. 
•  Жауаптардың  барлық  нұсқалары  ұзындығы  бойынша  сәйкес,  бір 
жолдан аспауы тиіс.  
•  Жауап  нұсқаларында  қайталанатын  фразалардың  болуына  тыйым 


30 
 
 
 
салынады. Тапсырмада «ұзын» сұрақ және «қысқа» жауаптар болғаны дұрыс. 
•  Тест тапсырмаларының жауабы бір мәнді болуы тиіс. Төмендегідей 
жауаптарға  жол  берілмейді:  «аталғандардың  барлығы  дұрыс»,  «барлық 
көрсетілген жауаптар – қате» және т. б. 
•  Тест тапсырмаларындағы жауаптар саны 3-тен артық, бірақ 7-ден аз 
болуы тиіс. 
•  Жабық  түрдегі  тапсырмаларда  көрінеу  жалған  жауаптар,  көмекші 
сөздері бар жауаптар, сондай-ақ анық ерекшеленетін, оқшауланған жауаптар 
болмауы тиіс. 
•  Барлық  дұрыс  немесе  барлық  дұрыс  емес  жауаптарды  қолдануға 
тыйым салынады. 
•  Әрбір  тест  тапсырмаларында  дұрыс  деп  белгіленген  ең  болмағанда 
бір жауап болуы керек. 
Тестіленуші  тексеру  басталғанға  дейін  тест  тапсырмаларының  саны 
және уақыттық шектеулер туралы хабардар етілуі тиіс. Бейімделген тестілеу 
кезінде  тест  тапсырмаларының  саны  алдын  ала  айтылмайды.  Тест 
тапсырушыда  ресми  тестілеу  басталар  алдында  тестілеу  бағдарламасының 
интерфейсімен және қорытындыны енгізу тәсілдерімен танысу үшін кемінде 
бір  рет  таныстыру  тестін  орындау  мүмкіндігі  болуы  тиіс.  Таныстыру  тесті 
осы  тестіде  кездесетін  қорытындыларды  енгізудің  әр  түрлі  нысандары  мен 
тәсілдерінің  әрқайсысында  екі  тапсырмадан  аспайтын  шағын  болуы  тиіс. 
Таныстыру тестінің мазмұны дерексіз, қарапайым және оқу дәрежесі әртүрлі 
тестіленушілерге түсінікті болуы тиіс [81]. 
Тестілеу  кезінде  монитордың  экранында  тек  бір  тест  тапсырмасы 
болуы  керек.  Барлық  тест  тапсырмаларының  элементтері  монитордың 
экранында  көрсетілуі  қажет.  Топ  элементтерін  көрсету  үшін  ашылатын 
тізімдер пайдаланылмауы тиіс. 
Қорытындыны  енгізу  тәсілі  қарапайым  және  ыңғайлы  болуы  керек. 
Тестіленуші  енгізген  қорытынды  монитордың  экранында  бейнеленуі  және 
тестіленушіге түсінікті болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет