Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция



Pdf көрінісі
бет9/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
ЖАМБЫЛТАНУ АРНАЛАРЫ 
Алдабек Н.Ә. 
ф.ғ.к., доцент,
 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
 
Абайтану ғылыми- зерттеу
 
орталығының жетекші ғылыми қызметкері, 
Алматы, Қазақстан 
Биылғы жыл – ұлы дала жыршысы, дауылпаз ақын Жамбыл Жабаевтың жылы. 
Ақынның жүз жетпіс бес жылдық мерейтойы еліміздің барлық аймақтарында, түрлі 
мекемелерде, білім ордаларында жоғары деңгейде аталынып өткізіліп жатыр. Халықаралық, 
республикалық деңгейдегі конференциялар, кездесулер, айтыстар өткізілді. Ақынның 
өлеңдері, дастандары, жыр-толғауларының көп томдықтары шығарылды.
Халықтың ақындық өнерінің даму тарихында өзіндік орны бар Ж.Жабаевтың 
шығармашылық ғұмырнамасы хақында бүгінге дейін аз айтылған жоқ. Соған қарамастан екі 
дәуірдің куәгері болған ақын шығармашылығы әлі де болса ғылыми тұрғыдан жан-жақты 
зерттеуді қажет етеді. 
Жамбылдың әр үлгідегі, жанрдағы туындыларын сөз еткенде , әрине алдымен оның 
шығармашылық әлемінің жаңашылдығына, уақыт үніне қосқан үлесіне баса назар 
аударамыз.Әсіресе Жамбылдың қазан төңкерісіне дейінгі өмірі мен ақындық жолы 
зерделеніп бір жүйеге түсе қойған жоқ. Ақынның өскен ортасы, ұстаздары, шәкірттері, 
алғаш шығарған өлең шумақтары, ақындық позициясы, өнер жолындағы шеберлігінің қыр-
сырын жан-жақты тану үшін Жамбыл жайындағы зерттеу еңбектерді, естелік мақалаларды 
әлі де зерттеп, зерделеу түсу қажет деп санаймыз. 
Жамбыл Жабаев шығармаларының әлемдік поэзиямен үндестігі, ғалымдардың 
зерттеулеріндегі ақын мұрасының бүгіні мен келешегі, Жамбылтану мен филология пәндерін 
оқытудың инновациялық әдістемесіне қатысты айтылған тұщымды ойлар Жамбылтану
саласының аясын кеңейте түседі деп санаймыз. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен 
ашылған «Жамбыл институты» туралы айта кеткіміз келеді. Бұл ғылыми-зерттеу институты 
емес. «Жамбыл институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы 
Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Ж.Дәдебаевтың басшылығымен 
және тікелей қатысуымен ашылған ғылыми-ақпараттық ресурстар базасы. Ашылған, 
тіркелген жері – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. 
Аталған ғылыми-ақпараттық ресурстар базасы өз жұмысын университет жанындағы 
Абай ғылыми-зерттеу институтының құрамында атқарады. Оның жұмысының тиісті 
талаптар деңгейінде жүруін Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор 
Ж.Дәдебаевтың өзі қамтамасыз етеді. 
Қазіргі кезде институтымыздың директоры Ж.Дәдебаевтың бастамасымен және 
институт қызметкерлерінің ғылыми ізденістерінің арқасында Жамбылтанудың төрт томдығы 
жарық көрді. Алты томы баспаға ұсынылуға дайын. Алдағы уақытта біздің институт
Жамбылтанудың жиырма бес томдығын шығаруды жоспарлап отыр. 


24 
Жамбылтану томдығын шығаруда белгілі бір хронологиялық жүйеге, реттілікке 
негізделу ақын өмірі мен шығармашылық қырларын, азаматтық және ақын ретіндегі 
ұстанымын жаңа көзқарас тұрғысынан тануға мүмкіндік береді. 
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық әлемі және ақын мұраларының зерттелінуі 
жайында аз уақыт ішіне сыйғызып айтып шығу мүмкін еместігі белгілі. 
«Жамбыл жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және 
жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі», — деп толғанған екен кезінде Сәбит 
Мұқанов. 
Еліміз Тәуелсіздік алған тұстан бері Жамбыл туралы жаңа көзқарас қалыптастыру, 
оны «социализм мен Сталиннің жыршысы» деген ұғымнан арашалап алу шаралары қолға 
алынды. 
Жамбыл сондай-ақ шетел, кеңес ақындарының ішінде ең көп жарияланған 
ақындардың қатарында болды. Жамбыл мұрасының арнайы академиялық институтта 
зерттелуіне үлкен үлес қосқан ғалым – академик Тренчени-Вальдапфель Имре. Ғалым ақын 
шығармаларын зерттеп, гректің антикалық ақындарымен, Гесиод заманындағы ақындармен 
шендестіріп, ортақ сипаттарын айтады.Тіптен академик Тренчени-Вальдапфель Имре 
Жамбыл шығармаларын зерттеу үшін қазақ тілін үйреніп, арнайы Алматыға келіп, ақын-
жазушылармен, әдеби ортамен етене жақын болғандығы, оқтын-оқтын насихаттап, көптеген 
шаралар өткізіп тұрғандығы жайында деректерді атап айтқымыз келеді. 
Жамбылтану саласындағы тағы бір үлкен белес-ақын шығармаларының өзге тілдерге 
аударылуы. Мәңгілік тақырыптарды қозғаған ақын, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың 
өлеңдері , жыр-дастандары Азия мен Еуропа және басқа да континенттер ұлттарының елу 
шақты тілдеріне аударылған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізілген Жамбыл 
апталығында белгілі аудармашы М.Отарбаевтың түрік тілінде тәржімаланған Жамбылдың 
«Көроғлы» дастаны (Жамбыл нұсқасы), ақынның бірнеше өлеңдері және Жамбыл жайында
отандық және түрік ғалымдарының мақалалары енген «Көроғлы» дастаны атауымен 
жарыққа шыққан еңбегінің тұсаукесер рәсімі болды. 
Ендігі кезекте Жамбыл мұрасын жастар арасында насихаттау мақсатында ақынның 
толғауларын, айтыс, дастандарын мектептер мен жоғары оқу орындарының оқулықтарына 
енгізу, Жамбылдың ақындық мектеп дәстүріне арналған жинақтар, зерттеулерін жарыққа 
шығару мен таңдамалы шығармаларын әлем тілдеріне аудару - күн тәртібінде тұруы қажет 
деп санаймыз. 
Сөзіміздің соңын бүгінгі күнге дейін өткізіліп жатқан іс-шаралардың қай-қайсысының 
болмасын, басты миссиясы- Жамбыл шығармашылығын әлем әдебиеті контекстінде 
қарастыру мен қазіргі әдебиеттанудың жетістіктері тұрғысынан зерделеу болып табылады
деп түйіндейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет